Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет10/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   132
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Адам тумасынан өзіне қажетті құқықтар мен бостандықтарға ие. Ал ол өз мемлекетінің 
азаматтығын алғаннан кейін азаматтық құқықтарға ие болып, тиісті міндеттерді қоса 
атқаруға тиіс. Конституцияда адамды қастерлеу, құрметтеу, адамгершілік сезімдеріне 
үлкен маңыз берілген. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығы заң жүзінде қорғалған. 
Заң бойынша адамның жеке басының қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
Конституцияның 19-бабында “Әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге 
жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы” деп жазылған. 
Адамдардың ар-ождан бостандығына заң жүзінде толық кепілдік берілген.
Республика азаматтарының заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке 
меншігінде ұстауында, оны мұраға қалдыруына конституциялық кепілдік жасалған.
Конституцияның 39–бабында адамдардың құқықтары мен бостандықтарына қоғамдық 
тәртіпті, адамның құқығы мен бостандығын, халықтың денсаулығын қорғау мақсатында 
ғана шектеу қойылуы мүмкін екендігі көрсетілген.
39 баптың 3 пунктінде азаматтардың құқықтарын, яғни азаматтық құқығы, өмір сүру 
құқығы, жеке өміріне, өзінің және жанұясының құпиясына қол сұғылмауына, мемлекет 
органдары мен лауазым иелерінің кінәсінен шеккен зиянды қайтарып алуына т.б 
құқықтарын тіпті ең төтенше жағдайлардың өзінде де шектеуге рұқсат бермейтіні 
айтылған.
Конституцияда жеке, азаматтық және саяси құқықтарға, осы құқықтардың кепілдігіне 
айтарлықтай көңіл бөлінеді.
Жеке меншік құқығы заңмен қорғалады. Жерді меншіктеу құқығы бекітіледі (21,25 
бап), сонымен қоса өзінің мүмкіндіктерін және мүліктерін кәсіпкерлік қызметте және 
заңмен тыйым салынбаған экономикалық қызметте еркін пайдалануына құқықтары бар. 
Бұл нарықтық экономиканың тұрақты дамуы, экономикалық реформаның алға жылжуы 
үшін сенімді конституциялық негіз жасауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 13 бабында әр адамның өзінің 
бостандығы мен құқығын сот арқылы қорғай алатыны көрсетілген. Әр адамның заң 
мамандарынан көмек алуға, үкімді Жоғары сотқа қайта қаратуға, жазаны жеңілдетуді 
сұрауға құқығы бар. 
Азаматтардың медициналық көмек алуына, мемлекеттік оқу орындарында тегін орта 
білім алуына кепілдік беріледі. Ал орта білім алу Конституция бойынша міндетті деп 
табылған.
Республика азаматтарының құқығы мен міндеттерін сөз еткенде, екі мәселені ерекше 
атап өтуге болады. Бірі – заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де 
міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, екіншісі – Отан 
қорғау әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті.
3. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негіздері. 
Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк 
мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi
құқықтары мен бостандықтары. Қазақстан Республикасы - президенттiк басқару 
нысанындағы бiртұтас мемлекет. Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын 
қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн 
қамтамасыз етедi. 
Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы, оның елордасының мәртебесi заңмен 
белгiленедi. Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып табылады. 
Республикада мемлекеттiк билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң 
шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк 
жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау принципiне сәйкес жүзеге асырылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет