Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет13/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   132
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
4) жүйелi түрде Премьер-Министрдiң Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары туралы 
және оның барлық маңызды шешiмдерi туралы баяндамасын тыңдайды, оның барысында 
Премьер-Министр Үкiмет жұмысы туралы есеп бередi;
5) Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша Республиканың мемлекеттiк бюджетi 
есебiнен ұсталатын барлық органдар үшiн қаржыландыру мен қызметкерлердiң еңбегiне 
ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекiтедi;
6) аса маңызды мәселелер бойынша Үкiмет отырыстарына төрағалық етедi;
7) Үкiметке Парламент Мәжiлiсiне заң жобасын енгiзудi тапсырады;
8) Республика Үкiметi мен Премьер-Министрi актiлерiнiң күшiн жояды не толық 
немесе iшiнара тоқтата тұрады;
9) егер Үкiмет пен оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi 
жүзеге асыруы мүмкiн емес деп санаса немесе егер Парламент Мәжiлiсi не Парламент 
Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрсе, олар мәлiмдеген орнынан түсуi туралы, сондай-ақ Үкiмет 
жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшесi 
мәлiмдеген орнынан түсуi туралы шешiмдi қабылдайды;
10) Үкiмет немесе оның кез келген мүшесi мәлiмдеген орнынан түсудi он күн мерзiм 
iшiнде қабылдайды немесе қабылдамай тастайды;
11) Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуiн қабылдамай тастаған ретте 
оларға өз мiндетiн одан әрi жүзеге асыруды тапсырады;
12) өз бастамасы бойынша Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату, Премьер-Министр мен 
Үкiметтiң кез келген мүшесiн қызметтен босату туралы шешiм қабылдауға хақылы;
13) өз актiлерiмен Үкiметке Республика Конституциясы мен заңдарында 
белгiленгеннен басқа атқару мiндеттерiн жүзеге асыруды жүктеуге хақылы;
14) Республика Үкiметiне заң шығару тапсырмаларын бередi. Республика Президентi 
Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар жарлықтар мен өкiмдер 
шығарады.
Республика Конституциясының 53-бабының 4) тармақшасында көзделген ретте 
Президент заңдар шығарады, ал Конституцияның 61-бабының 2 тармағында көзделген 
ретте заң күшi бар жарлықтарын шығарады. Парламент пен оның Палаталарының 
құзыретiне енбейтiн өзге жағдайларда Республика Президентi заңға тәуелдi актiлер - 
жарлықтар және өкiмдер шығарады.
Республика Президентiнiң жарлықтары Республика Конституциясы мен заңдарының 
негiзiнде және соларды орындау үшiн шығарылады. 
Республика Президентiнiң жарлықтарымен:
1) Президенттiң Республика Президентiнiң актiлерiн шығаруды талап ететiн 
конституциялық өкiлеттiгi жүзеге асырылады;
2) мемлекеттiк билiктiң барлық тармақтарының келiсiмдi жұмыс iстеуiн және өкiмет 
органдарының Қазақстан халқы алдында Конституциямен және заңдармен белгiленген 
жауаптылығын қамтамасыз ету мәселелерi шешiледi;
3) Парламенттiң заңдық құзыретiне кiрмейтiн, сондай-ақ Үкiмет пен басқа да 
мемлекеттiк органдардың заңмен белгiленген құзыретiне жатпайтын мәселелердi 
құқықтық реттеу жүзеге асырылады;
4) Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтiк-саяси дамуының 
стратегиялық мәселелерi бойынша шешiмдер қабылданады.
Республика Президентi шығаратын жарлықтардың ғана нормативтiк құқықтық акт 
күшi болады. 
Сұрақтар:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет