Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет104/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   132
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері үшін мемлекеттік қызметшілердің 
біліктілігін арттыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы 
халықаралық тәжірибе» атты курс ұйымдастырып, Малайзия еліне іссапарға жіберді. 
Қытай елінің тәжірибесін әмірші, өктем режимдегі мемлекет тұрғысынан қарасақ, 
біраз бізді қызықтыратын мәліметтер аларымыз сөзсіз. Бұл елде жемқорларға қарсы өте 
қатал шаралар қолданылады. 1989 жылдың өзінде ғана сыбайлас жемқорлыққа қатысты 
құқықбұзушылық жасағаны үшін 30 адам өлім жазасына кесіліп, 30 мың адам әр түрлі 
мерзімге бас бостандығынан айырылған. 2013 жылы Қытай елі сыбайлас жемқорлықты 
қабылдау индексі бойынша 3,6 баллмен 180 елдің ішінде 72 орынға иеленді. 
АҚШ елі 2013 жылы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша 7,3 
баллмен 18 орынға иеленіп, «жиырма көшбасшы» елдің қатарына енді. АҚШсыбайлас 
жемқорлыққа қатысты заңнамалық бастамаларды тек өз елінің шегінде ғана қабылдап 
қоймайды, сонымен қатар халықаралық тәжірибеге де сүйенетіні ойланарлықтай. АҚШ 
шетелдік шенеуніктерге пара беруге тыйым салатын «Сыбайлас жемқорлықтың шетелдік 
тәжірибесі туралы» атты Заңды (1977ж.) тұңғыш қабылдаған ел болып табылады. 
Егер біз еуропалық мемлекеттердің тәжірибесіне көңіл бөлмесек, аталған мәселені 
жан-жақты толық зерттей алмасымыз сөзсіз. Осыған байланысты 2013 жылы сыбайлас 
жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Сингапурден кейінгі 9,0 баллмен 5-ші орынды 
иеленген Финляндия елінің тәжірибесіне тоқтала кетейік. Финляндия елінің сыбайлас 
жемқорлықпен күресіндегі жетістіктері әлемдік сыбайлас жемқорлық Барометрі (Global 
Corruption Barometer) және жемқорлардың әлемдік индексі (Global Briber Index) сияқты 
зерттеу түрлерімен дәлелденген. 
Әр түрлі себептерге байланысты Ресей елінің сыбайлас жемқорлықпен күресі біздің 
қызығушылығымызды тудырады. Біріншіден, сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа 
тарихында Қазақстан да Ресей де тең бірдей сатыда. Екіншіден, Transparency International 
жариялаған 2013 жылы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша екі ел 
«көршілес» орналасқан: Қазақстан 2,2 баллмен 145-ші орында, ал Ресей 2,1 баллмен 147-
ші орында. Үшіншіден, көп жылғы бірегей мемлекеттілік тәжірибесі, ССРО болып бір ел 
«өмірін» бастан кешкеніміз – азаматтарымыз бен шенеуніктерімізде қалыптасқан 
бірыңғай салттар, тәрбие, идеология. Сонымен бірге олардың сыбайлас жемқорлыққа 
деген көзқарастары мен жемқорлық әрекеттеріндегі ұқсастықтарды да ескергеніміз жөн. 
Екі ел де аумағы жағынан үлкен, халықтың орналасуы сирек. Екі ел де табиғи ресурстарға 
бай, әрі білімді халқымен ерекшеленеді. Ресей қазіргі уақытта Қазақстанның саясат 
жағынан да, экономикалық, мәдени жағынан да стратегиялық серіктесі болып табылады. 
Эстония елі посткеңестік республикалар ішінде сыбайлас жемқорлықты қабылдау 
индексі бойынша 6,6 баллмен 27 орында, яғни жоғары рейтингке ие. Испания, Израиль, 
Португалия сияқты елдердің алдыңғы қатарына шықты. Бұл тәжірибенің ерекшелігі 
сыбайлас жемқорлықпен күресті компюьтерлендіру арқылы жүзеге асыру қарастырылған, 
бұл Қазақстан үшін де таңсық емес. Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан 
Республикасында «электрондық үкіметті» құру пилоттық бағдарламасын іске асырып 
жатқанын 
естеріңізге 
сала 
кетейік.
Сонымен, сыбайлас жемқорлықпен күрестің әлемдегі ең үздік халықаралық тәжірибесіне 
қысқаша шолуды ұсынамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет