Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет102/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   132
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
құбылыстарынан аулақ болуы үшін өздерінің құқықтарын нақты білуі, оларды қорғай 
алуы, жеке, кәсіби өмірі мен қоғамда сыбайлас жемқорлық әдістерін қолданудан бас 
тартатын тұрақты моральдық ұстанымын қалыптастыруда мақсатты жұмыс жүргізу 
көзделуде. 
Осыған байланысты, жұмыстың маңызды бағыты сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
білім беру және ағарту болып табылады. 
Бұл бағыт халық пен мемлекеттік қызметшілерге білім беру бағдарламаларын 
әзірлеу мен жүргізуді, жұртшылықты ақпараттандыру бойынша жұмысты, бұқаралық 
ақпарат құралдарымен қоса, үкіметтік емес ұйымдармен, бизнес қоғамдастығымен жұмыс 
жүргізуді қамтиды. 
Халық пен мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен 
ағарту жүргізуде әртүрлі нысаналы топтарды қамту, оның ішінде мектеп, колледждер мен 
жоғары оқу орындарында оқитындарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу бүгінгі 
күн тәртібінде тұрған басты мәселелердің бірі. 
Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен ағарту бойынша жұмыс 
адамдардың кең тобын қамтуды көздейді. Себебі қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
мәдениетін қалыптастыру қоғамның әр мүшесі дұрыс идеалдар мен құндылықтарды 
қолданып, сыбайлас жемқорлықты қоғамдық және әлеуметтік жамандық деп қабылдаған 
жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. 
Қорыта айтар болсақ, Ел Президентінің алға қойылған міндеттерін іске асыру, 
сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы барлық мүдделі күштердің 
бірлесіп жұмыс істеуі елімізді өркендетуге және азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға 
мүмкіндік береді. 
4.4 Шетелдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет 
Бүгінгі таңда жемқорлық мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да 
елдері үшін аса өзекті мәселе болып табылады. Сыбайлас жемқорлық ұлттық шектеулерді 
білмейді. Ол барлық жерлерде таралған. Бүгінде «жемқорлық» түсінігі әлемнің барлық 
баспаларында 
журналдар 
мен 
газеттердің 
беттерінде 
жиі 
айтылады.
Сондықтан Қазақстан Республикасы үшін сыбайлас жемқорлықпен күресте «үздік 
тәжірибелерді» қолдану үшін жемқорлықпен күрестің әлемдік тәжірибесін зерттеу және 
талдаудың маңызы зор. 
Қазіргі қоғамда елдердегі жемқорлық деңгейін анықтау үшін көптеген зерттеулер, 
мониторингтер жүргізіледі. Солардың ішіндегі маңыздылары Жемқорлықты қабылдау 
индексі, Пара төлеушілер индексі, қылмыс құрбандарына халықаралық шолу, 
Мемлекеттік айқындықты (тазалықты) бағалау индексі, Жаһандандыру индексі т.б. 
Көптеген зерттеулер ішінде әлемдегі сыбайлас жемқорлық туралы жалпы ең толық 
әрі дұрыс мағлұмат беретін және жемқорлық факторларын анықтайтын Трансперенси 
Интернэшнл 
халықаралық 
зерттеу 
ұйымы 
болып 
табылады.
Трансперенси Интернэшнл (Transparency International) сөзінің аудармасы Халықаралық 
айқындық деген мағынаны білдіреді, (Прозрачность) – бұл халықаралық деңгейде және 
жеке елдердегі сыбайлас жемқорлықпен күресті зерттейтін тәуелсіз коммерциялық емес 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет