Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет126/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   132
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
2) ол тиісті актімен жүргізіледі, бұл туралы қызметшіге тиісті мемлекеттік органның 
персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жариялайды. 
26. Жазаны мерзімінен бұрын алып тастау үшін жаза қолданылған қызметшінің 
тікелей басшысы инстанция бойынша тиісті өтініш жолдайды. 
26-1. Тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлық құқық 
бұзушылығын жасағаны үшiн жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастау, егер ол Сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссияның ұсынымымен қолданылған 
болса, 
тек 
оның 
келiсiмiмен 
ғана 
жүргiзiледi.
Ескерту. 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2002.06.21 

895
Жарлығымен. 
8. Мемлекеттік саяси қызметшілер тәртіптік жауапкершілікке тартылған кездегі 
олардың құқық кепілдіктері 
27. Мемлекеттік саяси қызметші өзін тәртіптік жауапкершілікке тартуға 
байланысты құжаттармен танысуға, 
заңдарда
 белгіленген тәртіппен өзіне қолданылған 
жаза туралы жоғары мемлекеттік органға, жоғары тұрған лауазымды адамға не сотқа 
шағым жасауға хақылы. 
28. Осы кепілдіктер Қазақстан Республикасының Президенті қызметке 
тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік 
жауапкершілікке тарту туралы оның шешімдеріне қолданылмайды. 
7.2 Сыбайлас жемқорлықты әрекет үшін әкімшілік жауаптылыққа тартушылық
Әкімшілік құқық бұзушылық (теріс қылық) - заң бойынша бекітілген қоғамдық 
тәртіпке, мемлекет органдарының атқару және орналастыру қызметі саласындағы қарым-
қатынасқа қастандық жасайтын, қызметтік міндеттерді жүзеге асырумен байланысты емес 
құқық бұзушылық. Әкімшілік теріс қылықтар, мысалы, өртке қарсы қауіпсіздік 
ережелерін, мемлекеттік немесе жекеше кәсіпорындарда санитарлық гигиенаны бұзу 
болып табылады. Әкімшілік делиттер, қоғамдық зияндылық немесе қауіп белгілеріне ие 
бола отырып, зияндылығының аз дәрежелілігімен қылмыстан айтарлықтай айырмасы 
болады. Әкімшілік құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік заңмен қарастырылады. 
Бұл ең алдымен, айыппұл, арнайы құқығынан айыру (мысалы, көлік құралдарын басқару 
құқығы), түзету жұмыстары (екі айға дейін), әкімшілік тұтқындау (30 тәулікке дейін) және 
т.б. Жаза құқық бұзушылық жасаған күннен бастап екі айдан кеш қалдырмай қолданылуы 
керек. Әкімшілік жаза түрлері әкімшілік құқық бұзушылық істерін олар жөнінде істер 
бойынша өндіріс қарастыратын өкілетті органдар, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдану 
туралы қаулыларды орындау тәртібі әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекспен 
анықталған.
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік 
жауаптылық мынадай әкімшілік құқық бұзушылық түрлерін қамтитын Қазақстан 
Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен (бұдан әрі - ӘҚБтК) 
көзделген: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет