Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет130/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   132
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
қорғалатын мүдделеріне зиян келтіретін іс-әрекеттер. Қылмыстық әділ соттың мақсаты 
қоғамды тұтастай қорғау болып табылады. Сондықтан, қылмыстық сотқа жататын кез 
келген іс-әрекет қоғамдық қауіпті деп саналады. Қылмыстың теріс қылықтардан 
айырмасы - қоғамдық қаупінің жоғарғы дәрежесі және жеке тұлғаға, мемлекетке, қоғамға 
анағұрлым ауыр зиян келтіреді. Қылмыстар мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың 
негіздеріне, азаматтардың жеке меншігіне, жеке басына және құқығына, қарулы күштер 
қауіпсіздігіне қастандық жасайды, әрі қылмыстық жаза шараларын қолдануға алып келеді. 
Қылмыстық жаза қылмыс жасағаны үшін ғана емес, қылмыстық қастандығы, соған 
дайындалғаны, бірге қатысқаны, ал кейбір құрамдар бойынша – қылмысты жасырғаны 
және ол туралы хабарламағаны үшін де қолданылады. Тек сот қана, бекітілген іс жүргізу 
тәртібімен, қылмыс жасағаны бойынша айыпты деп санап, жаза белгілей алады. Заң 
жүзіндегі жауапкершілік заңдылық принципіне, сондай-ақ гуманизмге, әділдік пен 
демократизмге негізделген. Бұл нақты түрде келесі: заң жүзіндегі жауапкершілік құқық 
бұзушылық құрамы болған жағдайда ғана мүмкін болуымен көрінеді. Құқық нормасы 
бұзылған жағдайда заң жүзіндегі жауапкершілік міндетті түрде тууы керек. Заң жүзіндегі 
жауапкершіліктің түрі мен шегін бұзылған құқық нормасында мемлекет айқын 
анықтайды. Заң жүзіндегі жауапкершілік әрқашан қатаң түрде жеке басқа жүктеледі. Заң 
жүзіндегі жауапкершілікті жүктеу кезінде ерекше іс жүзіндегі тәртіпті сақтау және 
қолдану қажет. Заң жүзіндегі жауапкершілік құқық бұзушыны жазалау үшін салынады. 
Қылмыстық ісі үшін сазайын тарту және айыбын өтеу идеясы заң жүзіндегі 
жауапкершілікті тек шектік әмбебап түрде жүктеу кезінде ғана болады: санкция көлемі 
(бас бостандығынан айыру немесе айыппұл, болмаса түзету жұмыстары, әйтпесе айып 
төлеу) қылмыстық істің ауырлығына байланысты. Заң жүзіндегі жауапкершіліктің 
мақсаты – құқық бұзушыны қайта тәрбиелеу (келешекте құқық бұзушылық жасаудың 
алдын алу). Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп немесе залалдың орнын 
толтырып, немесе сөгіс алғаннан кейін айыпкер азаматтастарының қатарында қалады да, 
одан әрі өмір сүріп, жұмыс істеуін жалғастырады. Қоғам өз қатарында, жазалаудан 
ызаланған емес, басқаға жамандық істесе, өзіңе де жаман болатынын, ең қымбат игілігін - 
бостандықты, жақсы атағын, ар-намысын жоғалтқаннан гөрі адал өмір сүріп, заңды 
жолмен келген игіліктерді пайдаланып өмір сүру артық екенін мойындаған адамның 
қатарларында болуына мүдделі. Заң жүзіндегі жауапкершілікті қолдану қоршаған 
адамдарға, олардың тарапынан құқыққа қайшы іс-әрекеттерді жасаудың алдын алу үшін 
насихаттаумен жүзеге асырылады. Кері жағдайда, олар сол бір жағымсыз нәтижеге 
ұрынуда немесе құқық бұзушы өтеген жеке басының игіліктерінен айрылудан басқа 
амалы болмайды. Заң жүзіндегі жауапкершіліктің негіздемесі –құқық бұзушылық болып 
табылады. Субъектінің тәртібі құқық бұзушылық белгілеріне жатпаса, онда бұл тұлға заң 
жүзіндегі жауапкершілікке жатпайды. Заң жүзіндегі жауапкершілік – бұл күрделі 
әлеуметтік процесс. Ол құқықтық нормалардың белгілеулерін бұзу нәтижесінде туады 
және құқық бұзушыға мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану түрінде көрінеді. Заң 
жүзіндегі жауапкершіліктің маңызды белгісі мынада: оны мемлекет анықтайды және оның 
құзыретті органдары қолданады. Заң жүзіндегі жауапкершіліктің басты мақсаттары құқық 
тәртіптерін қорғау және азаматтарды құқықты құрметтеу рухында тәрбиелеу деп санауға 
болады. Заңға және құқыққа құрметпен қарау әрбір адамның жеке наным-сенімі болып 
қалуы керек. Осы тәрбиелік процесте өз сөзін мектеп, еңбек ұжымдары, қоғамдық 
ұйымдар және т.б. айтуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет