Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет3/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
2) техникалық регламент - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы 
заңнамасына сәйкес әзiрленетiн және қолданылатын өнiмдерге және (немесе) олардың 
өмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын мiндеттi талаптарды белгiлейтiн нормативтiк 
құқықтық акт;
3) мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты - мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң, 
нысанының, мазмұны мен нәтижесiнiң сипаттамасын қамтитын мемлекеттiк қызмет 
көрсетуге қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
4) ереже - қандай да бiр мемлекеттiк органның немесе оның құрылымдық 
бөлiмшесiнiң мәртебесi мен өкiлеттiгiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
5) қағида - қандай да бiр қызмет түрiн ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн 
белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
6) нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бiр саласында 
қолданылуын егжей-тегжейлi көрсететiн нормативтiк құқықтық акт.
Қазақстан Республикасының заңдарында туынды түрдегi нормативтiк құқықтық 
актiлердiң өзге де нысандары көзделуi мүмкiн.
Туынды түрлердегi нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi түрлердегi нормативтiк 
құқықтық актiлер арқылы қабылданады немесе бекiтiледi және олармен бiр тұтастық 
құрайды. Туынды түрдегi нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер 
сатысында алатын орны негiзгi түрдегi актiнiң деңгейiмен анықталады.
Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей 
бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың аумақтық органдарының, сондай-
ақ жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын, әкiм уәкiлеттiк берген жергiлiктi 
атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға құқығы жоқ.
Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын жеке қолданылатын 
құқықтық актiлер нормативтiк құқықтық актiлер болып табылмайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күшi бар. Конституцияны 
қоспағанда, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң заң күшiнiң арақатынасы мынадай 
төмендей беретiн деңгейлерге сәйкес болады:
1) Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн Заңдар:
2) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан 
Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасының Кодекстерi;
4) Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары;
5) Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк 
қаулылары;
6) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк жарлықтары;
7) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
8) Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың 
өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттiк 
органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары және Қазақстан Республикасы Орталық 
сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары;
9) мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, әкiмдiктердiң нормативтiк 
құқықтық қаулылары, әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi.
Төменгi деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары деңгейдегi 
нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы 
Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары аталған сатыдан тыс тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет