Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет5/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Мемлекеттік аппарат – қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет 
органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және 
тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен 
органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, 
материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат 
азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады. 
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 2-бабында: 
«Мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында 
конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, 
мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби 
қызмет» делінген. 
Мемлекеттік аппаратың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар 
бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-
сезім құрайды. Осы жүйеде әрбір органның өзінің орны, бір-бірімен қарым-қатынастары,
қызметінің негізгі принциптері көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік 
органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс 
мемлекеттерде бүкіл аппаратты бір орталыққа бағындыратын – патшаның билігі орнаған 
Парламенттік республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады.
Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің 
барлық салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге 
бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды. 
Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық 
механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Мемлекеттік аппарат қызметінің 
келесі нысандарына бөлуге болады: 
1) 
тікелей басқарушылық – бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе 
алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері; 
2) 
құқықтық нысандар – бұл құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері, яғни, 
олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік міндетті 
салдарды туындатады. 
Мемлекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады: 
а) құқықшығармашылық қызмет – бұл нормативтік актілер жобаларын дайындауға, 
оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет; 
б) құқыққолданушы қызмет – бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен 
байланысты қызмет; 
в) құқыққорғаушы қызмет – бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және 
қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен т.б. байланысты 
қызмет. 
Мемлекеттік аппарат арнайы басқарумен шұғылданатын адамдардан тұрады (заң 
шығарумен, заңды орындаумен, оларды бұзудан қорғайды). 
Мемлекеттік аппарат органдардың және мекемелердің қиын жүйесі, өздерінің негізгі 
билік қызметтерін іске асыруға тығыз байланыста болады. 
Мемлекеттік аппарат бөліктерінің барлық қызметтері ұйымдастыру және қаржы 
құралдарымен қамтамасыз етіледі. 
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары – бұл 
мемлекеттік органдарды құру мен олардың қызмет етуінің негізгі бағыттарын анықтайтын 
бастамашылық ережелер. Оларға мыналар жатады: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет