Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет71/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   132
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және 
соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың 
өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда 
көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке 
және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі 
арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады». 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: «Сыбайлас 
жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси 
жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес». 
Жоғарыда келтірілген анықтамаларды талдай келе, мынадай қорытынды жасауға 
болады: 
- сыбайлас жемқорлық құбылысының өзіне тән белгілері бар; 
- сыбайлас жемқорлық – бұл, ең алдымен, әлеуметтік құбылыс
- халықаралық құжаттарда жемқорлықтың нақты анықтамасы жоқ; 
- әрбір мемлекет қазіргі құқықтық дәстүрлер негізінде өздерінің жемқорлыққа қарсы 
құралдар жиынтығын анықтайды
- жемқорлық ұғымы қазіргі қоғамдағы жемқорлықтың құқықтық анықтамасына 
негізделмеген. 
Сөйтіп, айтылғандарды қорыта келе, сыбайлас жемқорлық - бұл екі жақ арасындағы 
«мәміле» деп тұжырымдауға болады, оның бірі – өз лауазымдық өкілеттігін заңға қарсы 
пайдаланатын мемлекттік немесе жеке қызметте жұмыс істейтін тұлға, екіншісі – 
мемлекеттік немесе жеке құрылымды өз басының пайдасы, яғни материалдық жағдайын 
көтеру, артықшылық алу, заңда көзделген жауапкершіліктен таю тағы үшін пайдаланатын 
адам. Осындай құбылыс екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін: 
1. мемлекеттік қызметшінің өзі алдына келген адамды пара, сыйақы беруге мәжбүрлейді.
2. белгілі бір адам, бұл ұйымдасқан қылмыс өкілі болуы мүмкін, мемлекеттік қызметшіге 
көп жағдайда психологиялық қысым көрсетіп, оны «сатып алу» мақсатында пара, сыйақы 
алуға итермелейді. 
Сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен типологиясын қарастыру үшін, сыбайлас 
жемқорлық субъектілерінің қызметтік бабын өз басының пайдасына пайдалануына, пара 
беруші мен пара алаушының мәртебесіне, пара берушінің өзіне алған пайдасына, пара 
берудің мақсатына, сыбайлас жемқорлықтың таратылуы және жиілігіне қарай келесі 
жіктелімге назар аударалық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет