Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет69/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   132
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
қызметі үшін жасырын түрде қосымша төлем талап еткен. Біздіңше осы құбылысты 
сыбайлас жемқорлықтың алғашқы белгілері деп қарастыруға болады. 
Антик қоғамы (көне грек қала-мемлекеттер, республикалық Рим) тарихының ерте 
заманында кәсіби мемлекеттік шенеуніктер болмаған, сондықтан сыбайлас жемқорлық 
құбылысы да жоқтың қасы еді. Бұл құбылыс антик қоғамы құлдыраған дәуірде кең өріс 
ала бастады. Осы кезде рим құқығында «corrumpire» деген термин пайда болып, 
«бүлдіру», «біреуді сатып алу» деген мағынаны білдіріп, билікті асыра пайдаланушылық 
жағдайы болған кезде қолданылған. Мемлекет неғұрлым орталықтандырылған болса, 
соғұрлым азаматтардың мемлекеттік деңгейдегі істі өз бетінше шешуі шектеулі болады
осыған орай төмендегі және жоғарыдағы шенеуніктер қатаң қадағалаудан босағысы 
келген адамдардан жасырын түрде пара алып, сөйтіп заңды бұзушылыққа жол беріледі. 
Сыбайлас жемқорлықтың осындай «төзімді нормасы» әсіресе өндірістің азиялық тәсілінде 
байқалады. Сөйтіп, Артхашастраның авторы сараң шенеуніктердің мемлекеттік мүлікті 
талан-таражға салудың 40 тәсілін көрсеткен. 
Сыбайлас жемқорлықтың жаңа қарқынмен кең өріс алуы ХІХ ғасырдың соңы мен 
ХХ ғасырдың басына келеді. Бір жағынан, іс-шараларды мемлекеттік реттеу дәрежесі 
көтеріліп, осыған орай шенеуніктердің билігі күшейе түсті. Екінші жағынан, ірі 
кәсіпкерлік пайда болып, олар өз мақсатына жету үшін «мемлекетті сатып алуға» кірісті. 
Дамыған елдерде (Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропа елдерінде) саяси 
партиялардың маңызы өскен сайын партиялық сыбайлас жемқорлық кең етек ала бастады. 
ХХ ғасырдың екінші жартысында «үшінші әлем» елдері саяси дербес ел болып дамыған 
кезде, олардың мемлекеттік аппараты алғашқы кезден бастап сыбайлас жемқорлық 
жолына түскен еді. «Үшінші әлем» елдерінде «төменнен жоғары жаққа қарай» сыбайлас 
жемқорлық түрі кездеседі, бұндай жағдайда парақор басшы өз кінәсін мойындамай, 
қарамағындағы қызметкерлерді жазаға тартады. Сондай-ақ «жоғарыдан төменге қарай» 
сыбайлас жемқорлық түрі де болған, бұндай жағдайда жоғары қызметте тұрған 
шенеуніктер ашық түрде пара алып, алған парасымен қарамағындағы қызметкерлермен 
жартылай бөліскен (сыбайлас жемқорлықтың осындай жүйесі Оңтүстік Кореяда 
байқалады). «Үшінші әлем» елдерінде (Филлипинде, Парагвайда, Гаитиде, Африканың 
кейбір елдерінде) клептократиялық тәртіп орнаған, бұл елдерде сыбайлас жемқорлық 
барлық әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынасты қамтыған және пара бермесе ешбір іс 
орындалмайды. 1990 жылдары сыбайлас жемқорлық мәселесі аса өзекті мәселеге 
айналды. Осы кезде бұрынғы социалистік елдерде сыбайлас жемқорлық аса үлкен 
қарқынмен дамыды. 
1979 жылы БҰҰ-дың Бас Ассамблеясы және сыбайлас жемқорлық мәселелері 
жөніндегі аймақаралық семинар (Гавана 1990 ж.) мынадай анықтаманы ұсынды: 
«Сыбайлас жемқорлық – бұл жеке адамның немесе бір топ адамдардың қызмет жағдайын 
өз басының мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет 
бабын заңсыз пайда алуға бағыттауы». 
Сыбайлас жемқорлық құбылысын халықаралық заманауи тұрғысынан түсіну және 
оған қарсы күрес шараларын іске асыру жолдары қылмыстың алдын алу және құқық 
бұзушылармен жұмыс жүргізу жөніндегі БҰҰ-дың Сегізінші Конгресінің хатшылығы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет