Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
жүйесін, Салық қызметінің органдарын,
олардың уәкілеттілігін, Қазақстан
Республикасының салық жүйесін түсіндіру.
Жоспар:
1. Қаржы құқығының жүйесі, қайнар көздері.
2. Мемлекеттің қаржы жүйесі және қаржы органдары.
3. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.
4. Салық қызметінің органдары, олардың уәкілеттілігі.
Қазақстан Республикасының
салық жүйесі.
5. Салық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері. Салықтық бақылау
нысандары.
Кілтті сөздер: қаржылар, қаржылық бақылау, акциздер, салық мөлшері.
1. Қаржы құқығының жүйесі, қайнар көздері.
«Қаржы» категориясының үш мәнін бөліп көрсетүге болады:
Кең мағынасында «қаржы» ұғымы «ақша»
ұғымының синонимі ретінде
қолданылады. Мемлекеттің адам қаржысының тапшылығы туралы айтса, онда әркімге ол
адамның ақша қиыншылығын қөріп жатқана түсімікті. Кейбір экономистер де осы
ұғымды қолдайды. Осы пікірге сәйкес, қаржыны былайша жіктейді:
азаматтардың
қаржысы, заңды тұлғалардың қаржысы, мемлекеттік – аумақтық бірлестіктер қаржысы
және мемлекет қаржысы.
«Қаржы» ұғымынан туындайтын «қаржы құқығы» категориясының болуы, олардың
ақшамен ұксатығына күмән туғызады. Ақша қатынастарының қаржыға жатқызу мына екі
критерийді пайдалануға негізделеді:
а) ақша операцияларының субъектілері – мемлекет және заңды тұлғалар.
б) айқындалу аумағы – бөліну сатысы.
Занды тұлғалардың мемлекеттік
және мемлекеттік емес болуы, ал ақша қорының
сәйкес жеке және мемлекеттік болуы мумкіндігінен қаржыны жеке және мемлекеттік деп
бөлу пайда болды.
Арнаулы мағынадағы қаржы дегеніміз ақша қаржы қорларындағы қоғамдық өнімді
бөлу процесіндегі тек мемлекеттік ақша.
Жеке қаржы мынандай негізгі институттардан құралады:
1. ұйымдардың (коммерциялық және комерциялық емес)
қаржылары
2. сақтандыру ұйымдарының қаржылары
3. банктердің қаржылары
4. мемлекеттік емес арнаулы қорлардың қаржысы (мемлекеттік зейнетақы қоры)
Мемлекеттік қаржы мына институттардан тұрады:
бюджеттік жүйе
бюджеттен тыс мақсатты қорлар
мемлекеттік сақтандыру қаржылары
мемлекеттік банктердің қаржылары
мемлекеттік кәсіпорындар мекемелердің қаржылары.
Қаржы құқығының объектісі тек мемлекеттік қаржы
болып табылатындығын айта
кету қажет. Жеке қаржының құрамына кіретіндер қаржы құқығының пәні бола алмайды.
Қаржы құқығының пәні мемлекеттің қаржылық әрекеті процесінде пайда болатын
қатынастар болып табылады.
Қаржылық құқықпен реттелетін және реттелмейтін мемлекеттін қаржылық әрекеті
процесінде пайда болатын қатынастарды айыру үшін, құқықтық реттелу әдісі түрінде заң