Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет37/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   132
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Тиiстi шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан басқасында, 
шарт ережелерi тараптардың өз қалауы бойынша белгiленедi. 
Шарт бойынша тарап өз мiндеттемелерiн орындағаны үшiн ақы алуы немесе бiр-
бiрiне бiр нәрсе беруi керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады.
Бiр тарап екiншi тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бiр нәрсенi 
ұсынуды мiндетiне алған шарт ақысыз шарт болып табылады.
Тараптар арасында шарттың барлық елеулi ережелерi бойынша тиiстi жағдайларда 
талап етiлетiн нысанда келiсiмге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледi.
Шарттың мәнi туралы ережелер, заңдарда елеулi деп танылған немесе шарттардың 
осы түрi үшiн қажеттi ережелер, сондай-ақ бiр тараптың мәлiмдеуi бойынша келiсiмге қол 
жеткiзуге тиiстi барлық ережелер елеулi ережелер болып табылады.
Шарт жасасу туралы бiр немесе бiрнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс, егер ол 
жеткiлiктi дәрежеде айқын болып, ұсыныс жасаған жақтың ол қабылданған жағдайда 
(акцепт) өзiн сонымен байланысты деп есептеу жөнiндегi ниетiн көрсетсе, оферта деп 
танылады. Егер ұсыныста шарттың елеулi ережелерi немесе оларды анықтау тәртiбi 
көрсетiлсе, ол жеткiлiктi дәрежеде айқын деп табылады.
Оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы акцепт деп танылады.
Акцепт толық әрi бұлтарыссыз болуға тиiс.
Тараптардың бiрi, атап айтқанда:
1) шартқа негiзделген мiндеттеменi орындау мүмкiн болмаған
2) белгiленген тәртiппен екiншi тарапты банкрот деп таныған;
3) шарт жасалғанда негiзге алынған мемлекеттiк органның актiсi өзгертiлген немесе 
күшi жойылған жағдайларда шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
Сұрақтар: 
1. Ерлі- зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары және міндеттері 
2. Бағып –қағу , асырап-алу және оны тоқтату шарттары 
3. Ата- ана құқығынан айыру, негізі, тәртібі және құқықтық әсерлері 
4. Азаматтық құқықтық қарым- қатынас түсінігі 
5.Азаматтық құқық қарым-қатынасының сипаттамасы және оның элеметтері.заңдық 
факторлары.
Ұсынылған әдебиеттер: 
«Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі» - Алматы: ЖШС «Издательство 
«Норма-К», 2016. 368 б. 
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы
Қазақстан Республикасының 2011 
жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі 
Құқық негіздері: Оқу құралы / Б.Ө. Алтынбасовтың редакциялығымен. – Астана, 
«Мастер По» ЖШС, 2012. -336 б. 
Оспанов Қ.И. Құқық негіздері.- Алматы: Жеті жарғы, 2007. 
Төлеуғалиев Ғ.И. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Жоғарғы оқу 
орындарына арналған акад. курс. 1 том. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет