Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет43/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   132
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
 Ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету мен экономикадағы инфляциялық 
тенденцияны жеңуге бағытталған қаржылық құқықтылықтын тұрақтылықтын жалпы 
бағдарламасымен бюдждетті қиыстыру; 
 Экономиканы ақталған қайнар көздер арқылы бюджет тапшылығын қысқырту мен 
жою; 
 Әр деңгейдегі бюджеттер теңгерушілігі мақсатында мемлекет кірістерінің қайнар 
көздерін сол бюджеттер және аймақтар мен іс әрекет салалары арасында қайта бөлу 
арқылы бюджеттік реттеуді іске асыру; 
 әр түрлі үлкен ауқымдағы әлеуметтік экономикалық бағдарламалардың 
пропорционалдығы мен теңгерушілігін қамтамасыз ету үшін болашақ бюджеттік 
жоспарлау мен болжамдаудың рөлін жоғарылату; 
 заңды және жеке тұлғалар өздерінің салықтық міндеттемелерін орындау кезінде 
олардың қаржылық әрекеттері мен кірістерін бақылау. 
Бюджеттік процестердің ұйымдастыруы бюджеттік жоспарлау бойынша өкілетті 
орган ол Экономика және бюджеттік жоспрлау министрлігінің келесі қаржы жылға 
арналған бюджет саясатының негізгі бағыттары мен мемлекеттің нығайланған қаржы 
жоспарының жобасын дайындаудан басталады. 
Бюджеттік процесті іске асыру бюджеттік іс әрекеттің келесі кезеңдерін құрайды: 
1.Бюджет жобасын құрастыру; 
2.Бюджетті қарау және бекіту; 
3.Бюджетті атқару; 
4.Бюджетті атқару жөніндегі есеп беруді құрастыру мен оны бекіту. 
Бюджет жобаларын құрастыру толығымен Республика Үкіметі мен жергілікті 
биліктің тиісті атқарушы органдарына жүктелгендіктен, республикалық және жергілікті 
бюджеттер жасаудың тәртібі мен мерзімі және бюджет жобасымен бірге міндетті түрде 
тапсыратын қажетті құжаттармен жұмыс істеудің тәртібі Үкіметтің арнайы Қаулысымен 
анықталады. 
Бюджет жүйесінің қызмет ету заңнамалық нормалармен реттеледі. Бюджет жүйесінің 
құрылуы мен әрекетін және билік пен басқарудың мемлекеттік органдардың бюджеттерді 
жасау, қарастыру, бекіту, атқару жөніндегі құзыретін анықтайтын барлық заңнамалық 
нормалар өз алды бюджеттік құқықты көрсетеді. Республикалық және жергілікті 
бюджеттерді жасау, қарастыру, бекіту мен атқаруы Бюджеттік кодекс және « Қазақстан 
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жөнінде» атты заңмен анықталады. 
Бюджеттік кодексте барлық бюджет түрлері бойынша анықтама берілген, кірістер 
мен шығыстардың атаулары жазылған, бюджет атқару жөнінде есеп беруді құрастырудың 
тәртібі, оларды бекіту мен бақылау сауалдары қарастырылған. 
Бюджеттік қатынастарды реттеу аумағындағы мемлекеттік органдар құрылымына 
Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, 
Республикалық бюджетті атқаруын бақылау жөніндегі Есеп комитеті, Қазақтан 
Республикасының Үкіметі, бюджетті жоспарлау, атқару жөніндегі орталық өкілетті 
органдар, жергілікті органдар, жергілікті өкілдік және атқарушы органдар кіреді. 
Жергілікті өкілдік органдар – ол жергілікті тұрғындармен сайланушы, олардың 
жігерлерін әлпеттейтін және оны іске асыру мен бақылау үшін заңнамалар негізінде 
шаралар анықтап, қолданатын сайламалы орган -Мәслихат. Мәслихаттың уәкілдігіне 
тиісті аумақтардың жоспарлары, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары, 
шығындар жоспарларын бекіту жатады. Мәслихат жергілікті бюджеттерді атқару 
бойынша сыртқы бақылау жүргізу мен сол жөніндегі есеп беруді қарастыру жасайтын 
өзінің ревизиялық комиссиясын сайлайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет