Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет42/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   132
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, 
жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметiн жүзеге асыратын 
арнаулы мемлекеттiк органдар болып табылады.
Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметi заңдылық, адамның және азаматтың 
құқықтары мен бостандықтарын, қадiр-қасиетiн құрметтеу және сақтау, жұмыстың жария 
және жасырын нысандарын ұштастыру және дара баршылық, құқық қорғау және басқа 
мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара 
iс-қимыл жасау принциптерiнде жүзеге асырылады. 
Мемлекеттік кірістер комитетінің мiндеттерi мыналар:
1) өкiлеттiгi шегiнде мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн, кәсiпкерлiк қызмет 
субъектiлерiнiң, қоғам мен мемлекеттiң заңды құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету;
2) экономикалық қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық 
бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау жолын кесу, ашу және тергеу;
3) экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес iсiнде 
мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
4) Мемлекеттік кірістер комитетінің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша 
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
3.Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.
Бюджеттік процес маңында заңнамалар арқылы реттелетін мемлекеттік органдардың 
бюджеттер болжамын құрастыру, қарастыру мен бекіту, бюджеттерді атқаруын 
ұйымдастыру мен оның бақылауын қамтамасыз ету жөніндегі іс әрекеттерді 
қарастырылады. Бюджеттік процестің мазмұны елдің мемлекеттік және бюджеттік 
құрылымдары арқылы анықталады. Бюджеттік кодекс бойынша бюджет қалыптасу негізі 
болып Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық ортамерзімді даму 
жоспары мен Республика Президентінің Қазақстан халқына арнаған жылсайынғы 
Жолдауынның есебімен құрастырылған аумақтардың даму бағдарламалары табылады. 
Бюджеттік кодексте көрсетілген басқа бір маңызды жағдай ол бюджеттік процесті 
ұйымдастыруын қоса отырып, қаржы ресурстарын басқарудағы мемлекеттік биліктің 
фунцияларын регламенттеуі. Бұл функциялары келесілер арқылы көрнеді: 
 мемлекеттің экономикалық және қаржылық мақсаттарының әрекеттесуінде; 
 әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара және экономика секторларымен 
әрекеттесуінде; 
 салықты фискалдық құралдарды жетілдіруінде;
 бюджеттен тыс арнайы қорларға бөлектеулердің көлемі мен қайнар көздерін 
анықтауда; 
 бюджеттердің кірістері мен шығындарының көлемі мен құрылымын 
тағайындағанда; 
 республикалық бюджет тапшылығының көлемін анықтағанда; 
 жергілікті бюджеттердің теңгерушілігінде; 
 мемлекеттік борыштың қаржы операцияларға әсері мен өтеуінің есебімен оның 
динамикасы мен ахуалын бағалауда; 
Бюджеттік процесті ұйымдастыру бойынша бюджеттік іс әрекеттің барлық 
сатыларында келесі негізгі мақсаттар шешіледі. 
 Жеке салықтық пен басқа түсімдер бойнша және әлеуметті экономикалық даму 
болжамдары мен арнаулы бағдарламаларға сәйкес бюджет кірістерін анықтау; 
 Бюджет шығындарын арнаулы және адрестік белгілер бойынша тағайындау; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет