Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет13/37
Дата17.02.2023
өлшемі1,51 Mb.
#68752
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
Байланысты:
лекция

 
 
 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бесінші басылым 
 
 
1 : 2000 масштабты картаның бетіне рим цифрларындай (I, II, III, IV) 
белгіленген 1:1000 масштабтағы төрт бет және араб цифрымен (1, 2, 3, ..., 16) 
белгіленген 1 : 500 масштабтағы 16 бет сәйкес келеді. 
Осыларға сәйкес, 1 : 1000 масштабтағы карта бетінің номенклатурасы 14-Б-
ІҮа масштабы 1:5000 үшін 14-Б-16 болады. Келешекте жүргізілетіп ауданның 
керекті карта беттерін табуға және олардың номенклатурасын тез анықтауға 
арналған карталардың құрама кестелері атты жинактар бар. Олар меридиандар мен 
параллельдер арқылы осы масштабтағы карта бетіне сәйкес келетін торларға 
бөлінген ұсақ масштабты схемалық карталар болып табылады. 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бесінші басылым 
 
№4. Дәріс 
СЫЗЫҚТАРДЫ БАҒДАРЛАУ 
Геодезия ғылымында жиі кездесіп, қажетті бағыттарды анықтауда 
қолданылатын атаулардың бірі — бағдарлау. 
Сонда, осы бағдарлау түсінігіне тоқталып, нақты тұжырымда болу 
үшін, алдымен, келесі мазмұнда анықтама келтіруімізге болады. 
Бағдарлау дегеніміз, белтілі бір ауданда, қалап алынған жергілікті 
белгіге қатысты, басқа белгілерге қарағандағы бағыттарын анықтау 
болып табылады. 
Геодезия пәнінде, бастапкы қалап алынған белгілі бағыт ретінде: 
- нүктенің астрономиялық немесе геодезиялық меридианы, 

Гаусс-Крюгер проекциялардағы осьтік меридиан болып 
табылатын, тікбұрышты координата осьтерінің абсцисса осіне 
параллель 
бағытталған 
сызықтар 
немесе 
магниттік 
меридиан 
атауларының бірін алуға болады да, осы аталған сызықтар 
бағыттарының бұрышты бірлігі үшін, азимут, румб және дирекциялық 
бұрыш өлшем бірліктерін пайдаланады. 
Енді, осы аталған бұрыштық өлшем бірліктеріне бөлек -бөлек 
тоқтала отырып, қысқаша анықтамалар берелік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет