Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым: бесінші
ЕҰУ Ф 703-08-15. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бесінші басылым
Жоғарыда математика пәнінің аналитикалық
геометрия бөлімінде,
абсцисса және ордината осьтерінің қиылысу нүктесі 0 координата
осьтерінің
бас нүктесі деп аталатыны белгілі, бірақ, оқытылып
отырған пәнде,
абсцисса осі Ох бас нүктеден
0 солтүстік бағытта
бағытталып — ол
оң бағыт, ал,
Оу осі бас нүктеден
0 шығыс бағытта
бағытталып — ол да
оң бағыт, қарама қарсы бағыттары керісінше
болатын айырмашылықтарды әрдайым есте ұстау қажет.
Мысал үшін, сурет жазықтығына орала отырып, белгілі бір
аймақтық бетте жатқан нүктенің
А координаталарын (6в-сурет) анықтау
керек
болатын болса, онда осы нүктеден
А абсцисса және ордината
осьтеріне перпендикуляр түзулер жүргізіліп, сол перпендикулярлардың
осьтеріндегі қиылысу нүктелерімен бас нукте 0 аралықтары,
қарастырып отырған нүктенің А координаталары болатынын білеміз.
Дегенмен, нүктенің, координаталары
белгілі болғанда, бұл
атаулардың белгілі бір өлшем бірліктерінде анықталатын сандар екенін
ескерсек, онда олар қарастырып отырған координата осьтеріне қатысты
оң шамалы сан, немесе теріс шамалы сан болуы мүмкін. Яғни, нүкте
координаталарының
таңбалары, берілген нүктенің қандай ширекте
орналасуына байланысты.
Сонымен, нүктенің координаталары қалай анықталатыны белгілі
болғаннан соң, аймақтық беттердің саналуы Гринвич меридианынан,
басталуына сәйкес, біздің еліміздің барлық нүктелер абсциссалары оң
шамалар болатынын айта аламыз.
Енді, нүктелер ординаталары
атауына келетін болсақ, бұл
жағдайда, нақты болу шарттарына байланысты, нольдік меридиан
бірлігіне 500км ұзындық бірлігін қосқаннан соң осьтік меридианнан
500км батыс бағытта болатын ординаталық түзуден
бастап есептеулер
жүргізіле береді.
Яғни,
келтірілген
аныктамаға
қатысты
координатасы
түрлендірілген координата осьтері белгілі болатынын айтуымызға бо-
лады.
Бұл жағдайда, қандай да болмасын, координаталары берілген нүктенің
қандай аймақтық бетте
жататынын анықтау барысында, ординатасы
түрлендірілген, координата осінің, ордината мәні алдына аймақтық
беттің реттік белгілеу саны
жазылатынын ескерте отырып, егер
аймақтық бет алты градустык өлшем бірлігінде болатын болса, онда
оның ең үлкен мәнді ені 385км ұзындық өлшемінен аспайтынын есте
ұстаған жөн.