Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет24/37
Дата17.02.2023
өлшемі1,51 Mb.
#68752
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бесінші басылым 
белгілерінің айырымы ретінде анықтайды, яғни: 
21-сурет 
Жұмыс жасау биіктік белгілері осы нүктедегі қазудың тереңдігін немесе толтырудың 
биіктігін анықтайды. Жер қазу жұмыстарын жүргізгенде осы цифрлар өте маңызды цифрлар 
болып саналады. 
7. Жобалау сызығының табиғи профиль сызығымен қиылысқан жері нөлдік 
жұмыс жасау нүктелері деп аталады. Осы нүктелердің жұмыс жасау биіктік 
белгілері нөлге тең болатындықтан жер қазу жұмыстары бұл нүктелерде 
жүргізілмейді. Трассадағы олардың орнын метрдің ондық бөлігіне дейінгі 
дәлдікпен білу керек, өйткені жер қазу жұмыстарын әдетте осы нүктелерден 
бастайды. Нөлдік жұмыс жасау нүктелерінің биіктік белгілерін жобалық биіктік 
белгілері қатарына көк тушьпен жазады. 
Трассаны планға нивелирлік жүрістің бұрылу бұрыштарының координаталарымен немесе 
пикет қабырғаларының ұзындығымен азимуттары арқылы салады. Планда трассаны нивелирлеу 
кезіндегі жергілікті жердің түсірілген бет бедері кескінделеді. 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бесінші басылым 
№8 Дәріс 
Алаңды квадраттап нивелирлеу 
 
Бетті нивелирлеу нәтижесіне орай топографиялық план құрылады. Айқын 
емес рельефтер мен беттерді суретке түсіріп, топографиялық пландарын үлкен 
масштабта жасау үшін беттік нивелирлеу қолданылады. Далада негізінен пландық
жағдайдағы нүктелер желісін анықтап, олардың елгілерін есептеу үшін 
геометриялық нивелирлеу жүргізіледі. Сонымен бірге нүктелер желісінің орны 
анықталып, ситуация түсіріледі. Планға түскен нүктелердің жанына олардың
белгілері жазылып қойылады да, интеполяция арқылы горизонтальдармен рельеф 
бейнеленеді. 
Нүктелер желісін салу әдісіне орай бетті нивелирлеу бірнеше тәсілге бөлінеді: 
а) параллель түзулер, б) полигондар, в) полярлық, г) квадрат немесе 
тіктөртбұрыштар. 
Әсіресе көп қолданылатын квадрат тәсіліне тоқталып 
Суретке түсірілетін учаскенің орталық нүктесі арқылы өзара перпендикуляр 
болатын түзулер арқылы сол учаске квадраттарға бөлінеді, ол түзулерді 
магистральдар деп атайды. Орталық нүктеден бастап төрт бағытта, магистральдар 
бойынан бірдей ұзындықтар өлшеніп алынады. Тік бұрыштар теодолит, ал 
ұзындықтар өлшегіш жіп арқылы өлшенеді. Үлкен квадраттардың ішіне солардың 
қабырға ұзындықтарына орай кіші квадраттар салынады. 
Геодезиялық жұмыстың осы түрін топографиялық план жасау және сол планда 
инженерлік геодезия жұмысын орындауды мысалмен қарастырайық. 
1. АВ және АС магистраль түзулер арқылы квадраттарға бөлеміз. Толық 
шаршының қабырғасы 20 м. 
Ұзын магистраль бойындағы квадрат төбелерін орыс әріптерімен, ал оған 
перпендикуляр магистраль бойындағыларды цифрлермен белгілейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет