Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: бесінші ЕҰУ Ф 703-08-15. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бесінші басылым
Мысалы,
жоғарыда
келтірілген
суретке
тоқталсақ
1:2000
масштабпен берілген жергілікті аудан пландағы белгі-жазулар, негізгі
масштаб өлшемінде, яғни 40м бірлігінде болады да, оның 1:100 бөлігіне
сәйкес келетін ең кіші кесіндісің ұзындығы 0,4м өлшемінде деп түсіну
қажет.
Сонда, қағаз бетінде, АВ түзуі бағытында көлденең масштабты
кескіндеу үшін, 2 см өлшемінде болатын негізгі масштаб бірлігі
бірнеше рет жалғастыра белгіленеді де, анықталған АВ түзуінің тиісті
нүктелерінен ұзындықтары өзара тең шамалы перпендикулярлар
түрғызылады.
Содан кейін, осы перпендикуляр түзулердің екі шеткісін тең
шамалы m бөліктерге бөліп, әрбір аттас нүктелер арқылы АВ түзуіне
параллель кесінділер жүргізіледі де, сол жақтағы теменгі АО және
жоғарғы CD кесінділерін өзара тең n бөліктерге бөліп белгілейді. Яғни,
AO кесіндісінің О нүктесінен CD кесіндісінде жататын Е нүктесіне
көлбеу түзу жүргізіліп, қалған нүктелер осы ОЕкелбеуіне параллель
түзулермен толтырылады.
Енді, осы айтылған тұжырымдарға сәйкес, жергілікті аудан
планында, алдын ала, берілген нүктелердің ара қашықтыығын көлденең
масштаб әдісің қолдана отырып, анықтау керек болсын делік.
Бұл жағдайда, анықталуға тиісті ара қашықтықты циркуль
ашасына еңгіземіз.
Сонда, циркуль ашасының оң жақ ұшы тік жүргізілген
перпендикуляр түзулердің бірінде болатын болса, ал, екінші ұшы
масштаб бөліктерінің сол жақтағы көлбеу түзулердің біреуінде болып,
циркуль ұштарының бір түзу бойында болатынын айта аламыз.
Басқа сөзбен қорытындылай айтқанда, суреттегі авжәне cd қашықтықтары
1:2000
масштабына
сәйкес,
келесі
есептеулер
нәтижелерінде белгілі болады: