Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым: бесінші
ЕҰУ Ф 703-08-15. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бесінші басылым
№8 Дәріс
Алаңды квадраттап нивелирлеу
Бетті нивелирлеу нәтижесіне орай топографиялық план құрылады. Айқын
емес рельефтер мен беттерді суретке түсіріп, топографиялық пландарын үлкен
масштабта жасау үшін беттік нивелирлеу қолданылады. Далада негізінен пландық
жағдайдағы нүктелер желісін анықтап, олардың елгілерін есептеу үшін
геометриялық нивелирлеу жүргізіледі. Сонымен бірге нүктелер желісінің орны
анықталып, ситуация түсіріледі. Планға түскен нүктелердің жанына олардың
белгілері жазылып қойылады да, интеполяция арқылы горизонтальдармен рельеф
бейнеленеді.
Нүктелер желісін салу әдісіне орай бетті нивелирлеу бірнеше тәсілге бөлінеді:
а) параллель түзулер, б) полигондар, в) полярлық, г) квадрат немесе
тіктөртбұрыштар.
Әсіресе көп қолданылатын квадрат тәсіліне тоқталып
Суретке түсірілетін учаскенің орталық нүктесі арқылы өзара перпендикуляр
болатын түзулер арқылы сол учаске квадраттарға бөлінеді, ол түзулерді
магистральдар деп атайды. Орталық нүктеден бастап төрт бағытта, магистральдар
бойынан бірдей ұзындықтар өлшеніп алынады. Тік бұрыштар теодолит, ал
ұзындықтар өлшегіш жіп арқылы өлшенеді. Үлкен квадраттардың ішіне солардың
қабырға ұзындықтарына орай кіші квадраттар салынады.
Геодезиялық жұмыстың осы түрін топографиялық план жасау және сол планда
инженерлік геодезия жұмысын орындауды мысалмен қарастырайық.
1. АВ және АС магистраль түзулер арқылы квадраттарға бөлеміз. Толық
шаршының қабырғасы 20 м.
Ұзын магистраль бойындағы квадрат төбелерін орыс әріптерімен, ал оған
перпендикуляр магистраль бойындағыларды цифрлермен белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: