Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет112/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   135
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Мемлекеттік өкіметтің федеральды органдарында сыбайлас жемқорлықты тергеуде 
негізгі рөлді 
Федеральды тергеу бюросы
атқарады. Тағайындалған және сайланған 
лауазымды тұлғалардың жасаған әрекеттері федеральды заңдарды бұзушылық болып 
танылса, қылмыстың осы түрі бойынша ФТБ сот жүргізу құқығы тек федеральды ғана 
емес, сондай-ақ штаттық және жергілікті басқару деңгейлерінде таратылады. 
Кіріспе бөлімінде айтылып өткендей, АҚШ тек ұлттық сыбайлас жемқорлыққа 
байланысты емес, сондай-ақ халықаралық жемқорлық тәжірибесіне байланысты заң 
бастамаларын қабылдайды. АҚШ-та алғашқы рет шетел шенеуніктерін параға сатып алуға 
тыйым салатын «Шетел сыбайлас жемқорлық тәжірибесі туралы» Заң қабылданды (1977 
ж.). Дәл осы актіні қабылдаудың арқасында және АҚШ-тың басқа елдерде осыған ұқсас 
заңды қабылдауды үнемі талап етуіне байланысты (әлемдік рыноктағы америкалық 
компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі еместігі фактісін жою үшін), 1997 жылдың 
желтоқсанында қабылданып, ал 1999 жылдың ақпанында Халықаралық мәмілелерді іске 
асыру кезінде шетел мемлекеттік шенеуніктерді параға сатып алуға қарсы күрес туралы 
ОЭСР Конвенциясы күшіне енді. Конвенция қол қойған елдерді шетел шенеуніктерін 
параға сатып алу үшін қылмыстық жауапкершілікті алдын ала қарастыратын ішкі 
заңдарды 
қабылдауды 
міндеттейді.
2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған терактілерден кейін ФТБ жұмысының басым 
бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып табылатынын ескеру қажет. 
Финляндия
Қазіргі кезде Финляндияда жыл сайын парақорлық үшін айыптау бойынша, сондай-ақ 
пара берушілік үшін де үш-төрт іс тергеліп қарастырылады. Пара туралы істердің ең 
көпшілігі соғыстан кейінгі онжылдықта және экономикалық дағдарыс кезеңі басталған 
1980 жж. қарастырылды. 1945-1954 жж. пара алғаны үшін 549 адам сотталған, 1980-1989 
жж. 
осындай 
81 
үкім 
шығарылған, 
ал 
1990 
ж. 
– 
барлығы 
38.
Финляндияның Қылмыстық кодексінде «сыбайлас жемқорлық» сөзі мүлде аталмаған. 
Оның орнына шенеуніктердің парақорлығы туралы, мұндай құқық бұзушылықтың 
қиындығына қарай айыппұл төлеуден бастап төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру 
жазасы берілетіні туралы айтылған. 
Финляндияда ешқашан сыбайлас жемқорлық туралы арнайы заң немесе оны 
қадағалайтын арнайы органдар құрылмаған. Сыбайлас жемқорлық қылмыстықтың бір 
бөлігі ретінде қарастырылады және заңның, нормалар мен басқа бақылау жүйелерінің 
барлық 
деңгейлерінде 
реттеледі. 
Сонымен, 
сыбайлас 
жемқорлық 
әрдайым 
Конституцияның, Қылмыстық кодекстің, азаматтық қызмет туралы заңның, әкімшілік 
нұсқаулардың және басқа заңды актілердің ықпалында болды. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы номалардың сақталуын бақылауды және олардың 
бұзылу жағдайында шара қолдануды дәстүрлі сот және құқық қорғау органдары жүргізеді. 
Республика президентімен тағайындалатын, бірақ өз қызметтерінде толығымен тәуелсіз 
және тергеу жұмыстарын жүргізуге, шаралар қолдануға барлық құралдары мен құқықтары 
бар әділет канцлері мен парламент омбудсманы (адамның конституциялық және басқа 
құқықтары 
бойынша 
өкілетті 
адам) 
ерекше 
рөл 
атқарады.
Ерекше дәрежедегі жоғары лауазымды тұлғаларға (үкімет мүшелері, әділет канцлері, 
Жоғарғы немесе Әкімшілік сот мүшелері) қарсы айыптауларды қарастыру үшін, тек қажет 
жағдайда жиналатын, бірақ мемлекет Конституциясымен белгіленген ережелер негізінде 
қызмет атқаратын арнайы институт - Мемлекеттік сот қызмет етеді. Бұл сот сондай-ақ 
мемлекет Президентіне қарсы айыптауларды да қарастыра алады. Мемлекеттік сот 
Жоғарғы сот төрағасымен басқарылады және әкімшілік сот, қосымша сот төрағасынан
парламентпен сайланатын бес парламент депутатынан тұрады. Негізінде бұл жоғарыда 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет