«Соғыс стратегиясының» артықшылығы: Сыбайлас жемқорлық мәселесі тұжырымдалып, күн тәртібіне қойылады.
Жемқорлыққа қарсы күрестің алғашқы қадамы – сыбайлас жемқорлықтың болуы маңызды
мәселе ретінде танылуы. Сыбайлас жемқорлыққа әкімшілік немесе мәдени түрде тыйым
салынған қоғамдарда жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу мүмкін емесі анық. Мұндай
көзқарас
мәселені
ескермегеннен
гөрі
ұтымдырақ.
Нәтижеге жылдам қол жеткізу. «Соғыс стратегиясы» нәтижені аз уақыт ішінде береді.
Жазалау шаралары ашық түрде жүргізіледі, сондықтан көптеген адамдар мұндай жазаның
куәгері бола алады, бұл шаралар саяси жарнама ретінде қолданылғандықтан, қоғамға тез
жарияланып,
ұзақ
уақыт
бойы
есте
сақталады.
«Соғыс стратегиясының» кемшіліктері:
«Соғыс стратегиясы» жазалаушы сипатқа ие, мемлекеттік бақылау күшейтіледі, ал
бұл дамып келе жатқан елдерде сыбайлас жемқорлықтың дамуына әкелетін себептердің
бірі.
Бұл күрес әдісінің объектісі – сыбайлас жемқорлықпен айналысушы - жемқор,
сыбайлас жемқорлық емес. Мұны Гераклдың шауып тастаса да жаңадан басы қайтадан
пайда болатын гидроға қарсы жүргізген күресімен салыстыруға болады. Бұл сыбайлас
жемқорлықты жоюдың циклділігіне себепші болады.
«Соғыс стратегиясын» қолдану демократиялық мемлекеттің конституциясымен
бекітілген демократия қағидаларына сәйкес келмейтін шарттарды сақтауды талап етеді.
Бұл стратегияның тиімділігі үшін тергеу жұмыстарын жүргізу барысында, сондай-ақ үкім
шығару кезінде (мысалы, адамның өмір сүру құқығы) адам құқығын бұзуға да барады.
Осыған байланысты осы стратегияны тиімді қолдану мүмкіндіктері толығымен
Конституциямен бекітілген тәртіпке тәуелді. Кез келген жазалау саясаты сияқты ол үнемі
өзін қолдайтын қоғамдық көзқарасты дәлелдеуді, жұмылдыруды талап етеді.
Жемқорды қылмыстық қудалаудың тым қаталдығы онсыз да сыбайлас
жемқорлықтық қылмыстардың жасырындылық мәселесін күшейте түседі. Бірақ тұрақты
сыбайластық жүйелердің құрылуы соғыс стратегиясының ең қауіпті салдары болып
табылады (қытайлық мысал мұнда ең үлгі боларлық). Сыбайлас жемқорлықтың өздігінен
құрылуы онымен ары қарай күресуді қиындата түседі.