Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Соттрадың ұйымдастырушылық басқарулары



Pdf көрінісі
бет19/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   135
 
Соттрадың ұйымдастырушылық басқарулары
 
Әділет 
министрлігімен жүзеге асырылады. Осындай басқару деп соттар қызметі мен соттарда 
бақылау шарттарын жүргізу щарттарын қалыптастыру мақсатында мемлекеттің уәкілетті 
органдарының ұйымдастырушылық-әкімшілік сұрақтарын шешуді айтады.


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының орталық органы болып табылады 
және өз қызметін Конституция, заңдар, Президент пен Үкімет актілеріне, сондай-ақ 
19.12.1995 ж беітілген Әділет Минситрлігі туралы Қаулыға сәйкес атқарады. Оның 
қызметінің негізгі міндеті болып Республикада демократиялық, құқықтық мемлекетті 
қалыптастыруды жан-жақты көмек көрсету, құқық реформасының негізгі бағыттарын 
ұйымдастыру бойынша координациялық жұмыстар атқару (ҚР координациялық кеңес).
Әділет министрлігі келесі функцияларды атқарады: 
-
Заң жобаларын, Президенттің үкімі мен басқа да актілерді, Үкіметтің актілерін 
қарастырады; 
 
-
Заң жобалары, Президенттің үкімі мен басқа да актілерді, Үкімет актілерінің 
құқықтық сараптамасын жасайды; 
 
-
Үкімет актілерінің ресми талқылауларын жүзеге асырады;
-
Заңнаманың 
жүйеленуі 
мен 
кодификациясы 
бойынша 
жұмыстарды 
ұйымлдастырады, заңдар, актілер, кодекстер және т.б. шығарумен айналысады.
-
Қр келісімдері мен халықаралық келісім шарттарға отыру бойынша 
министрліктерге, ведомстволарға, комитеттер мен жеке органдарға кеңес беріп отырады;
-
Сот жүйесінің қызметін ұйымдастыру бойынша шараларды жүзеге асырады, 
соттардың тәуелсіздігін бекітеді, нормативтік актілердің мемлекеттік тіркелуін іске 
асырады;
-
ЗАГС органдарының азаматтық жағдай актілердін қаулысын тіркейді және оларға 
көмек көрсетеді;
-
Әділет органдары мен соттардың материалды-техникалық және қаржыландыру 
жұмыстарын ұйымдастырады.
ҚР 
Әділет Министрлігін Қазақстан Республикасы Конституциясымен 
лауазымдықтан босатылып тағайындалатын министр басқарады. Ол Үкімет құрамына 
кіреді. Министрдің қызметіне Әділет министрлігін басқару жатады.
Прокуратура. Бұл органның құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасы 
конституциясы, ҚР Президентінің 1995 ж 21 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының 
прокуратурасы туралы» жарғысымен реттеледі.
Қазақстан Рес
пу
бликасын прокуратурасы – мемлекет атынан Республиканың 
аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де 
нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қоолдануының, жедел-іздестіру 
қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің 
заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады.
Прокурорлық қызметтің мақсаты болып заңның жоғарғылығын, құқықтар 
заңдылығының, Қазақстан Республикасы еркін азаматтары мен зайырлы құқықтарының 
бірлігі мен оларды бекіту табылады. Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы 
келетін заңдар мен басқа да құқық актілерге наразылық білдіреді.
Республика Прокуратурасы төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға 
және Республика Бас Прокурорына бағындыра отырып, бірыңғай орталықтандырылған 
жүйе құрайды. Ол өз өкілеттігін басқа мемлдекеттік органдардың, лауазымды адамдардан 
тәуелсіз жүзеге асырады және Республика Президентіне ғана есеп береді.
Республиканың Бас Прокурорын өз өкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, 
күштеп әкелуга, оған сот тәртібімен әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс 
үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, Сенаттың 
келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
Сұрақтар: 
1.Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің міндеттері менмақсаттары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет