Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет27/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   135
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
денсаулығына төнген қауіптің алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 
қолданылады. Әкімшілік-ескерту шараларына: қозғалыс қауіпсіздігі төнген кезде көліктер 
мен жаяу жүргіншілердің қозғалысын тоқтату, құжаттарды тексеру, әкімшілік ұстау және 
т.б. жатады. 
Әкімшілік мәжбүрлеудің келесі түрі әкімшілік-алдын алу шаралары болып 
табылады, олар құқыққа қайшы іс-әрекеттерді мәжбүрлеп тоқтату, сөйтіп оның зиянды 
салдарларының алдын алу қажет болатын жағдайларда қолданылады. Мұндай шараларға: 
полиция органдарының құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру үшін тұлғаларды 
шамалы уақытқа ұстап қалуы; құқыққа қайшы іс-әрекеттерді тоқтатуды талап ету; қару 
қолдану; қоршаған ортаға қауіпті аурулармен ауыратын тұлғаларды мәжбүрлеп емдеу; 
кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін, олар жалпыға бірдей ережелерді бұзған 
жағдайда, тоқтата тұру немесе тоқтату. 
Әкімшілік-қалыпқа келтіру шаралары әкімшілік мәжбүрлеу сияқты мүліктерді 
бұрынғы күйіне келтіру, келтірілген залалдың орнын толтыру үшін қолданылады. Бұлар 
ата-аналарға кәмелетке толмаған балалар келтірген зиянның орнын толтыру, рұқсатсыз 
салынған құрылыстар мен ғимараттардың көзін жою, әкімшілік үйден шығару, т.б. 
Заң әкімшілік жазаның төмендегідей түрлерін қарастырады:
Ескерту. Ұсақ әкімшілік құқық бұзушылыққа жазбаша қаулы қабылдау түрінде 
ескерту шарасы қолданылады. Кінәлі адамға өзінің іс-әрекетінің құқыққа қарсы 
болғандығы айтылып, түсіндіріліп ондай кемшілігін жою және бұдан былай болдырмауға 
міндетті екенін ескертеді. 
Айып салу. Бұл мүліктік көріністегі шара. Келтірілген құқық бұзушылықтың 
мөлшеріне қарай айлық табысын есіне ала отырып белгілі мөлшерде төлетіледі. 
Тәртіпсіздік әрекеті үшін бұйымды иесінен алу жазасы. Мұның мәні – құқық 
бұзушылық істелген құралды мәжбүр ету жолымен алу. Құралды алады да иесіне 
шығарылған шығыннан басқа құны қайтарылады. 
Тәркілеу жазасы. Тәркілеуге құқық бұзушылықтың тікелей объектісі болған құрал-
сайман жатады. Мұндай жағдайда зат иесіне қайтарылмай, мемлекет меншігіне беріледі. 
Құқық бұзушылық меншігіндегі нәрсе ғана тәркіленуге жатады. 
Арнайы құқығынан айыру. Бұл шара арнайы құқығы бар құқық бұзушыларға 
қлданылады. Мысалы, аң аулау құқығы, көлік жүргізу құқығы. 
Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан айыру не белгілі бір 
қызмет түріне оның қолданылуын тоқтата тұру. Мұндай әкімшілік жазалауды аталған 
адамның белгілі бір іс-әрекеттерді жасауы кезіндегі әкімшілік құқық бұзушылығы, 
лицензияда қарастырылмаған, бірақ лицензиялау туралы заңда қарастырғандай судьяға 
жүктеледі. 
Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым 
салу. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның, лауазымды 
адамның өтініші бойынша тек сот тәртібімен ғана жүргізіледі. 
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру, әкімшілік құқық 
бұзушылық жасаған шетелдік және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты жазалау шарасы 
ретінде қолданылады. Әкімшілік жолмен кетіруді судья тағайындайды. 
Кейбір құқық бұзушылық жасаған жасөспірімдер 14 жастан бастап жауапқа 
тартылады. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңы 
бойынша заңмен қорғалатын әр түрлі салалардағы жағдайларға, әкімшілік құқық 
бұзушылық үшін шаралар қолданылады. Мысалы, 14-тен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер 
бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Кәмелетке жасы 
толмаған баланы қасақана міндетке сай тәрбиелемеген ата-ананың немесе асырап алушы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет