Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет30/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   135
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау, табиғат пен мәдени қазыналарды сақтау үшiн 
қажет болса, заң құжаттарына сәйкес тауарлар мен қызметтiң орын ауыстыруына 
шектеулер енгiзiледi. 
Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары Қазақстан Республикасының 
Конституциясына негізделеді және Азаматтық кодекстен, Қазақстан Республикасының 
оған сәйкес қабылданған өзге де заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң 
күшi бар Жарлықтарынан, Парламенттiң қаулыларынан, Парламенттiң Сенаты мен 
Мәжiлiсiнiң қаулыларынан (заң актiлерiнен), сондай-ақ Азаматтық кодекстiң 1-бабының 
1,2-тармақтарында 
аталған 
қатынастарды 
реттейтiн 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентiнiң Жарлықтарынан, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларынан 
тұрады. 
2. Азаматтық құқық қатынастарының пайда болу, өзгеру және тоқтату негіздері. 
Азаматтық кұкық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл 
нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқык 
қатынастары деп аталады
. Адамдар ез өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы 
азаматтык құқық қатынастарына араласып жургенімен, өздерінің әрекеттерінін заң 
жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып 
алуда сатушы мен алушының арасында Азаматтық кодексте керсетілген сату-сатып алу 
мәмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле 
бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты 
сатып алушыньщ меншігіне беруге, немесе затында сапасы жағынан бір кемшілігі немесе 
сан жағынан кемістігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға, әйтпесе 
алған акшасын қайтарып беруге міндетті.
Заңды тұлғалардың барлық істері де нақ жаңағыдай азаматтық құқық катынасы 
ретімен жүзеге асады. Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді сату, банк аркылы есеп 
айыру - осылардың бәрі де құкықтық қатынасты тудырады, яғни осылардың бәрінің де заң 
арқылы белгілі салдары болады. 
Азаматтық құқыктық қатынастар азаматтық құқықты түсіну үшiн манызы бар. Аза-
маттық құқықтық қатынастар дегеніміз қатысушылары бip-бipiмeн субъективті азаматтық 
құқыктар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік не 
мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс мүліктік емес катынастар. 
Азаматтық құқықтық қатынастардын ерекшеліктері: 
бipiншідeн, азаматтық құқыктық қатынастардың субъектілері заң жүзінде тең, бip-
бipiнeн тәуелсіз, осынысымен баска құқықтық қатынастардан айырмашылығы бар;
екіншіден,
 
азаматтық құқыктық қатынастар заңда көрсетілген не көрсетілмеген 
иегіздердің де барысында пайда болады;
үшіншіден,
 
азаматтық құқыктық қатынастардың жағдайы мен мазмұнын бекітуде 
тараптардың келісімі шешуші рөл атқарады;
төртіншіден,
 
азаматтық құқықтарды корғаудын тәpтiбi мен тәсілінің өзгешелігі. 
Азаматтық құқыктық қатынастардың пайда болуының негіздеріне заңды фактілер
 
жатады. Азаматтық құқыктар мен міндеттер заңдарда көзделген негіздерден, сондай-ак 
азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер 
азаматтық заңдарда көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәніне байланысты 
азаматтык құқыктар мен міндеттерді туғызады (ҚР Азаматтық кодексінің 7-бабы).
Осыған сәйкес азаматтық құқықтар мен мiндеттер:
1) заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмiлелерден, сондай-ақ заңдарда 
көзделмегенiмен, оларға қайшы келмейтiн мәмiлелерден;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет