Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет33/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   135
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
оньщ пайдасының бір бөлігін меншіктену құкығына ие болады. Банктің жинақ және 
депозитивтік сертификаты банкке ақша салушының белгілі бір мерзім өткен соң оны 
пайызбен алуына кұкык береді.
Қүнды қағаздар мынадай ұш түрге бөлінеді: атаулы, ордерлік және усынбалы. Оның 
атаулысы белгілі бір адамға беріледі өрі овдағы құқықты тек өзі ғана жүзеге асырады. 
Оған мәселен, жинақжәнедепозитивті сертификаттар жатады. Ордерлік түрі де белгілі бір 
тұлғаға беріледі, бірақ ол б үл қағазды басқа біреу ге бергенде бергені туралы оған жазады 
(индосамент). Ал ол ез кезегінде бұл қағазды үшінші біреуге бере алады, т.с.с. ¥сын-балы 
түрі оны көрсетуіпіге беріледі, яғни оны көрсеткен адам ондағы құқыққа ие болады. Оған 
облигация және акция жат-қызылады. Құнды қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібі мен 
оны ұйым-дастырып шығарушылардың (эмитент) жауапкершілігі заңмен реттеледі. 
4. Меншік құқығы. Меншік құқығын алу және тоқтату негіздері. Меншік құқығын 
қорғау.
Меншiк құқығы дегенiмiз
субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және 
қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету 
құқығы. Меншiк құқығы мәмiле жасалған кезде болған барлық жүктемелерiмен басқа 
адамға берiледi.
Меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы болады. 
Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң жүзiнде 
қамтамасыз ету. Пайдалану құқығы дегенiмiз мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн 
алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзiнде қамтамасыз етiлуi. Пайда кiрiс, өсiм, 
жемiс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкiн. Билiк ету құқығы дегенiмiз 
мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын белгiлеудiң заңмен қамтамасыз етiлуi.
Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер 
жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, 
өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету 
жөнiндегi өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен 
ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы.
Меншiк иесiнiң өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттiң 
құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға тиiс. Құқықтар мен заңды 
мүдделердi бұзушылық басқа нысандарымен қатар, меншiк иесiнiң өзiнiң монополиялық 
және өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан көрiнуi мүмкiн.
Меншiк иесi өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен 
айналадағы ортаға келтiрiлуi мүмкiн зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға 
мiндеттi.
Меншiк құқығының мерзiмi шексiз. Мүлiкке меншiк құқығы Кодексте көзделген 
негiздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкiн.
Меншiк құқығымен қатар заттық құқықтарға:
1) жердi пайдалану құқығы;
2) шаруашылық жүргiзу құқығы;
3) оралымды басқару құқығы;
4) Азаматтық кодексте немесе өзге заң актiлерiнде көзделген басқа да заттық 
құқықтар.
Жеке меншiк азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың 
бiрлестiктерiнiң меншiгi ретiнде көрiнедi. Заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе 
заңды тұлғаларға тиесiлi бола алмайтын жекелеген мүлiк түрлерiнен басқа кез келген 
мүлiк жеке меншiкте болуы мүмкiн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет