Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет81/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   135
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
1) тұлғаның әлеуметтік мәртебесі (тұлғаның анықталған әлеуметтік топқа жататыны 
туралы әлеуметтік – демографиялық сипаттамасы.
2) тұлғаның әлеуметтік қызметі (қоғамдық қатынас жүйесіндегі жеке адамның ролі);
3) жеке адамның адамгершілік – психологиялық сипаттамасы.
Қылмыскер адамның белгілері оны даралығы үшін жаза тағайындағанда қылмыстық 
- құқықтық мәні бар болады. 
2. Қылмыс субъектісінің жас шамасының белгілері. 
Қылмыс субьектісінің міндетті белгісі қылмыстық заңда белгіленген қылмыстық 
жауапқа тартуға болатын тұлғаның жас шамасы болып табылады. 
Қылмыстық жауаптылыққа жас шамасын белгілеу адамның санасының дәрежесімен, 
өзінің іс-әрекетінің қоғамдық маңыздылығын және нақты сипатын түсіну мүмкіндігімен, 
өзінің мінез-құлық нормасымен белгіленген еркі мен қажеттілігінің сәйкестілігіне 
байланысты. Бұл қажеттілік адамда биологиялық және әлеуметтік даму шаралары 
бойынша пайда болады. 
Жас тұлғалар өзінің жас шамасында іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық 
қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған жағдайда қоғамға қауіпті әрекет 
жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартыла алмайды және қылмыс субьектісі бола 
алмайды. 
Қылмыс субьектісінің жас шамасы ҚР ҚК 15 бабында көрсетілген. Нақты баптың 1 
бөлімі негізінде қылмыстық жауаптылыққа қылмыс жасаған кезде 16-ға толған тұлға 
тартылады. 
15 баптың 2 бөлімінде қылмыс жасағаны үшін 14 жастан қылмыстық жауаптылық 
болатын қылмыс құрамдарының тізімі берілген. Төменгі жас шамасындағы қылмыстық 
жауаптылықты белгілеу негізі: 
- бұл жас шамасында тұлға берілген әрекеттердің қоғамға қауіптілігін ұғына білу 
қажеттілігімен, жас өспірім үшін айқын екендігімен түсіндіріледі.
- бұл қылмыстар үшін жас шамасының белгіленуінің төмендетілуі бұл қылмыстар 
үшін қауіптіліктің жоғарлататын дәрежесін немесе олардың жасөспірім кезінде таралуы 
маңызды роль атқарады.
Заңда жас шамасы шегін нақты анықтау қылмыс жасаған тұлғаның жас шамасын дәл 
белгілеуді талап етеді. Жас шамасы туылған күнінің басталғанымен емес, оның туылған 
күнінің аяқталуымен анықталады, яғни туған күнінің келесі тәулігінің 00 сағатынан бастап 
тұлға заңда жас шамасына толған деп есептеледі. Туған күні жеке құжаттарына сәйкес 
негізде анықталады (төл құжат, туу туралы куәлік және т.б). 
Туған күнін кепілдіндіретін құжаттарының болмауында жас шамасын сот-
медициналық сараптамасы анықтайды. Сот –медициналық сараптамасымен кінәлінің жас 
шамасын анықтауда оның туған күні деп жылдың соңғы күнімен есептелінеді. Тұлғаның 
жас шамасының ең аз және ең көп жасын анықтау бойынша сараптамашының ұйғаруымен 
болады. 
Қолданылып жүрген қылмыстық кодексте кәмелетке толмағандарды қылмыстық 
жауаптылық жасына толса да, қылмыстық жауаптылықтан босатуға жағдай жасайтын 
норма бар: «Егер кәмелетке толмаған адам осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде 
көзделген жасқа толса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық 
дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты 
жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық 
қауіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа 
тартылуға тиіс емес. (ҚР ҚК 15 б. 3 .б)» 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет