Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


«Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды



Pdf көрінісі
бет79/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   135
Байланысты:
Дәрістер

«Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды 
деген кісінің тілін кесер едім» деген Абайдың сөзі осыны растайды.
Холерик пен сангвиникке белсенділікті, шығармашылық қасиетті қалыптастыру 
оңай, ал флегматик ерінбестен оның бәрін меңгеруге шамасы келеді, меланхоликке ашық-
жарқын болу өте қиын. Осы ерекшеліктерді ескере отырып жүргізілген тәрбие нәтижелі 
болады. Мінез - тәрбие және өзін-әзі тәрбиелеу нәтижесі. 
Психолог өз қызметін ұйымдастыру үшін психолог басқа адамдардың мінезін біліп, 
ол адамның неше түрлі жағдайларда өзін қай жағынан көрсететінін болжай алады. 
Сондықтан мінез ерекшеліктерін біліп алу негізінде ол адамды тәрбиелеуге, жеке 
ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік туады. Мінез өзі өте күрделі психикалық қасиет. Ол 
бірнеше көрсеткіштермен сипатталады. Сондықтан жеке тұлғаға мінездеме бергенде оның 
ерекшеліктерін басқалармен салыстыра отырып қарама-қарсы көрсеткіштермен 
сипаттайды: кеңпейілді - іші тар; жеңілтек - байсалды; адал - арам; сыйысымды - 
сыйысымсыз; қорқақ - батыл, сезімтал - қатыгез т.с.с. Бұл жеке көрсеткіштер мінездің 
құрамды бөліктері, оның көрсеткіштері болып табылады. Осы көрсеткіштердің ішінде 
біреуі жетекші, доминанта болады. Адамды бағалағанда сол доминантасы бойынша 
мінездеме береді. 
Мінездің барлық көрсеткіштері бір-бірімен тәуелді байланыста болады. Сондықтан 
егер адам қорқақ болса ол көп жерде белсенділік көрсетуі өте қиын. Қорқақтың 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
жағымпаздығы, басшыларға ерекше ізет көрсетіп, иланушылык (ұйып сенуі), тіл 
алғыштықпен көзге түсіп жүруі мүмкін. Олар өте сараң, материалдық байлықты қорғау 
үшін басқаларды сатып кетуі, сөзінен айнып кетуі жиі кездесіп тұрады.
Сондықтан мінездің анықтамасында бұл қасиет көптеген жеке ерекшеліктер 
жиынтығы екені көрсетілген. Мінез көп аспектілі касиет. Мінездің осы көріністері әр 
адамда әр түрлі болады. Дегенмен адамның өмірінде қалыптасқан мақсаттарға 
байланысты әр адамның өмірге деген көзқарасы және бағыттылығы болады. Адам 
мінезінің бағыттылығы дегеніміз оның қызығушылығының, идеалдарының және сенімінің 
жиынтығы (неге сенеді, нені көздейді). Екі адамның мақсаты, бағыттылығы бірдей болуы 
мүмкін, ал сол мақсатқа жету үшін қолданған іс-әрекеттері және әдіс-тәсілдері әр түрлі 
болады. 
Адам мінезінің көрсеткіштері көп түрлі. Дегенмен әр ортада мінез ерекшеліктеріне, 
тәртіп сақтауға, үлкен-кішілерге қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне қойылатын 
талаптар бар. Мінездің әр құрамды бөлігі адам өмір сүретін ортада қалыптасқан салт-
дәстүр, әдет-ғұрыпқа сай болуы керек. Дәстүрлі қалыптасқан нормалардың бұзылуы 
адамдар ортасында басқаша бағаланады және норма шегінен асып немесе одан төмен 
көрсеткішке ие болған тұлға мінезінің акцентуациясы анық байқалады. 
Акцентуацияның пайда болуына себебін тигізетін жағдайлар- жеткіншектер мен 
ересектер арасында кездесетін тартыс-таластар, түсінбеушіліктер. Олар ересек адамның 
жеткіншектерге әлі бала деп қарайтын көзқарастың сақталуы, өз мәселелерін өзбетімен 
шешуге үлкендердің мүмкіншілік бермеуі, жолдастарымен қарым-қатынас жасауға 
себепсіз тыйым салуы т.б. Жеткіншек өзін ересекпін деп санайтын түсінігі мен 
үлкендердің балаға қойған талабы олардың қарым-қатынасындағы талас-тартыстар мен 
қайшылықтардың көзі болып, акцентуацияның және агрессияның әр түріне әкеліп соғуы 
мүмкін. Олар баланың қырсық мінез көрсетуі, үлкендердің талабына қарсы шығуы, 
дөрекілік көрсетуі арқылы белгі береді.
Жоғарыда айтылған мәселелерді ата-аналар мен мұғалімдер, ересектер білім беру 
жүйесінде, тәрбие іс-шараларында пайдалануына көмегі зор деп есептейміз. 
Енді сұрақ аясында қылмыс субъектісінің ұғымына, қылмыс субъектісінің жас 
шамасының белгілеріне, есі дұрыстық және есі дұрыс еместік мән-жайларды, қылмыстың 
арнайы субъектісі дегенімізге тоқтала кетсек: 
1. Қылмыс субъектісінің ұғымы.
Қылмыс әрқашан нақты тұлғалармен жасалады. Сондықтан қылмыс субьектісі 
қылмыс құрамының міндетті элеметтерінің құрамыныа кіреді. Қылмыстың субьектісі 
сөзін кең мағынада түсінер болсақ – бұл қылмыстық заңды бұзушы кінәлі тұлға. Ал 
қылмыстың субьектісі қылмыстық-құқықтық ұғымда – бұл қылмыстық жауаптылыққа 
тартуға болатын нақты жасқа толған, есі дұрыс, жеке тұлға. 
Қылмыс субьектісінің белгілері толық көлемде ҚР ҚК 14 бабында анықталған: Есі 
дұрыс, осы кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа 
тартылуға тиіс.
Заңда көрсетілгендей: Қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік, 
лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге 
көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты жеріне 
немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей. (ҚР ҚК 14 б.2 б.). 
Қылмыс жасаған тұлғаның құқықтық мәртебелі мәні болмайды: бұлар ҚР азаматы, 
шет ел азаматы, азаматтығы жоқ тұлғалар болуы мүмкін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет