Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
XXI ғасырдың табалдырығында Қазақстан принципті түрде жаңа әлеуметтік-тарихи
және геосаяси жағдайда отырды. Мемлекеттік құқықтық реформа бағдарламасын (1993
ж.) негізінен орындағаннан кейін оған да Қазақстанның мемлекеті мен азаматтары үшін
Республика Президенттің “Қазақстан-2030” стратегиясынан туындайтын және оны
мемлекеттік-құқықтық салада нығайтатын жаңа құқықтық идеология керек болмай
қоймайды.
Бұл құқықтық идеологияның концептуалды параметрлері:
1. Құқықтық идеология Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаттары үшін
өткендегі және қазіргі дүниежүзілік юриспруденцияның заң теориясы мен тәжірибесінен
сындарлы және пайдалы дегеннің бәрін алуға тиіс.
2. Құқықтық идеология Қазақстан қоғамы дамуының тұрақтылығы мен саяси
топтасқандығына жәрдемдесуге тиіс.
3. Құқықтық идеология жеке адамның рөлі мен құқықтарын мемлекетке алуға және
кемітуге, қоғам мен мемлекетке қатынасы жөнінен егемендіруге емес, жеке даралық
әлеуметтілік
арқылы
ғана
болуы
мүмкін
объективті
шындыққа
негізделіп құрылуға тиіс. Адам мен азаматтың міндеттерін өзінің жаратылысы бойынша
әлеуметтік мәні болғандықтан, адам құқықтары туралы пайымдауларға араластырып
жібермеу керек.
4. Құқықтық идеология Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық
тұтастығын нығайту, жан-жақты ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттік мүдделерді
қамтамасыз ету қажеттігін негізге алуға тиіс. 1995 жылғы Конституцияда негізгі қаланған
саяси биліктің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі негізінде кәсіби күшті және тиімді
мемлекеттілікті дамытуға мүмкіндік туғызу керек.
Құқықтық сана құқықтық реттеу механизмімен тығыз байланысты.
Біріншіден, ол заң нормаларын жасаудың алдында жүреді, өйткені, ол нормалар
әрқашанда субъектінің санасы мен еркіне тәуелді; екіншіден, олармен қоса өне бойы іс-
әрекет жасалады, өйткені құқық нормалары әрқашанда оларды субъектінің түсінуіне,
оның санасы мен еркіне есептелген; үшіншіден, құқықтық сана құқықтағы олқылықтарды
түсіндірумен анықталады, заңдарды жетілдіру мен дамытуды қамтамасыз етеді.
Құқық теориясында құқықтық сана өзара байланысты
Достарыңызбен бөлісу: