Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет96/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   135
Байланысты:
Дәрістер

3 міндетке:
танымдық, 
бағалаушылық, реттеушілік міндеттерге бөлінеді. 
Танымдық міндет құқықтық шындық құбылыстарын субъектінің құқықтағы 
мәнділігі мен тиістілігі туралы түсініктері тұрғысынан ой елегінен өткізуден тұрады. 
Бағалаушылық міндет құқықтық шындық құбылыстарын ұқсастыруда, оларды реттеудің 
нақты ережелерімен сәйкестендіруде болып табылады.
Құқықтық сананы реттеушіге байланысты құқықтық сананың жеке, топтық 
(ұжымдық) және қоғамдық құқықтық сана түрлері туралы айтуға болады. 
Жеке құқықтық сана адам күнделікті қатысатын алуан-түрлі әлеуметтік байланыстар 
мен 
қатынастардың 
ықпалымен, 
сондай-ақ 
өзінің 
психикалы-физиологиялық
ерекшеліктерінің әсерімен қалыптасады. Жеке адамның мәдениеті мен білімі деңгейінің 
әртүрлі болуы, адамдардың әлеуметтік жағдайы мен қабілетінің бірдей болмауы жеке 
құқықтық сана деңгейінің әртүрлі болуына себепші болады. Құқықтық сана деңгейін 
көтеру үшін адамдардың санасы мен мінез-құлқына нысаналы идеологиялық ықпал 
жасаудың, азаматарға құқықтық тәрбие берудің де маңызы аз емес.
Топтық құқықтық сана тиісті әлеуметтік топтар мен оларға кіретін жеке адамдардың 
ерекшеліктерімен анықталады. Құқықтық құндылықтар әрбір топта бірдей танылмайды. 
Олардың ішінде топтық құқықтық сана заңдылық пен әділеттік идеяларын мүлде 
құрметтемейтіндерінде топтық құқықтық сананың әлеуметсізденуі, қоғамда бар құқықтық 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
идеологиядан шеттеу, құқықтық нигилизмнің ескі түрін консервациялау, тіпті 
криминогендік жағдайлардың қалыптасуы мүмкін. 
Қоғамдық құқықтық сана құқыққа және құқықтық өмір шындығының жалпы 
қоғамда қалыптасқан құбылыстарына көзқарасты бейнелейді. Қоғамдық құқықтық санада 
қоғамда жеке адамның бостандығына және жеке меншікке ешкімнің тиіспеушілігіне 
кепілдік бере алатын теңдесі жоқ әлеуметтік құндылық ретінде құқық түсінігі орнығады. 
Құқық болмайынша, оның екеуі де жоқ. 
Заңдардағы барлық уақытта дер кезінде жаңартыла бермейтін жаңсақтықтар мен 
жетілмегендіктің қоғамдық құқықтық санадағы құқық бейнесінің көрінуіне теріс әсер 
етеді. Тыйым салушы нормалар мен қызметтік көзқарастың басым болуы оған 
бүлдірушілік ықпал етеді. Соның салдарынан қоғамдық құқықтық санада құқықтың мәнін 
қажеттіліктің пен әділеттіктің шоғырланған көрінісі ретінде емес, қайта күштеу ретінде 
қабылдау мен түсіну сақталып келеді. Сондықтан да құқық нормаларын сақтауға 
азаматтан 
гөрі, 
мемлекет 
көбірек 
мүдделі 
деген 
пікір 
таралып 
кеткен.
Мазмұнының толықтыққа жақындау деңгейіне немесе дәрежесіне қарай құқықтық сана 
құқық теориясында дағдылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет