Л. С. Выготский зерттеулеріндегі іс-әрекет бағытының негізделуі


Іс әрекет және оның түрлері



бет2/8
Дата02.12.2023
өлшемі85,2 Kb.
#132076
1   2   3   4   5   6   7   8
Іс әрекет және оның түрлері

Шексіз де көптүрлі адам іс-әрекеттерін әр-түрлі және бір-біріне ұқсамас көрсеткіштер негізінде жіктеуге болады: пәні, мотиві, іске асырылу тәсілі, физиологиялық механизмі, эмоциональды толықтығы т.б. Адам іс-әрекеттерінің жалпымен қабылданған және өзгелерін жоққа шығаратын жіктелуі жоқ. Сондықтан, кеңінен тараған кейбір градацияларға ғана тоқталамыз.


Жалпылай қарастыратын болсақ, іс-әрекеттің негізгі төрт түрі белгілі: еңбек, оқу, ойын, қарым-қатынас. Олардың әрқайсына көптеген психологиялық зерттеулер арналған. Аталған іс-әрекеттердің қай-қайсының болмасын көптеген түрлері бар, сондықтан әрқайсының ең маңызды ерекшеліктеріне тоқталайық.
Еңбек әрекетінің мәні — өнім (материалды не рухани) өндіруде нәтижеге жету. Бұл еңбек өндірісі әлеуметтік негізделген, саналы аңғарылған, ал нәтижесі – алдын ала болжанған, жоспарланған. Еңбектің психологиялық аспектерін, еңбек әрекеті жағдайындағы психиканы мақсат-бағдарлы түрде психологияның арнаулы саласы – еңбек психологиясы қарастырады. Адамның еңбек әрекетінің аясы зор және көптүрлі болғандықтан еңбек психологиясының көп қырларын қазіргі психологияның басқа да салалары қарастырады (жалпы, педагогикалық, әлеуметтік, спорт, шығармашылық психологиялары).
Оқу әрекеті – тұлғаның жалпымен қабылданған білім, дағды, іскерлікті арнаулы ұйымдасқан, белсенді түрде игеруі. Бұл мұғалім мен оқушы қатынасындағы оқыту процесінің бір қыры. Бұл өз-өзін өзгертуге бағытталған оқушы әрекеті, яғни оның пәні – оқу әрекетінің субъектісі.
Ойын әрекетінде шынайы өмірді белгілер арқылы бейнелеу, үлгі ету атқарылатыны белгілі. Сонымен қатар, ойынның түрткісі әрекет нәтижесі емес, қолданылуы мен әрекет ету процесі болады.
Әрекет ретіндегі қарым-қатынасқа екі қасиет тән. Біріншіден, қарым-қатынас пәні келесі адам болады, субъект не адамдар тобы. Екіншіден, бұл әрекет үш аспектіні біріктіретін кешен: перцепция (қарым-қатынасқа қатысушылардың бірін-бірі қабылдауы), коммуникация (әңгімесушілер арасындағы ақпарат алмасу) және интеракция (әрекеттесу). Аталған қарым-қатынас компоненттерінің тұтастай қарым-қатынаста алатын орыны түрліше болады, бұл олардың әр-түрлілігін түсіндіреді.
Аталған іс-әрекет түрлері күнделікті өмірде міндетті түрде қайшыласып, әрекеттесіп, бірлесе не бір уақытта көрініс беретіні белгілі. Мысалы, белгілі қарым-қатынастың қатысуынсыз еңбек, оқу, не ойын әрекеттерінің болары ақылға қонымсыз. Еңбек әрекетінің элементтері әрбір әрекет түрінде бар. К.Д. Ушинскийдің өзі (1824-1870) оқу дегеніміз толық белсенділік пен ойлаудан тұратын еңбек деген. Іс-әрекеттің сипатталған төрт түрі де өмірлік маңызды. Мәселен, кәсіпкер-футолшы үшін футбол ойын емес еңбек. Дәл осыны, шығармашылық пен репродукцияны, қарым-қатынас пен білімді біріктірген, актерлік «ойынға» қатысты да айтуға болады. Кез-келген адами іс-әрекет кешенді, яғни көп пәнді және полимотивті болады.
Тағы да бір, кеңінен тараған, классикалық жіктеуде іс-әрекетті үш жетекші әрекеттерге ажыратады.
Іс-әрекеттің орындалу аясына қатысты маңызды психологиялық жіктеуде сыртқы (материалды) және ішкі (психикалық, ақыл-ой) әрекет деп ажыратады. Сыртқы әрекеттер материалдық аяда, шындықта бар материалды объектермен іске асырылады. Бұл адамның қоршаған ортадан тікелей және үздіксіз өндіретіні. Дәл осы алғашқы көріністі, объективтіні — іс-әрекет немесе мінез-құлық деп атап, көптеген ғылыми салалар, соның ішінде психология зерттейді.
Ішкі әрекеттер психикалық бейнелеудің идеалды түрінде бейнелер арқылы көрініс береді, яғни материалды емес, «екінші ретті» заттардың көмегімен. Ол объективті психикалық кеңістік пен уақытта емес, идеалды, ақыл-ой жүйесінде, психикада болады. Психиканың өзі тек бейнелеу нәтижесі емес, белгілі мөлшерде іс-әрекет болып табылады, сондықтан осы ішкі іс-әрекет психологияның зерттеу пәні болып табылады.
Материалды және психикалық әрекеттің динамикалы қатынасы іс-әрекет тақырыбындағы басты мәселелердің бірі. Ішкі әрекет – сыртқы әрекеттің интериоризациясы. Психика матерядан жасалған, сонымен қатар өзі матеря түзеді әрі экстериоризациялау арқылы матеряға айналады. Осы кезде психикалық бейнелер мен әрекеттер материализацияланады.
Психика материалдылық пен идеалдылықтың қатынасы, бірлігі. Ішкі және сыртқы әрекеттерде мұндай қатынасының болуы психикалық әрекет құрылымы жайлы мәселені көтереді. Отандық психологиялық зерттеулердің соңғы нәтижелеріне сүйенетін болсақ, материалды және психикалық әрекеттер аналогиялы. Алайда, бұл аналогия толық сәйкестік мағынасын қолдамайды. Идеалды әрекет — ықшам, редукциялы, сыртқы әрекеттен сапалы ерекшеленген. Ойлауға «өткен» материалды әрекет өзінің түп нұсқасына ұқсамайды.
Психикалық әрекет заттық және мотивацияланған. Алайда, ішкі іс-әрекет, мақсат, әрекет, міндеттер мен амалдар, бүгінгі психология ғылымда толық зерттелмеген. Психикалық әрекетті зерттеу ториясы мен тәжірибесінде шешімін тапаған мәселелер көп. Оның ішкі құрылымы қандай? Қандай құрылым бөліктері бүгінгі күні белгілі және қаншалықты зерттелген?
Көптеген еңбектер түйсіну мен қабылдауға негізделген перцептивті әрекетке арналған. Классикалық зерттеу нәтижелеріне айналған эксперименталды зерттеулер сериясы әйгілі отандық психолог А.В.Заппарожец (1905-1981) мектебінде орындалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет