Л. С. Выготский зерттеулеріндегі іс-әрекет бағытының негізделуі


Іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясын жасаудың негізгі бағыттары мен мәселелері



бет8/8
Дата02.12.2023
өлшемі85,2 Kb.
#132076
1   2   3   4   5   6   7   8
Іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясын жасаудың негізгі бағыттары мен мәселелері
XX ғасырдың басында Л.С.Выготский психологиядағы іс-әрекет бағытының нобанын белгіледі. Бұл кезде психотехниктер (еңбек психологиясының мамандары) еңбек іс-әрекеті түрлерінің профессиографиялық мазмұнын жетілдіріп, адамның еңбекке кәсіби жарамдылығы мәселелерін шешуге талпыныс жасады. Олар еңбекті еңбек іс-әрекеті ретінде қарастырды, бірақ олар бұдан психологияда жаңа пайда бола бастаған іс-әрекеттік бағытпен еш байланысты көрмейді.
XX ғасырдың ортасында С.Л.Рубинштейн психологиядағы субъектілік-іс-әрекеттік бағыт идеялар жүйесін ұсынып, дамытты. А.Н.Леонтьев іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясын жасап шығарды.
Еңбек психологиясының мамандары Н.Д.Левитов, Ю.Б.Котелова, К.К.Платонов және басқалары еңбекті оның психологиялық компоненттері жағынан қарастыра бастады. Еңбектің кәсіби еңбек іс-әрекет ретіндегі индивидуалды тұлғалық және әлеуметтік тұлғалық мәселелері қозғалды. Адамның еңбекке, еңбектің адамға, еңбектегі тұлғаның тұлғаға бейімделу мәселелері қойылды.
XX ғасырдың соңғы ширегінде Б.Ф.Ломов психологиядағы іс-әрекетті зерттеуде жүйелі әдіснаманы қолдану қажеттігін негіздеді. XX ғасырдың соңы іс-әрекет мәселесіндегі үш ғылыми мектептің маңызды үлесімен белгіленеді.
В.Д.Шадриков іс-әрекетті зерттеудегі жүйелік бағытты дамыта отырып, кәсіби іс-әрекеттің системогенезінің психологиялық теориясын жасайды және индивидуалды іс-әрекет пен қатынастар психологиясы мәселесін жаңаша қойды.
Психологиядағы субъектілі — іс-әрекеттік бағытты дамытушы А. В. Брушлинский іс-әрекет теориясын жасады. Мұнда әрекетке процесс ретінде, оның тұтастығына, субъектінің интегралдығы мен бірлігіне ерекше назар аударылды. Е.А.Климовтың іс-әрекет теориясын жасаудагы маңызды ғылыми үлесі еңбекке адам іс-әрекетінің әлеуметтік маңызды өнімі ретінде, адамға еңбек субъектісі ретінде бағытталды; еңбектің психологиялық белгілерін бөліп шығару және еңбекті жеке адамның кәсіби айқындалуы мәселелеріне байланысты жіктеу болып табылады.
Адамтану жүйесіндегі іс-әрекет бағытын Б.Г.Ананьев жасады. Ол адам іс-әрекетінің түрлерінің иерархиялық жүйесін айқындап, іс-әрекет субъектісі туралы бөлшектенген түсінікті енгізді. Оның ұйымдасуындағы тұлғалық және иидивидтік сипаттар арақатынасты «полярлы» және «молекулярлы» деңгейлерге бөледі. Психологиядағы іс-әрекет бағытына байланысты негізгі мәселелік жайттарды төмендегіше бөлуге болады:

  • Іс-әрекет категориясының психологиядағы басқа да категориялармен өзарақатынасы.

  • Іс-әрекет түрлерінің табиғаты мен арақатынасы.

  • Іс-әрекет және шығармашылық, іс-әрекеттегі шығармашылық, іс-әрекеттің адамның шығармашылық мүмкіндіктерін ашудағы ішкі байланысы.

  • Жеке адамның іс-әрекетінің басталуы.

  • Іс-әрекет және мінез-құлық.

  • Іс-әрекеттен еңбек түрлерінің пайда болуы мен өсуі.

  • Зерттеу мен практикалық тапсырмаларды шешуде іс-әрекет ұғымдарын пайдалану.

  • Іс-әрекет бағыты нұсқауларын салыстырмалы талдау.

  • Оқу іс-әрекет ретінде.

  • Қарым-қатынас іс-әрекет ретінде.

  • Жеке-дара және бірлескен іс-әрекет.

  • Іс-әрекет және өмірлік іс-әрекет.

  • Танымдық процестердің іс-әрекеттік табиғаты.

  • Тұлғааралық қарым-қатынастың іс-әрекеттік жанамалануы.

  • Іс-әрекеттегі биологиялық пен әлеуметтік арақатынас.

  • Ойлау мен оқытуды компьютерлендіру мәселелеріне пайдалану үшін іс-әрекет бағытын жетілдіру.

Іс-әрекет бағытының дербес бағыты ретінде сана мен іс-әрекет бірлігі принципінің нақты эмпирикалық түрі аталады.

Қорытынды


Іс-әрекетті теориялық зерттеудің үшінші кезеңінде, оның сондай маңызды болып келетін саналылық деген сапасын зерттеуіне кірісуге болады. Ол іс-әрекеттің өзінің қарама-қарсы трансформацияларында оның қажетті кезеңі ретінде көрінеді.
Үлгілілік сананың негізі бола отырып, тілдік мағыналар жүйесімен тығыз байланыста. Тіл деген «іс жүзінде басқа адамдар үшін бар және тек сол арқылы мен өзім үшін де бар болатын, нақты сана болады..». Адамдардың сөз сөйлеулері — олардың сөйлеу әрекеттестігінің қоғамдық
оқиғасы. Әрбір адам сөйлеген сөзін құрастыруға өз тыңдаушыларының көзқарастарын, сенімдерін, ұнататын және ұнатпайтындарын ескеруге ұмтылады. «Сөйленетін сөздер сол қарым-қатынас саласында, тап сол мәселеде, тап осы істе және т.б. қандай да бір белгілі позицияны ұстанады. Басқа позициялармен арақатынасын белгілемей, өз позициясын анықтауга болмайды».
Жеке адамның санасында дәл қажеттіліктер, қызығушылықтар, белгілі қоғамдық қатынастарға кіретін және сол жеке адаммен бірге сол немесе басқа біріккен іс-әрекетке қатысатын басқа адамдардың позициялары идеалды түрінде көрсетілген (оның ішінде жеке адамдар әр түрлі заттық және сөйлеу қарым-қатынас түрлерін жүзеге асырады). Жеке адамның жеке меншікті іс-әрекеті оның санасында идеалды түрінде ұсынылады, басқа адамдардың позицияларын ескере отырып, ол жоспарлана және бағалана алады. Басқаша айтқанда, сол бір адам, сонымен қатар белгілі қоғамдық қатынастардың өкілі ретінде шығып, қоғамдық адам сияқты іс істей бастайды. Бұл сапа ерекшеліктері адам перцепциясы деңгейінде, оның тікселей сырттай қарауында білінеді. «Затты адам сияқты көріп білу, — Э.В.Ильенков жазғандай, — оны «басқа адам көзімен» басқа барлық адамдардың көздерімен көріп білу дегенінің мәні «тайпасының…» өкілетті өкілі ретінде тікелей сырттай қарау актісінде алға шығу».
Жүйелі белгіленіп қойылған үш іс-әрекеттің теориялық зерттеу кезеңдері оның мазмұнын және құрылымын олардың маңызды да ажырамас идеалдық және саналылық сияқты сапаларымен айқындауға мүмкіншілік туғызады. Монистік психологиялық теория жасау жолында негізгі іс-әрекет ұғымы бойынша шешілмегеп көптеген мәселелер пайда болады, егер адам зерттеуінде әр қадам мен іс-әрекеттік әдіс-амалдың мүмкіндіктерін және талаптарын басшылыққа алса, онда олар припципінде шешілген бола алады.

Пайдаланылған әдебиеттер


1.Қоңыратбаева Т.Ә.Халық педоогикасы және оны оқу тәрбие ісіне ендіру жолдары.Алматы.1993


2.Аймауытов Ж.Психология.Алматы 1995
3.Тәжбаева Т.Жалпы психология.Алматы 1991


Студенттерге арналған ақпараттық желілер
https://kazaksha.info/%D1%80%D0%B5%D1%84%D0%B5%D1%80%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80/%D1%96%D1%81-%D3%99%D1%80%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D1%82-%D0%BF%D1%81%D0%B8%D1%85%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B/


https://malimetter.kz/is-areket-turleri/

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет