осы жөнелтпемен жолдап отырған құпия
баяндамалық жазбамызда Қожанов пен
оның адамдарының (түгелге жуық «Бір-
лік туынан») бұрынғы буржуазиялық-
ұлтшыл ұйым «Алаш-Орданың» аса
көрнекті басшыларымен идеялық бай-
ланысы жəне бірлесіп атқарған жұмысы
дəл анықталған. Осы «бірлік-туылық»
ұйымның «солшыл» коммунизмді жа-
мыл ғы етіп, партия мен совет өкіметін
ірітетін жүйелі контрреволюциялық жұ -
мысын біз құжатты-деректі түрде айқын-
дап отырмыз...
Қызметкерлердің қазақ бөлігінің ба-
сынан Компартияға жат адамдарды көр-
генде, оларды іс жүзінде компартияға
ымыраласпас-жау адамдардың, (фор-
малды түрде) партияда жоқ адамдардың
басқарып отырғанын көргенде, олардың
жастарды анық антикоммунистік рухта
тəрбиелеп жүргенін, Партия мен Совет
өкіметінің негізін туземдік халықтың
өзінің қалың ортасында анық қажап-
шай қалтып отырғанын, партияның үл-
кен материалдық шығындармен жа са-
ғандарының бəрін біртіндеп қауса тып
жатқанын, топшылдық ырың-жы рың
салдарынан партияның атын асыра пай-
даланып жүргендерін көргенде – мұн дай
жағдайда кез-келген одан арғы жұмыс
əрбір адал партия мүшесі үшін мəнсіз жəне
тіпті қауіпті болып кеткенін сезесің...
Ал, тура осы кезде артта қалған
Түркістанда (қазақ бөлігінде) барлық
саясатқа бұрынғы «Алаш-Ордашылар»
басшылық жасауда. Өте қалыпты емес
жəне шатасқан ахуал орнап тұр. Сон-
дықтан біз: шетсіз-шексіз топ шылдық-
ұлт тық
қақтығыстар
ахуа лын дағы
жер гі лікті ұйымдар дегенмен біздің ары-
зы мызға сəйкес тиісті сауықтырғыш
шаралар қабылдай алмайды ғой деп
ойлаймыз, сондай-ақ тіпті біздің көтеріп
отырған мəселемізді бүркемелеп тас тай
ма деп қауіптенеміз (оның үстіне қазір
РКП ОК Оразбюросының (Средазбюро,
Орталық Азия Бюросының – Б.Қ.) бас-
шылары жаңа адамдар болып табылады).
Сондықтан бұл іске ОБК мен РКП ОК-нің
тікелей араласуын күтеміз. Бірақ мына-
ны мəлімдейміз: қазақ қызметкерлерінің
шын мəніндегі коммунистік бөлігі мен
Тағдыр
№2 2015 А И АТ
79
79
жастар арасында мұндай бас көтеру пісіп-
жетілді жəне оны басып тастау қиын.
Бұл мəселе жөнінен біз өз тарапы-
мыздан ең алдымен ГПУ желісі бойын-
ша Қожанов пен оның адамдарының,
сондай-ақ Түркістанда жəне оның сыр-
тында тұрып жатқан Алаш-Орда қай-
раткерлерінің пəтерлеріне тінту жүр-
гізуді талап етеміз. Бұл шара Алаш-Орда
ұйымдарының осы бағыттағы қыз метін
сөзсіз көзбе-көз анықтап береді. Шын дап
келгенде онсыз да фактілер жетіп арты-
лады. Партияның саналы мүшелерінің
тұтас бір қатары қандай да бір анти-
коммунистік ұйым туралы айтып тұрса,
тиісті мемлекеттік органдар шара қол-
дануға тиіс, бұл шара адамдардың алып
отырған лауазымына қарамастан жүр-
гізілуі керек деп ойлаймыз.
Қалай болғанда да ОБК мен РКП ОК
тарапынан не олай, не былай бағыт талған
шұғыл шешім мен іс-шарасы жасалуын
күтеміз» (Б.Қойшыбай. Т. Рысқұловтың
Сталинге хаттары. «Абай» ақпарат пор-
талы).
1924 жылы бұрын біртұтас Түркістан
өлкесіне қарап келген Орта Азия халық-
тарын ұлттық республикаларға бөліп, терри-
ториялық жағынан межелеу жүргізіліп, одан
Жетісу мен Сырдария облыстары бөлініп алы-
нып, Қазақстанға қаратылды. Бұл өзге рістер
қазан төңкерісінің барысында азат тық алған
əрбір ұлт өзін-өзі билеуі керек деген «лениндік
ұлт саясатын» жүзеге асыру деген ұранмен
өткені белгілі. Мұны бұ рындары бодандықта
болып келген Орта Азия халықтарының
көпшілігі енді жеке азат ел боламыз деп, бөркін
аспанға лақтырып, қуанғаны да, қолдағаны да
рас. Солай бола тұра мұндай саясаттың шын
мəніндегі азаттық, халықтық сыпатына С.
Қожанов күмəнмен қарады. Отаршылдардың
зымиян саясатына деген іштей сенімсіздік
көңілді күпті қылып, тұтас жатқан халықтың
бөлшектенуге түсіп жатқаны алаңдатып,
онша елпілдей қоймады. Сөйтіп, ол біртұтас
елді бөлшектеуден гөрі экономикалық жəне
саяси-əкімшілік жағынан біртұтас Орта Азия
федерациясын құруды жақтады.
С. Қожанов «түркі тайпалары бірың-
ғай түркі тектес халықтарды құра ған»,
сондықтан да, түрлі түркі тайпаларынан
тұратын біртұтас түркі халықтарын бөл-
шектеуге болмайды; «оларды жасан ды түрде
айыруға болмайды» деп, жазды. Шындығына
келгенде, мұның өзі бір тұтас жатқан түркі
əлемін іштей этностық белгілеріне қарай,
бөлшектеп бұзу да болатын. Мұны алғаш рет
сезіне білгендердің қатарында С. Қожанов
та болды. Оның үстіне мұның өзі біртұтас
Орта Азиялық экономикалық аймақтың
бұзылуына алып келетіндігін де ескертті. С.
Қожановтың осы кезде ұстанған бағыты оны
тек өз ұлты ның қамын ойлаған тар ұлтшыл
ретінде емес, күллі түркі бірлігін ойлаған
түркішіл қайраткер биігіне көтерді. Ол басқа
амалдың жоқтығынан жұртының жайын
ойлап, жоғын жоқтауды жалғастыра берді.
Осы кездерде жазылған «Осы күнге дейін
бір болып келген, шаруа жағынан жігі
ашылмаған Түркістан енді тозып, төрт-
бес мемлекет болып отыр. Басқалар Орта
Азия шаруа бірлігін жасап, бірден бөлініп
кетпестен, шаруа істерін бір жөнмен
жүргізбек болып отырғанда, Орта Азиядан
қазақ облыстары шықты саналып отыр.
Жетісу мен Сырдария шаруа жағынан, əлі
де болса, Қазақстаннан гөрі, Орта Азия
мемлекеттеріне байланысты» («Ақ жол»,
14.11.1924), – деген жолдардан Сұлтанбектің
осы мəселеге деген түркішілдік көзқарасы
анық байқалады.
С. Қожановтың қайраткерлігі 1924
жылы Түркістан республикасының Қа зақс-
тан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тəжікстан,
Түркіменстан болып бөлініп, ұлттық-
территориялық межеленуі кезінде ерекше
көзге түсті. Ол 1924 жылы қараша айын-
да жаңадан құрылған РК(б)П Қазақ обко-
мының, 1925 жылдың ақпанынан өлкелік
партия комитетінің екінші хатшысы қыз-
метін атқарды. Осы жылдары ол астананы
Ақмешіт қаласына алып келді. Сұлтанбек
қазақ елінің жаңа астанасы болатын қала
бірнеше талаптарға жауап бере алатын бо-
луы керек деп білді. «Қазақстан астана-
сы орыстың туы тігілген қалада емес,
қаласы жоқтықтан қазақтың киіз үйінде
болса да, қазақ ұлты жұртшылығына
жуық болуы керек» («Ақ жол», 16.12.1924);
«Қайда болса да Қазақстан кіндігі қазақ
ішінде болсын. Киіз үйге орнаса да, қалың
қазақтың ортасы болсын. Олай ойламай,
əдемі үй, жайлы мекеме іздеп кетсек,
бір күн де болса кешікпекпіз. Бір мезгіл
де болса, қазақтың ұлт тіршілігін, ұлт
мемлекетін жасау игілік істерін кенже
қалдырмақпыз...
Қазақстанның жаңа бас қаласы кін-
дігі үлкен жолдың үстінде, қатынасқа
ыңғайлы, барлық гүбірналарға байланы-
сы бар орталық жерде болсын....
Аты аталып жүрген Ақмешіт қаласы
түстігі Қарақалпақ облысы мен Сырда-
рия гүбернасы, күншығысы Жетісу, теріс
түстігі Ақмола мен Торғай, күнбатысы
Ақтөбе мен Орал болып, үлкен жолдың
үстінде тұрған ыңғайлы қала» («Ақ
жол», 28.01.1925) – деп, Ақмешіт қаласын
Дандай ЫСҚАҚҰЛЫ. Қазақ мемлекетінің іргесін қаласқан қазақ
№2 2015 А И АТ
80
80
Қазақстанның астанасы қылуға, оның
атының Қызылорда болып өзгеруіне
мұрындық болды. Қазақ елі жеке мем-
лекет болып құрылған соң, оның патша
өкіметінің кемсітуімен «киргиз» аталып
келгенін өзгертіп, халықтың тарихи «қазақ»
атауының қайта қалпына келуін жүзеге асыр-
ды.
Қазақстанның басшылығында бір жыл -
дай ғана қызмет атқарған С. Қожанов азамат-
тықтың, халыққа қызмет етудің асқан үлгісін
көрсетіп, елінің есінде қаларлық талай-талай
тарихи жұмыстардың басы-қасында жүрді.
Жаңадан құрылған мемле кеттің шегара-
сын межелеп, ел экономикасын өркендету,
қазақ халқының ұлттық құндылықтарын
сақтап, ұлттық дəстүрлерін, əдебиеті мен
мəдениетін дамыта түсу жолында қы руар
жұмыстар атқарылды. Сол кезде жүр гізілген
пролеткультшілдік саясаттың зар да бы нан
ұлттық мəдениеттердің көп зардап шеккені
белгілі. Осындай қауіп төнген Наурыз мей-
рамына Сұлтанбек сол кездің өзінде-ақ
араша түсті: «22-ші март – Наурыз мей-
рамы. Күншығыс халқына тегіс мейрам
қылып өткізу салт болған күн. Мұны көп
білгіштер дін мейрамы деп жиреніп, лажы
болса, құртып жіберу керек деп сопы-
шылсынып, аңқау елге арамза молдалық
соғатын қазақ коммунист жолдастар-
дан бар екен. Наурызға арналған намаз
жоқ. Наурызда құрбан шалынып, құран
оқылмайды. Наурыз – жыл басы. Наурыз
– күн мен түннің теңеліп, күннің асып
кетіп бара жатқан уағына дəл келетін мей-
рам. Наурыз – мұсылмандықтан бұрын
шыққан мейрам. Наурыз – ел шаруасымен
күн кө ріп, табиғат шарттарына тұрмысы
көбірек байланысқан елдің тұрмысы ту-
дырып отырған мейрам. Жұрт қысқы
қысымшылықтан құтылып, малы жұт
қаупінен құтылып, аман қалған малы
балалап, қорасы көбейіп жатқан, өздері
егін шаруасына қам қылып, қасиетті
жаз маусымында байлығын молайтудың,
табиғаттың иіп тұрған кезінде қолынан
келгенше көп өндіріп қалудың шара-
сын істеп, абыр-сабыр болып жатқан ел
шаруаларының талабы қозған ең көңілді
уақыты – көктем. Сол көктемнің басы
– Наурыз» («Еңбекші қазақ», 22.03.1925).
Өкі нішке орай, бір кездерде Сұлтанбектер
осылайша бағалаған осы бір нағыз ха-
лықтық мейрамның кеңестік кезеңде көп
уақыттар бойы бағы ашылмай, өткен ғасыр-
дың сексенінші жылдарына шейін жал пы-
халықтық деңгейде өткізілмей келгені тағы
да шындық. Міне, осы сияқты халық үшін
атқарған қызметтері үшін Сұлтанбекті он-
ша жақтыра бермеген замандастарының өзі
оның адамгершілік, іскерлік, ұйымдас ты-
рушылық, қарапайымдылық, ұлтшылдық,
қайраткерлік секілді жан-жақты азамат
екендігін мойындауға мəжбүр болған. Со-
лардың бірі Сəбит Мұқанов өмірбаяндық
«Ме нің мектептерім» романдарының үшін -
ші кітабында былай деп жазыпты: «Сұл -
танбекті «өзімшіл, кекшіл, шамасы
келсе қырына алған адамды оң дыр-
май ды, қузаған адамның қыр соңы нан
қалмайды, құртпай тынбайды» деп ес-
тігем. Сондықтан «батырға да жан ке-
рек» дегендей, «барсам, барайын, – деген
ой келген маған, – сөйлесейін, өзінің əуе-
ніне қарай кеңесейін, аржағын көре жа-
тар мын.
Обкомдағы кабинетіне барған мені
Сұлтанбек жылы шыраймен қарсы
алып, шүйіркелесе, теңдесе сөйлесті.
Оның да өлең жазатынын сонда ғана
біл дім. Ташкентте қазақ тілінде шы-
ғатын «Ақжол» газеті мен «Шолпан»
журналындағы «Тоқпақ» жəне «Заман-
дас» соның псевдонимі екен. Бірінші рет
сөйлесуім демей, ол біраз пікірін ашық ай-
тып салды. Саясат жайын, оның өткені,
кəзіргісі, болашағы жайын айта кеп, менің
баспасөзде жариялаған шығар маларыма
(ол жалпы əдебиетті, оның ішінде қазақ
баспасөзін көп оқитын адам екен) бағасын
бере кеп, былай деді (бұдан былай оны
оқушыға түсініксіз тілмен сөйлетпей-ақ
қоялық):
– Сен, Сəбит шырағым, – деді жасы
үлкен ағалық ақылы сияқты дауыс пен,
– «пролетариат жазушысы болам» дегенді
қойсайшы. Сəкен ғой осы жоқ нəрсені
бар қылам деп жүрген. Ең алдымен, сол
Сəкеннің өзі бола алмайды ғой пролета-
риат жазушысы. Қайдан болады ол? «Бай
ұлы болсаң, Адай бол, Арғын болсаң, Ал-
тай бол» демей ме қазақ? Сол Алтайдың
ішінде Сəкен ең ірі атаның бірі Жəнібекке
жататын көрінеді. Əкесі Сейфолла
серілік құрғаннан басқаны білмеген.
Сəкен соның мырза баласы боп өскен.
Революцияға араласуы – əлдеқалай бір
нəрсе. Мырзадан револю цио нер шыққан
емес... Іштей толып жатқан таласым бола
тұра, «бетін түгел көріп алайын» деген
оймен Сұлтанбекке қар сы жауап айтқан
жоқпын. Менің өз жайыма келгенде,
астыма көпшік қоя сөйлеп:
– Сен, əрине, талантты жастың бірі-
сің. Биографияңнан да хабарым бар.
Сенің əдебиетте де кедейшіл болмауға
правоң жоқ. Өлеңдеріңнің көркемдігі
жетіп болмағанмен, мазмұн жағынан
Тағдыр
№2 2015 А И АТ
81
81
өз бағытыңда жаман шықпайды. Көр-
кемдік жағынан өсуге уақытың бар, əлі
жассың. Қызыл езулікті қою керек те,
шеберлену жағына күш салу керек. Бұл
саған шын ағалық, адамдық жүректен
айтып отырған сөзім, – деді» (С. Мұқанов.
Таңдамалы шығармалар. Он бірінші том.
Алматы, 1977, 131-132 беттер). Бұл
Сəбиттің С. Қожановпен алғашқы кезде-
суінен алған əсері болса, екінші рет кездесуі
жайлы төмендегідей жолдар қалдырыпты:
«Содан кейін Сұлтанбек Қожановпен
кездесуім – Орынбордан Ақмешітке жө-
неп бара жатқан поездың үстінде. Оған
да себеп – Сұлтанбек Қожановтың өзі
болды. Ол мейлінше көпшіл адам бола-
тын. Естуімізше, «үлкен қызметкермін»
демей, бұрын да базарларға, мектептерге,
студенттердің жатақ үйлеріне... дегендей,
көпшілік жүретін жерлерге жиі араласа-
ды дейтін. Ол сөздің анығын Орынборда
көрдік. «Қожанов онда барыпты, мұнда
барыпты, олай депті, бұлай депті...»деген
хабар күн сайын естіліп жатты. Бір күні
біздің рабфактың жатақханасына келіп
(мен жоқ едім), бөлмелерді аралап, сту-
денттермен кеңесіп, қалжыңдасып, асха-
наға барып, тамақ ішіп кетіпті. Бұ ны сын
біреулер «көпшілдігі» десе, енді біреулер
«көсем болуға даярланып жүруі, көптің
ықыласын өзіне тартуы» деседі.
Сұлтанбек осы көпшілдігін бір күні
поезд ішінде де көрсетіп, состав жүйтки
айдап келе жатқан шақта біздің вагонға
да кіріп келді...
– Бəріңді қонаққа шақыра келдім, –
деді ол... Сонда көрсем, Сұлтанбек шы-
нында да адамшылық қасиеттері мол,
ойыншы, күлкіші, əзілқой, кеңесқор, əде-
биет пен көркемөнерді сүйетін кісі екен»
(сонда). Жалпы, С. Мұқановтың ұлт шыл
Сұл танбекті көзқарастық жағынан онша
ұната бермегені белгілі. Солай бола тұра,
өмірде өз көзімен көргенін жазған Сəбит
өмір шындығынан ауытқымай, сол күйінде
мөл діретіп жеткізе алған.
С. Қожанов республика басшылығын-
дағы қызметінде негізгі саяси-ұйымдастыру-
шылық,
шаруашылық
мəселелерімен
бір ге қоғамдық өмірдің əсіресе ұлт, жер,
оқу-ағарту жақтарына ерекше көңіл бөлді.
1924-1925 жылдардағы Қазақстанның сая-
си-мəдени, экономикалық өмірінде С. Қо-
жа нов араласпаған, ізі қалмаған сала жоқ
шығар, сірə. Сұлтанбектің қайраткерлік
қабілеті 1924-1925 жылдары Түркістан ре-
спубликасынан Ортаазиялық ұлттық рес-
публикалардың бөлініп шығып, ұлттық-
аумақ тық шекарасын межелеу кезінде
айрық ша көзге түсті. Қазір Еуразияда
ұлан-ғайыр территоряны алып жатқан Қа-
зақ станның осыншалық аумаққа ие болып
қалуына бір кездерде Сұлтанбектердің шы-
рылдап жүріп ат салысқанын бүгінгі ұрпақ
еш уақытта ұмытпауы керек. Бұл туралы ол
«Орта Азиядан енші алыста ақы иесі екеу
болса, бірі, санға кіретіннің ең үлкені бо-
луы керек. Олай болмағанда, ұлт шегін
ажырату тура жолмен жүргізілмегені бо-
лады», – деп мəселені ашық қойып, «Қа-
зақстан аспанда емес, жерде болмақ.
Қа зақ ұлты қоныс қылып пайдаланып
отырған жердің барлығы Қазақстан мем-
лекетіне кірмек» («Ақ жол», 08.08.1924);
«Шекара бөлінісінен, дүние үле сі нен қа-
зақ ұтып шықпағаны рас. Һəр ұлттың
өкілдері өз ұлтының ғана пайдасын көз-
деп, барлығы да даушы болды. Қазақ уə-
кілдері дауласуда ешкімнен кейін қал ған
жоқ, оздырмаса...» («Ақ жол», 26.10.1924)
– деп жазыпты.
Барлық уақыттарда да жер мəселесі
аса маңызды мəселе ретінде күн тəртібінен
түспеген. 1917 жылғы ақпан төңкерісінен
кейін орыс отарлығынан құтылып, тəуел-
сіздік аламыз, жерімізге иелік етеміз де-
ген халықтың үміті ақталмады; керісінше,
билік басына келген большевиктер қазақтың
жерін тартып алуды бұрынғыдан бетер
үдете түсті. Əділеттілікті талап етіп, оған
қарсы шыққандардың барлығы қуғынға
ұшырады. Қазақстан Түркістаннан енші
алып, жеке мемлекет болып, өмір сүре бас-
та ғанда да бұл мəселе барынша ушығып
тұр еді. Мұндай жағдайға билік басын-
да жүрген С. Қожанов та шыдай алмай,
ашық қарсы шықты. Қазақтың жерін түрлі
айла-амалдармен алдап алып жатқанын
əшкерелеп мақала жазды: «Қазақтың жерін
орыс алғанда, ескі хүкімет зорлығына
жол тауып, закон жасап беру – қазақтың
өзінен шыққан амалдылардың міндеті
еді. Өзі арқасы қышып, жеріміз артық
деп қазақ халқы приагуор бергені,
жерімізге өрнек көрсету үшін орыс ор-
насын деген өтініштер, диқаншылыққа
лайық жерлерді орысқа беріп, өзіміз
мал қонысына көшеміз деген қазақ
атынан ынтымақшылдық – барлығы
атқамінерлер мен амалдарлардың өнері
болушы еді…
Пішпек уезі Ботпай болысында Əлі-
құл, Қосшы деген атқамінерлер Шу
бойын дағы орыс поселкелерінің орыс-
та рына 50 десятина жерін сатты. Қа зақ
айдағалы барса, орыстар сатып алдық деп
жуытпайды. Болыс исполком бастығы
Желеу Алдабергенұлына, ауыл исполком
Дандай ЫСҚАҚҰЛЫ. Қазақ мемлекетінің іргесін қаласқан қазақ
№2 2015 А И АТ
82
82
бастығы Əбижан Əлі байұлына қазақ
арыз беріп барса, тың дамай, өздеріне
ұрсып жібереді. Ол жер бос жатқан соң,
күші жеткен орыстар өз бетімен келіп егін
егіп жатыр, тоқтата алмаймыз дейді.
Бұл бір Ботпай болысында емес, һəр
жерде болып жатқан болса керек. Бір жер-
де амалдарлар, бір жерде атқамінерлер, бір
жерде жұрттың өзі керікеткендік қылып,
теңсерікке иə басы бүтін жерлерін орыс
байларына өткізіп жатқаны. Мысалы,
Жетісуда көп болса керек. Мұны алдын
алып ескеріп, себебін түсініп, шарасын
қарастырмаса, ана жылғы жер реформа-
сы, «жер жетпейді» деп күнде дауласып
жүрген əрекет – барлығы далаға кететін
түрі бар» (Тілші, 1924 жыл, 21 сəуір,
№105) – деп, қазақтардың алданып қалып
жатқанын ашына айтқан. Тіпті, осы жерде
жерді сатуға болмайтынын ескерткендей де
болады. Ары қарай осындай жағдайдың əлі
де жалғасып жатқанын, бұған қарап отыра
беруге болмайтынын айта келіп, жерден
айрылмаудың жолдарын көрсетеді: «…берсе
қолынан, бермесе жолынан қылып, баса-
көктеп шеттен келіп жатқан орыс тар
көп екен. Оның үстіне əлі келмегендер
болып, атқамінерлер болып жер өткізіп,
орыс жуан жұдырықтарын бұрынғыдан
бетер жуандатуға себеп болып жатқанға
ұқсайды. Орнығып отырмай, қадағалап
артына түспей, ерінбей еңбек сіңірмей, ие
боламын демек, «жер менікі» деп таласпақ,
пішен қорыған иттік екенін қанша
таңдайына татса да, жұрт түсінбегенге
ұқсайды. Жер түгілі, отырған үйіне ие
бола алмағандар да бар екен.
Дегерес болысы, Көлқамыста айу-
ан Колесников деген жуан жұдырық бір
Əбжан деген қазақ кедейдің баспанасына
жала қылып, соттасып жүр екен. Үйі өз
билеуінде, ішінде өзі отырып, Əбжанның
зəресі ұшып отыр. Айуан бір зəкүн тауып,
айдап шыға ма деп» (сонда). Мақаланың
соңғы жағындағы «айуан Колесников деген
жуан жұдырық» деген жолдарды оқығанда,
қарапайым қазақ кедейіне жасап жатқан
зорлықтарға деген автордың ашу-ызасын
анық сезінгендей боласыз.
С. Қожановтың есебінше, осы кезде
Достарыңызбен бөлісу: |