етуі мүмкін? 1465 жылы Қазақ хандығы
құрылғанға дейінгі ел территориясын-
да билік құрған мемлекеттер басқа
ұлттардың талас-тартысына түсіп кет-
пей ме? Тамыры терең тарихымыз 550
жылдың шеңберімен шектеліп қалмай
ма?
– Қазақ мемлекеттігінің тарихы – көш-
пелі Түркі қағанаттарының тарихы. Одан
өзін ешкім де бөлшектеп əкете алмайды.
Біз, осы той арқылы кешегі ұлы қаға нат-
тардың, Түркі қағанаттарының, Шың ғыс
хан ұлыстарының, одан бөлініп шық қан
Жошы ұлысының, сол аумақта құрылған
Алтын Орданың орнындағы бірден-бір
тəуелсіз мемлекет екендігімізді осы
жолы əлемге таратуымыз керек. Биыл-
ғы Қазақ хандығының 550 жылдығын
қаперге алған сəттен бастап, Ресейде
БАҚ-ры бізге қарсы насихат жүргізіп
үлгерді. Оған біздің тарихшылар, БАҚ
онша мəн бере қойған жоқ. Ресей тарапы
Тұрсын ЖҰРТБАЙ. «Сөйтіп, қазақ хандығы сыртқы күштің əсерінен жойылды...»
№2 2015 А И АТ
7
Ашықтан-ашық Алтын Орда ұлысының
астанасы Ресейдің жерінде екенін алға
тартып, Алтын Орда хандығын Ресейдің
негізі етіп көрсеткісі келеді. Мұның түпкі
мақсаты кезінде Алтын Ордаға қараған
ұлыстар, одан бөлініп шыққан қазіргі
ұлттар: қырымшақтар, ноғайлар, татар-
лар, башқұрттар, қазақтар, əзірбайжандар,
армян, өзбектер, түрікмен, тəжіктердің
жері Ресейдің заңды жері екенін дəлелдеп
бағуда. Бұл, Кедендік одақ, ЕАЭО-ты сая-
си тұрғыда бекітіп, қазіргі Ресейдің басты
белсенді бағыты болып отырған, Кеңес
Одағын қайта қалпына келтірудің амалы.
Бұл мəселеге бей-жай қарамай, ерекше ден
қою керек.
– Қазақ хандығының 550 жылдығын
тойлағаннан кейін, төл тарихты бүге-
шігесіне дейін таразылап, ұлттық та-
ным тұрғысынан зерделеу керек пе?
Қазақ хандығының Ресейге қосылуы,
орыс империалистерінің ықпалы, ішкі
араздықтар секілді түйткілді мəселелерді
қоғамға қалай жеткізуіміз керек?
– Қазақ хандығы сыртқы күштердің əсе-
рінен Ресей империясына Одақтың келі-
сімшартпен арқа сүйеді. Ол келісім шартқа
сəйкес, қазақтың жері экономикасы, діні,
өмір сүру формасы, өзіндік қауіпсіздігі
өзінде болуы керек еді. Ресейге тек сырттай
одақтастық ретінде құқық берілген. Бірақ,
Ре сей жымысқы саясат жүргізіп, қазақ жерін
бір те-бірте аннекциялады, яғни еркінен тыс
жаулап алды . Сөйтіп, ХІХ ғасырда қазақ
жері патшаның меншігі деп жариялан-
ды. Яғни, Қазақ хандығы сыртқы күштің
əсерінен жойылды. Соған қарамастан,
Жоламан бидің, Қасымның, Кенесарының
көтерілістері ұлт-азаттық қозғалыс
ретінде қайтадан бас көтерді. Кене-
сарының
шартында
жазылғандай,
жерін, елін, ішкі экономикасын, діні мен
тілін қазаққа қайтарғысы келді. Ал,
бақталастық, арандату секілді ұсақ-түйек
оқиғалар көп екені рас. Бұл əр мемлекеттің,
əр билеушінің басынан өткен жəне өтетін
табиғи заңдылықтар. Ерекше тоқталып, мəн
берудің қажеті жоқ.
– Осы тұста Алаш қайраткерлеріне
ерекше тоқтала кетсеңіз...
– Алаш көсемі Əлихан Бөкейхановтың
алдына қойған мақсатының ең ұлысы
Қазақ хандығының шекарасын қалпына
келтіру, өзінің тəуелсіз мемлекетін құру,
экономикасын, рухани дүниесін заңын,
дəстүрін тəуелсіз тұрғыда дамыту. Ұлт-
тық демократиялық мемлекет құру. Оның
басты шарты қазақтың жерін сақтап,
территориясын бекіту. Өйткені, жер
– Отан, мемлекет, күнкөріс, азаттық.
Қазақ ұл тының өзін-өзі реттейтін,
дамитын қасиетті кеңістігі, барлық
ұлттың меншігі. Бүгінгідей Хан тəңірінің
басына еркін шыға алмасақ, оның əр бір
сайы біреудің жеке меншігінде болса, онда
Хан тəңірінің биіктігінен қазақ халқына
не пайда? Сондықтан, ортақ намыс, сезім,
қасиет болу үшін жер ұлттық меншік бо-
луы керек. Бұл Қазақ мемлекетінің меншігі.
Осы мақсат жолында, қазақ ұлтының əлем
халықтарымен иығын тең ұстап тұруы үшін
ұлттық, демократиялық мемлекет керек.
Бұл Ғұн дəуіріндегі Қағанаттармен, түрік
қағанаттары, Шыңғыс хан ұлыстары, Ақ
Орда, қазақ хандығындағы басты талап еді.
Алаш қайраткерлері осы идеяны ұстанды.
Жəне Қазақ хандығының 550 жылдығын
тойлау Алаш идеясының салтанат құруы
деп есептеймін.
– 550 жылдықты тойлауға байланыс-
ты түрлі ұсыныстар жасалып жатыр.
Ұлы тойды Шу мен Талас өзендерінің
алқабында тойлау, сериал түсіру т.б.
Сіздің ұсынысыңыз қандай?
– Ел қамын жеген Едіге сияқты ұлы
тұлғаларымыздың əр қайсысының іс əрекеті,
саясаты, мақсат-мұраттары осы тұста ке-
ңінен талқылануы тиіс. Жəне бұл тойда
дүниежүзінің ауқымында назар аударып,
Қазақ халқының тарихын мойындайтындай
деңгейде болуы керек . Ішкі ойы қазаққа
жат, сыртымен ғана дос болған кез кел-
ген көрші елдердің назарын аударту керек.
Осы тойдың екпіні Куликово шайқасы,
Қалқа шайқасы сияқты жалған тарихи
негіздері бар, бұрмаланған оқиғалардың
мысын басып, тарихтың ақтаңдақ бет-
тердегі «шаңды» өшіруі керек. Сонда
ғана біз ұлттық мерекеміз қалыптасқан
ұлт, бүгінгіше айтсақ, бəсекеге қабілетті
мемлекет ретінде мойындата аламыз.
Егер, Қазақ хандығына Керей мен Жəнібек
үлкен күш салды немесе Қасым үлес
қосты, Қазақ хандығы Ұлытаудың бауы-
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай
№2 2015 А И АТ
8
рында құрылды немесе Шудың бойында
негізі қаланды, Өлкеаяқта жасақталды,
Сығанақта
құрылды
деген
секілді
деректерді алға тартып, əр бұлақтың ба-
сына тартсақ, бұл тойдан береке кетеді.
Мұндай ала пиғылды ойлар болмауы ке-
рек. Менің ойымша, тойдың төрі – Ұлытау,
соның биігіне біз өзге халықтардың алдын-
да бүкіл көшпелілердің өмірін елестетіп,
солардың ұлы оқиғаларын еске түсіріп,
өзгелерге иығымызды тік ұстап қарауымыз
керек. Кешегі Александр Македонскийдің,
Дарийдің, Кирдің шапқыншылық жорық-
тарына қасқайып қарсы тұрған Шырақ,
Томирис, Зарина сияқты тұлғаларға қал-
қан болған қазақ даласының кіндігі –
Ұлытау мекені. Түркі қағанаты тұсында да,
Моңғол шапқыншылығы кезінде де, Қазақ
хандығы құрылған кезде де, «Ақтабан
шұбырынды» тұсында да қазақ халқы кең
даланың əр пұшпағынан жиылып келіп,
осы Ұлытаудың айналасындағы ұлы далаға
шоғырланған. Сол арада бас қосып, күш
біріктірген. Сондықтан да, Ұлытау –
қазақ тарихының шежіресі. Ұлытау
– кешегі Батыс Түрік қағанатының,
Жошы ұлысының, Қазақ хандығының
«Ақтабан шұбырынды» жəне бодандық
жыл да рындағы Кенесарының панасы
болған азаттық ұясы. Яғни, əр заманда,
əр кезеңде Ұлытаудың бауырына жиы-
лып, бірлік үшін таңба салып, анттасқан
қазақтың соңғы ханы, азаттықты ұрандаған
Кенесарының ордасы, киелі шаңырағы.
Сондықтан, Ұлытау Қазақ халқының айбы-
нын көтеріп, өзгелердің мысын басатын ұя.
Біз соны асқақтата білуіміз керек. Жошының
мавзолейі, Алаша хан, Ақсақ Темірдің
тастағы таңбасы, Аяққамырдағы ұлы
ескерткіштер, Едіге тауы, Қалмаққырған
атауы Ұлытау ұлылығының айғағы. Осы
тарихи айғақтарды өзгеге көрсету арқылы
біз өз тарихымызды заттай дəлелдей ала-
мыз. Ал, заттай дəлелденген нəрсеге ешкім
де қарсы тұра алмайды.
– Əңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан Жания ƏБДІБЕК
Тұрсын ЖҰРТБАЙ. «Сөйтіп, қазақ хандығы сыртқы күштің əсерінен жойылды...»
Қазақтар туралы атақты
шетелдіктер не дейді?
Кейде өзіңді тану үшін өзгенің пікіріне
де құлақ түрген артық емес. Төменде
қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне
біршама қанық атақты шетелдіктердің
біздің хал қымызға берген бағасын ұсынып
отырмыз. Шетелдіктердің аузымен
айтылған ақиқатқа тіпті мақтанғың
да келеді.
…Олар (қазақтар немесе көшпелілер) бие
сүтін ақ шарап тəрізді ішеді, кемиус деп атай-
ды, өте дəмді. Қарулары садақ, семсер жəне
шоқпар. Садақ атудың нағыз шебері... Қажет
болса айшылық жолға ешқандай азықсыз
шығады …Қажет болса қару-жарағымен
түнді ат үстінде өткізуге бар. Қиындық
пен мұқтаждыққа кімнен де болса төзімді.
«Кни га Марко Поло о разнообразии мира,
запи сана пизанцем Рустикано в 1298 о р.х»
Марко Поло,
италян саяхатшысы
Ұлы Татарияда (қазақ даласы) болдым.
Олар нан жеп, шарап ішпейді, оның
есесіне бие мен түйе сүтін ішеді. Кең
жайы лымда өздерінің бар байлығын артып
алып, қатын-бала, мал-мүлкімен көшіп-қо-
нып жүреді. Олар өз хандарын ақ кигізге
отырғызып, үш рет жоғары көтереді.
Жорық кезіндегі азапты тауқыметке сон-
дай көнбіс. «О великой Татарии»
Иоган Шильтбергер,
көне бавар жауын гері
Қазақтар қан төгуге құштар емес, біреу ді
өлтіргеннен гөрі тұтқынға алғанды тəуір
көреді. Адал қызмет еткен құлға қайы-
рым ды…
«Путешествие по разным провинциям
Российского государства» 1773-1778гг
Генрих Клапрот, қытайтанушы ғалым:
1806 жылдың күзі мен жазында Ертістің
жоғары ағысын бойлап, төменгі Зайсан
нұр көліне дейін барған саяхат кезінде
күн сайын қазақтарды кезіктірдім. Аз-
дап түркі тілін білетіндігім Орта жүз
қазақтарымен сөйлесуіме септігін тигізді.
Кейінірек басқа екі жүздің қазақтарымен
кездескенімде олардың диалектісіз, бір
тілде сөйлейтіндеріне көзім жетті. Қа зақ
тілі олардың түркі халқы екенін дəлел-
дейді.
Петр Паллас,
саяхатшы неміс ға лымы
№2 2015 А И АТ
9
...Тоғызыншы тілек тілеңіз,
Төреңіз тақтан таймасқа.
...Жаулаған ханын қара оңбас,
Хан қисайса бəрі оңбас.
(Бұқар жырау Қалқаманұлы)
Биыл алты алаштың ардақтыларына
айналған, «қара қазан, сары баланың
қамы үшін» ақ алмас қылыштың жүзін-
дей жарқылдаған қос тарлан Иса тай
Тайманұлы мен Махамбет Өте міс-
ұлы ның мерейтойлары аталып өтті.
Азаттық жолында басын берген қос
баһа дүрдің жанкешті күресін тиісті
дəре жеде дəріптей алмай жүргеніміз өкі-
нішті. Оның сан алуан себептері бар.
Сөз басы
Исатай-Махамбет тарихы қозғалған кез-
де біз бəрібір Жəңгір хан есімін айналып өте
алмаймыз. Ел тəуелсіздігімен бірге Бөкей
Ордасының соңғы ханы Жəңгірдің де сая-
си портреті қайта сомдалып, егемендіктің
елең-алаңында, ғылыми дəйектерінің əлсіз-
дігіне қарамастан жаңа қоғамдық пікір
қа лыптастыруда көсемсөз шеберлерінің
ең бектері алға шықты (Құлкенов М., Отар-
баев Р. Жəңгір хан. Даңқ пен дақпырт (жа-
ңаша көзқарас). А., 1992; Боранғалиұлы Т.
Ғасырдан тəбəрік. Астана, 2004;). Сайып
кел генде, Жəңгір ханның игілікті істерін
ұлықтау шырқау биікке көтеріліп, облыс
көлемінің өзінде оған кесене, ескерткіш,
университет, көше, кітап дүкені, музей,
мектеп атын беру шаралары жедел қар-
қынмен жүргізілсе де, жылдар бойы
Махамбеттің «Хан емессің, қасқырсың»
өле ңінің аясында қашалып қалған қазақ
хал қының ұлттық тарихи санасы деген
Жаңабек ЖАҚСЫҒАЛИЕВ,
тарих ғылымдарының кандидаты
ИСАТАЙ БАТЫР ЖӘҢГІР ХАННЫҢ
ОРДАСЫН НЕГЕ ШАППАДЫ?
«монолитті» бөлшектеу əзірше мүмкін
болмай отыр. Олай дейтініміз, Жəңгір
хан хақында Отандық тарихнамада
əлі күнге дейін бірізділік жоқ. Болашақ
тарихшылар мен басқа да мамандық
иелері, яғни, студенттік аудиториялар-
да кеңінен пайдаланылатын, еліміздің
жетекші ғалымдары К.Есмағамбетов,
М.Қойгелдиев, И.Кенжалиев т.б. жазған
іргелі зерттеулерде, сын сағатындағы
Хан Жəңгір қимылының еш ақтап
алуға болмайтындығы баса көрсетілсе
(Есмағамбетов К.Л. Азат рухтың
күрескері. А., 2003; Қойгелдиев М. Иса-
тай старшын жəне Жəңгір хан. Өмір
ағынынан туған қайшылық// Егемен
Қазақстан. 2003. 6 қыркүйек; Кенжали-
ев И. Исатай –Махамбет. А., 1991;), көк
құрақтай желкілдеп өсіп келе жатқан
бүгінгі жас ұрпақтың (еліміз бойын-
ша мектеп партасында 2,5 млн. оқушы
отырғанын еске саламыз – Ж.Ж.) тари-
хи санасын қалыптастырып жатқан
жалпы білім беретін орта мектептің
8-сыныбына арналған, Қазақстан Рес-
публикасының Білім жəне ғылым ми-
нистрлігі ұсынған һəм 108 000 дана
таралыммен жарияланған оқулықта:
«Жəңгір хан тарапынан салынатын
алым-салық түрлері де еңсені езіп жі-
берді. Ол өзінің жеке басының пайда-
сына жинап алынатын бірыңғай салық
түрін енгізді. Патша үкіметі ханның
өзі жасап алған фискалъдық қаржы
жүйесіне араласпады», «Жəңгір хан мен
оның төңірегіндегілер Исатайға жала
жабуға көшті», «Жəңгір хан халықтың
қаһарынан шошып кетті», «...Бірақ,
ол (Жəңгір – Ж.Ж.) уəдесінде тұрмады.
Сөйтіп, Жəңгір хан халық алдындағы
беделінен айырыла бастады», «Жəңгір
ханда үрей қалмады» (Қабылдинов З.
Е., Қайыпбаева А.Т. Қазақстан тари-
хы (ХVІІІ ғасыр- 1914 жыл). 8 – сынып.
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай
№2 2015 А И АТ
10
10
А., 2008. 127-131- бб.), – деп жазылған.
Бұдан Жəңгір ханның өте күрделі
тұлға екендігі, сондықтанда, оны қо-
ғамға насихаттаудағы ресми ұс та ным-
да əлі бірізділіктің жоқ екендігі аңға-
рылады.Түйіп айтқанда Жəңгір хан
хақындағы мемлекеттік рухани-идео-
логиялық көзқарастың бір ортақ ұлт-
тық мүддеге жұмылдырылмауы, беделді
ғалымдардың еңбектерінде «тамаша
дип ломат», «көреген қайраткер» ретінде
«теңдессіз ұлықтығы» (Касымбаев Ж.
К. Государственные деятели казахских
ханств ХVІІІ – первой половины ХІХ вв.
Жангир хан (1801-1845). А., 2001. С.153.)
дəріптеле бастаған тұлғаның сəулелі жақ-
тарымен бірге көлеңкелі іс те ріде жетіп-
артылатындығы зерттеулер мен тарихи
оқулықтарда жік теле көрсетілгендіктен,
бүгінгі жас буынның тарихи санасы
қарама-қай шы лықтармен шырмалуда.
Мұ ның сыры күні бүгінге дейін «Отан
та ри хының көптеген принципті мəсе ле-
ле рі нің түбегейлі дəйектелмеуінде» (Қа-
зақстан Республикасында тарихи са на
қалыптасуының тұжырымдамасы. – А.,
1995. 10-б.) жатыр.
Дəстүрлі қазақ қоғамы үшін қай за-
манда да ежелгі жəне мəңгілік құндылық
əлеуметтік əділеттілік! Əлеуметшіл тұл-
ға қашанда мемлекетшіл! Сонымен,
əзір ше шешімі жоқ сұрақ, сонда қай
тұлғаның мемлекетшілдігі басым: Иса-
тай əлде Жəңгір?! Таным таразысы-
на теңдей тартылғанда салмақ қай
жағында? «Тау ларымызды аласартпай,
даламызды асқақтатайық» деген қағида
бұл жерде жүре ме? Сансыз сауалды бір
мақалада саралап, Жəңгір хан мен Исатай
батыр арасындағы күрделі күрмеуді шешу
əрине қиын. Сондықтан да, біз оны белгілі
бір қырынан, сəті түсіп тұрғанда Хан ор-
дасын шабуға келгенде батырдың неліктен
кідіргендігі туралы мəселені жүйелегенді
жөн деп білдік.
Исатай батырдың жүрек түкпіріндегі
сырды ұқтық па?
Жасқұстағы ордасында «шыбын жа-
нын шүберекке түйген» Жəңгір ханды қос
батырдың қоршауға алған күндері тарихи
əдебиетте біркелкі баяндалған. Сондықтан,
біз бұл мақалада олардың бəрін қайталап,
тəптіштеп жатпаймыз. Махамбеттің де «Əй,
Махамбет, жолдасым! (Исатай атынан)»
атты монологі сол күндерді əсерлі бейне-
леп, бүгінгідей көз алдымызға əкеледі:
...Ауыр əскер қол ертіп,
Жасқұсқа барып кіргенде,
Арыстандай ақырған
Айбатыма шыдамай,
Хан баласы жылады- ай,
«Жанымды қи» деп сұрады- ай.
Ақкөңіл, аңқау жүрекпен
Беремін деп мен тұрдым.
Көкбедеуді бауырлап,
Шабамын деп сен тұрдың.
Исатай басшы білсін деп,
Ауыр əскер қол тұрды.
Соңғы кезге дейін тарихнамада негі зінен
үстем болып келген көзқарас – старшын
Исатайдың Жəңгір ханға сеніп, аңғалдыққа
ұрынып, кейін бұл əрекетіне өкініп, опық
жегендігіне аталған жыр жолдары дəйек бо-
лып жүр. Аталған тақырыпқа зерттеушілік
ғұмырын арнаған белгілі махамбеттану-
шы Б. Аманшин «Орданың іргесін түріп
қойып, шауып алуға дөбі келіп-ақ тұрған
шақ еді. Бірақ Жəңгір ханмен əлі де бол-
са ымыраға келем бе деген, оны ақиқат
жолына түсірем бе деген дəмесінен
қайтпаған Исатай, қасындағы Махам-
бет, Үбі, Таңатар, Қабыланбай құсаған ең
жақын серіктерінің де сөзін тыңдамайды.
Орданы шаппай тұрып алады да, алтын
уақытын текке жібереді» (Аманшин Б.
Махамбеттің тағдыры //Махамбет. Ереуіл
атқа ер салмай. Қосымша. А., 2012. 11-б.),
– дейді. Жырдың жалғасы төмендегідей:
Қырық бір жасқа келгенде
Өз дегенім болмаса,
Өзгенің тілін алмаған,
Кісі ақылы қонбаған,
Қанша айтсаң да болмадым,
Сөзіңе құлақ салмадым.
Бұрала біткен емендей
Қисық туған сорлы ағаң.
Хан сөзіне сенгенім,
Он күн срок бергенім.
Əскерімді таратып,
Он бір күнге қаратып,
Бекетай құмға келгенім.
Махамбетке сенсек, сөз жоқ, Исатайдың
қарсы беттің мəймөңке сөзіне иланғандығы
байқалады. Мəселеге бұлай келу шынымен-
де батырдың аңғалдыққа ұрынғандығын
аңғартқандай жəне мақаланың айдарына
Жаңабек ЖАҚСЫҒАЛИЕВ. Исатай батыр Жəңгір ханның ордасын неге шаппады?
№2 2015 А И АТ
11
11
алынған сауалдың жауабын Исатай болып
айтылған Махамбеттің осы өлеңімен де
жылы жауып қоюға болар еді. Неге екенін
қайдам, біздіңше бұл жерде бір терең сыр
жатқандай болады да тұрады. Арыстандай
ақырған батырдың «жібектей жұмсақ»
бола қалғаны мүлде түсініксіз. «Халық қа-
һарланса хан тағынан таяды» деген күн
жақындап келген сəтте Исатай батырдың
жү рек түкпірінде қандай құпия сақтағанын
болжап, дөп басу өте қиын. Осыған дейін
Қарауылқожа, Балқы, т.б. билердің ау-
ылдарын ойланбастан ойрандаған батыр
Хан Ордасын шабуға келгенде жансерігі
Махамбеттіңде ақылына құлақ аспады.
Қалай болғанда да Исатай ұғымында Хан
Ордасын тас-талқан ету соншалықты
оңай шешім болмағанға ұқсайды. Дауыл-
паз ақын інісі Махамбет «теңіздей терең
ақылдым, тебіренбес ауыр мінездім» деп
сүйсіне жырлаған бауырлас батыр ағасы
Исатайдың бұл шешімі соңғы жылдарға
дейін зерттеушілердің ойын сан-саққа
жүгіртіп келді. Саяси ұстанымы мен
азаматтық көзқарастары бір-бірінен еш
ажырағысыз көрінетін қос батырдың
негізгі мəселеде шешуші сəтте екі түрлі
бағыт ұстануы, олардың түпкі мақсаты
бір болғанымен, оған жетудің жолда-
рын əрқайсысы өзінше түсінгендігін
аңғартады. Біз бұл жерде Махамбеттікі
қате, Исатайдыкі дұрыс еді деген ойды
оқырман санасына тықпалап, екі тұл-
ғаны шендестіріп, шешуші сəттегі «ең
мықтысы» кім болғандығын іздеуден
аулақпыз, мақсат – батырды шын мəнінде
бөгеген қандай күш, бар мүмкіндігінше
шындыққа, ақиқатқа жақындау.
Исатайдың хатшысы болған Шөректің
ұлы Ығылманның дастанында да жоғары-
дағы жəйт қайталанады (Ығылман. Иса-
тай-Махамбет (дастан) – Алматы:
«Арыс» баспасы, 2001. 76-77бб.). Осы
де ректерге иек артқан А.Мəметұлы Иса-
тайдың «аңғалдығына», Махамбеттің
Достарыңызбен бөлісу: |