Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды



Pdf көрінісі
бет1/24
Дата15.03.2017
өлшемі1,5 Mb.
#9472
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

  Л Т Т Ы       О А М Д Ы   –  С А Я С И   Ж У Р Н А Л
Журнал 1976 жылы  Халықтар  Достығы  орденімен, 2002 жылы  Қазақстан 
Журналистика  Академиясының  «Алтын  Жұлдыз», 2008 жылы  Қазақстан 
Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
1921 жылғы  
қыркүйектен   
шыға бастады
№2, 
АҚПАН
, 2015
МАЗМҰНЫ
ЗАМАНХАТ 
Айтан НҮСІПХАНҰЛЫ. Заман жəне зиялы............................................................................3
ҚАЗАҚ  ХАНДЫҒЫНЫҢ  550  ЖЫЛДЫҒЫНА  ОРАЙ
Тұрсын ЖҰРТБАЙ. «Сөйтіп, қазақ хандығы сыртқы күштің əсерінен жойылды...».........5 
Жаңабек ЖАҚСЫҒАЛИЕВ. Исатай батыр Жəңгір ханның ордасын 
неге шаппады?....................................................................................................................................9
Өтеубай ҚОЖАҚҰЛЫ. Қоқан хандығындағы көтерілістер..............................................14
ЖЕҢІСТІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА
Нұрмахан ОРАЗБЕК. Өткенге өкпе жүрмейді.........................................................................22
ҚАЗАҚСТАН  КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ  20  ЖЫЛДЫҒЫ
Тəуелсіз Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихы.......................................30
ОЙТОЛҒАҚ
Амантай НҰРМАҒАМБЕТОВ, Амангелді АЙТАЛЫ. Ұстазын ұлықтамаған 
ұлт ұтылады......................................................................................................................................32
КӨЗҚАРАС 
Жарас СЕЙІТНҰР. Қазақтар мəдени жəне тілдік тұрғыда біртұтас ұлт 
болмай отыр......................................................................................................................................39
ҰЛТТАНУ
Дина ИМАМБАЕВА. Қазақстанды қазақтандыру мəдени ассимиляциядан 
басталады...........................................................................................................................................43
САЯСИ  САРАПТАМА
Сейілбек МҰСАТАЕВ. Антиамериканизм: Аңыз бен ақиқат............................................48
ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕ – ОРАМДЫ ОЙ
Мырзагелді КЕМЕЛ. Бір палаталы Парламент қалыптастыратын уақыт жетті.......57
АЩЫ ДА БОЛСА...
Думан РАМАЗАН. Алаң.................................................................................................................63

ҚҰРЫЛТАЙШЫ ЖƏНЕ ШЫҒАРУШЫ:  
«Қазақ  газеттері»  Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 
Бас директор – Редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек КЕНЖАЛИН
БАС  РЕДАКТОР:  Аманхан ƏЛІМҰЛЫ
РЕДАКЦИЯ  АЛҚАСЫ:  Ораз  ҚАУҒАБАЙ,  Қыдыралы  ҚОЙТАЙ  (редактордың 
орынбасары – жауапты хатшы)Серікқали ХАСАН.
РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС: Сарбас АҚТАЕВ, Есберген АЛАУХАН, Əділ АХМЕТОВ, 
Бүркітбай АЯҒАН, Өмірхан ƏБДИМАНҰЛЫ, Раушанбек ƏБСАТ ТА РОВ, Ғарифолла 
ЕСІМ,  Əбіш  КЕКІЛБАЕВ,  Уəлихан  ҚАЛИЖАН,  Ғалымқайыр  МҰТАНОВ,  Нұрлан 
НЫҒМАТУЛИН,  Серік  ПІРƏЛИЕВ,  Кенжеғали  САҒАДИЕВ,  Қуаныш  СҰЛТАНОВ, 
Ерлан СЫДЫҚОВ, Кеңес ҮШБАЕВ, Əбдісағит ТƏТІҒҰЛОВ, Бектұр ТӨЛЕУҒАЛИЕВ, 
Зарема ШƏУКЕНОВА.
«ҚАЗАҚ ГАЗЕТТЕРІ» ЖШС-нің облыстардағы  өкілдері: Жанғабыл ҚАБАҚБАЕВ (Ақтөбе облысы) – 
8-713-2-55-31-48, Батырбек МЫРЗАБЕКОВ (Қарағанды облысы) – 8-710-2-90-19-73, Толымбек ЫБЫРАЙЫМ 
(Астана) – 87013457938 Оразалы ЖАҚСАНОВ (Қостанай облысы) – 87772307184.
ТАҒДЫР
Дандай ЫСҚАҚҰЛЫ. Қазақ мемлекетінің іргесін қаласқан қазақ.........................76
ПІКІР
Бауыржан БЕРІКҰЛЫ. «Ақынның ақындығы – арда ғана»...................................86
АҚЫН АҚЫН ТУРАЛЫ
Тоқтарбек ҚАМЗИН. «Ту сыртымнан көкжорға кісінеді...»....................................89
ƏДЕБИ СЫН
Əлібек ҚАҢТАРБАЙ. Алтайдың айтағалы жыршысы......................................................93
ОРАЙЫ КЕЛГЕН ƏҢГІМЕ
Рабат ЖƏНІБЕКҰЛЫ. Оңтүстіктегі оңды істер....................................................................97
ƏР ЕЛДІҢ САЛТЫ БАСҚА
Шарафат ЖЫЛҚЫБАЕВА. Самурай.....................................................................................101
ОҚЫРМАН ХАТЫ
Досмұхамед КІШІБЕКОВ. Қоғам тазалығы тəрбиеден..................................................105
ҒАЛЫМ МІНБЕРІ
Құралай МЫРЗАХАНҚЫЗЫ. Əуезов шығармашылығындағы ежелгі 
жыр-аңыздар ..................................................................................................................................106
Аяулым ЗƏБІРОВА. Білім берудегі мультимедиалық технологиялардың 
мүмкіндіктері..................................................................................................................................108
Серік ТƏЖІБАЕВ, Ризабек БАТТАЛҰЛЫ. Күң оқиғасы..................................................110
Айзада БАЙДАРОВА. «Бір ел – бір кітап» акциясының қоғамдық мəні.....................113
Журналдың орысша, ағылшынша мазмұны...................................................................116

№2    2015    А И АТ
3
Заманхат
1.  Зиялылар  қауымы,  дəл  қазіргі 
жағдайда,  ұлттық  құндылықтардың 
ар шылып, 
тазарып 
калыптасуы-
на  барынша  белсенді  түрде  атсалы-
суы  керек.  Бұл  міндеттің  үддесінен 
шығу  үшін  зиялылар,  алдымен,  істі 
өздерінен  бастағандары  жөн  дер  едім. 
Өйткені,  жұртқа  идеясын,  сөзін  өткізу 
үшін  ол  адамның,  ең  алдымен,  соған 
моральдық  құқығы  болуы  керек. 
Ал,  қоғамның  ең  саналы  тобы  болып 
есептелетін зиялыларға мұндай құқық 
екі  есе  қажет.  Онсыз,  зиялылар  өзінің 
моральдық бейнесін жасай алмайды.
Қазір «өткенге топырақ шашпайық» 
деген сөз көп айтылады. Бірақ, оны əркім əр 
түрлі мағынада айтады. Біреулер: «Өткен 
тарихымызды  бірыңғай  қара  бояу-
мен боямайық. Жақсы жағын алайық. 
Жаман  жағын  тастайық»  дейді.  Бұл – 
əрине,  дұрыс  позиция.  Ал,  енді  біреулер 
өзінің  бұрынғы  жексұрын,  қылмысты 
іс-əрекеттерін  жылы  жауып  тастау  үшін, 
тіпті, сол өткендегі əрекеттерін құндылық 
ретінде өткізу үшін қымс етсе: «Өткенге 
топырақ  шашпайық»  деп  шыға  келетін 
болып  жүр.  Бір  нəрсенің  басы  ашық – 
ақ-қызыл  отаршылдар  тұсында  бізге 
таңылған империялық «құндылықтар» 
мен қазіргі, тəуелсіздік талаптарына сай 
келетін  құндылықтар  мүлде  кереғар. 
Олай болса, біз «бұрынғымыз да дұрыс 
еді,  қазіргіміз  де  дұрыс  болды»  деп 
жүре  алмаймыз.  Онда  құндылықтар 
құнсызданады.
Кезінде  отаршылдардың  сойылын 
соғып,  өз  халқының  басына  əңгіртаяқ 
ойнатқандар,  түрлі  саяси  науқандарда 
шаш  ал  десе  бас  алғандар,  Желтоқсан 
оқи ғасында  Колбиннің  көзіне  түсіп  қалу 
үшін  айрықша  қызмет  көрсеткендер, 
сөзсіз, жауапқа тартылуы тиіс. Кісі құнын 
арқалаған  құныкерлер,  сөзсіз,  жазалануы 
керек.  Ал,  былайғыларының  итжеккен-
ге,  барсакелмеске  айдалмаса  да,  қазіргі 
артықшылықтарынан  айырылуы  лəзім. 
Оның есесіне, азаттық үшін күрескен аза-
маттар  Отан  игілігін  алдымен  көруі  тиіс. 
ЗАМАН 
ЖӘНЕ
 ЗИЯЛЫ
Біздің санамызда тым көмескіленіп кет-
кен  «сатқын», «опасыз», «тұрлаусыз» 
тəрізді ұғымдар сонда ғана айқындалып, 
патриотизмнің  қадірі  сонда  ғана  арта-
тын болады.
2. Жаңадан тəй-тəй басып келе жатқан 
нəрестеге  қатер  қайдан  деудің  өзі  қиын. 
Оған  от  та,  су  да  жау.  Қазақстан  да  сол 
нəресте  тəрізді  енді-енді  еңсе  көтеріп 
келеді.  Республикамызға  дəл  қазір  сырт-
тан  соғыс  қаупі  төніп  тұрған  жоқ.  Бізге 
күш  көрсетіп,  тізе  батыруы  ықтимал 
мемлекеттердің  де  басының  сақинасын 
ұстатар  себептер  жеткілікті.  Біз  тек  со-
ларды  жете  біліп  алуға  тиіспіз.  Алай-
да,  Қазақстанның  тəуелсіз  болуын 
қаламайтындар 
жаңағы 
аталған 
салалардың  бəрінде  «мылтықсыз  май-
дан» жүргізіп жатыр. Сыртқы фактор, 
көп  жағдайда,  ішкі  фактор  арқылы 
рөл 
ойнай 
алады. «Мылтықсыз 
майдандарға»  төтеп  бере  аламыз  ба, 
жоқ па, ол енді негізінен өзімізге байла-
нысты.
Экономикалық  жақтан  айтар  бол-
сам, 
жетекші 
кəсіпорындарымызды 
ше тел дердің  басқаруына  беруге  өз  ба-
сым  қарсы  болған  емеспін.  Бірақ,  екі 
алғышарт  қойғанмын.  Оның  бірінде: 
«Шетелдіктермен  жасасқан  келісім-
шарттар 
барынша 
жария 
бол-
сын.  Оны  жасау  процесіне  Парла-
мент тен 
бақылаушылар 
ретінде 
өкілдер  қатыссын»  дегенмін.  Екін-
шісінде: 
«Еліміздің 
жетек ші 
кə-
сіп   орындарда, 
əсіресе, 
солтүс-
тік  тегі 
кəсіпорындарында 
қазақ 
жұ    мыс шылары  тым  аз  болуы  себепті, 
шетел діктермен 
жасасқан 
келісім-
шарттарда 
кəсіпорындарымыздың 
демографиялық  бейнесін  біртіндеп 
өзгер ту  хақында  арнайы  тармақ  енгі-
зіліп отырылсын» дегенмін. Саяси жағы-
нан  келгенде,  шетелдіктер  бұған  қарсы 
болуға тиіс емес деп есептеймін. Өйткені, 
тұрақтылыққа  олар  да  мүдделі.  Ендеше, 
Ресейдің  империяшыл  күштері  бесінші 
колонна  ретінде  пайдаланғысы  келетін 
Айтан НҮСІПХАНҰЛЫ

№2    2015    А И АТ
4
күштердің  позициясы  əлсіремейінше, 
тұрақ тылықты  қамтамасыз  ету  киынға 
түсетінін  олар  да  сезінуі,  түсінуі  тиіс
Өкінішке орай, шетелдіктермен жасас-
қан  шарттарымызда  ұлт  мүддесін 
қамтамасыз ететін осы екі тегершіктің 
екеуі де мүлде ескерусіз қалды.
Əлеуметтік  мəселеге  байланысты 
айтар  болсам,  қоғамдағы  əлеуметтік 
əділетсіздік  төзуге  болатын  нормадан 
баяғыда  асып  кетті.  Соның  салдары-
нан,  сенім  дағдарысы  тереңдей  түсуде. 
Төмен  жоғарыға  сенбейді.  Жоғары 
төменмен есептеспейді. Мен, əрине, ба-
зар  экономикасына  байланысты  келіп 
шығатын мүлік иеленудегі теңсіздіктер 
туралы  айтып  отырған  жоқпын.  Эко-
номика  қандай  заңдармен  əрекет  етсе 
де,  төзуге  болмайтын  жолсыздықтар 
мен  бассыздықтар  бар.  Солар  жөнінде 
айтып отырмын. Рухани салаға келсек, 
Казақстан бүгін нағыз рухани күресінге 
айналды  десем, «Караван»  мен  оның 
сыбайластарынан  басқалар  мұнымды 
теріске  шығара  қоймас  деймін.  Бұл 
орайда, «Ана тілі» апталығының үндеуі 
өте орынды. Рухани айдынымызды кім 
көрінгеннің  лайлауына  жол  бермеуіміз 
керек.  Экономикалық,  əлеуметтік  жəне 
pyxани салалардағы осы айтылғандардың 
бəрі  бірігіп,  бір  ғана  сөзге  «қауіп-қатер» 
деген сөзге – сиып тұрғандай.
3. Ең алдымен, қазақ ұлтының демо-
графиялық  жағдайы  толған ды рады. 
Қазақтардың  таяудағы 10-20 жылда 
Қазақстанда 15-20 миллионға  жетіп, 
солтүстік облыстарда 60 пайыздан асып 
түсуі  лəзім.  Бұл – бір.  Екіншіден,  орыс 
ықпалындағы  қазақтарды  тілге,  дінге, 
ділге ұйытып, сабасына түсіруіміз керек.
4.  Зиялыларды  ұлттық  мүдде  ғана 
біріктіре  алады.  Ғасыр  басында  Қазақ 
ұлты өз ішінен аса қуатты зиялылар то-
бын шығара алғаны қайран қалдырады. 
Өзінің  интеллектуалдық  дең гейі  жағынан 
бұл  топтың  сол  тұстағы  Ресейге  қараған 
бодан  ұлттардың  зиялылары  арасында 
беделі  жоғарытын.  Большевиктер  өкіметті 
алғаннан  кейінгі  жағдай  белгілі.  Қызыл 
идеологтардың  жетпіс  жыл  бойғы 
жұмысының  нəтижесінде,  өз  ұлтына 
жат  ұрпақ  пайда  болды.  Кейбіреулер 
осы  ұрпақты  қазақ  ұлтының  болашағын 
айқындайтын жаңа күш ре тінде көрсеткісі 
келеді. Бұл – жаңсақ, қатерлі ұғым. Олардың 
бетін қайтару керек. Нигилистер деген ат-
пен  белгілі  осы  ұрпақтың  ұлтқа  пайда-
сынан гөрі зияны көп. Ұлт бір ұрпақ пен 
екінші  ұрпақ  арасындағы  заңды  бай-
ланысты  берік  сақтай  отырып,  табиғи 
жолмен дамуы тиіс.
Нигилистер  де  əр  түрлі.  Олардың  ара-
сында өз ұлтынан біржола безген, ем қон-
бастары бар. Ондайларға қарсы ымырасыз 
идеологиялық күрес жүргізу керек.
5. Коммунистік тəрбие дегеніміздің ұлт 
республикаларында  отаршылдық  сипат-
тағы  тəрбие  болғаны  ешкімге  құпия  емес. 
Рас,  қызылдар  отаршылдық  саясатын  ақ-
тар ға  ұқсап  ашық  жүргізген  жоқ.  Оған 
«социалистік»  деп  аталатын  əдемі  киім 
кигізді.  Сөйтіп,  олардың  саясатының 
түрі – социалистік, мазмұны – отаршыл 
болып  шықты.  Бодан  ұлттардың  жаста-
ры арасында метрополияның оқуын оқып, 
тоқуын тоқып жүріп, оған қар сы ымырасыз 
күрес жолын таңдап алғандар аз болмаған. 
Қазақта да солай болды. Əлихан Бөкейхан, 
Мұстафа  Шо қайлар  орыс  оқуын  оқып 
жүріп,  орыс  отаршылдығына  қарсы 
күрес  жолына  түсті.  Əңгіме  қандай 
тəрбие  алуда  емес,  əңгіме  сол  тəрбиеге 
кімнің қалай қарауына байланысты бол-
са керек. Өкі нішке орай, біздің зиялылары-
мыз  коммунистік  тəрбиенің  отаршылдық 
мəнін əшкерелеуге келгенде, құлықсыздық 
танытып  отыр.  Коммунистік  тəрбие  мен 
тəуел сіздік  бір-біріне  мүлде  кереғар 
ұғымдар  екені  талас  туғызбаса  керек. 
Олай болса, екінің бірі: не оны, не мұны 
таңдаған жөн.
Кезінде  іс  басында  болған  комму-
нистерді екі топқа бөлемін. Бірінші топ та-
ғылар – Ілияс Омаров, Өзбекəлі Жəнібеков, 
Михаил  Есенəлиев  қатарлылар.  Екін ші 
топтағылар – халықтан  гөрі  империяға 
көбірек қызмет еткендер. Ал, ұлт тың ұяты, 
ақылы, рухани ұстазы болу дегеніңіз тым 
асыл  қасиеттерді  бойына  жинақтаған 
тым ұлы тұлғаларға ға на лайық. Əлихан 
Бөкейхан,  Ахмет  Байтұрсын,  Мұстафа 
Шоқайларды берген қазақ өз ортасынан 
тағы  сондай  тұлғаларды  шығарарына 
сенемін.
«Қайғыңды, қайран қазақ 
арқаладым...» кітабынан
1998 ж.
Айтан НҮСІПХАНҰЛЫ. Заман жəне зиялы

№2    2015    А И АТ
5
Тұрсын ЖҰРТБАЙ, 
жазушы
«СӨЙТІП, ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ СЫРТҚЫ 
КҮШТІҢ ӘСЕРІНЕН ЖОЙЫЛДЫ...»
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай
–  Биылғы  Қазақ  хандығының 550 
жылдық  мерейтойының  еліміздегі  əдет-
тегі тойланатын тарихи даталар, мереке-
лерден  қандай ерекшелігі бар?
–  Барлық  мерейтойлардың  жиынтығы 
Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесіне 
толығымен  сыйып  кетеді.  Менің  ойым-
ша,  Қазақ  хандығы  құрылғанға  дейінгі 
жəне  одан  кейінгі  барлық  оқиғалар  тəу-
елсіздіктің  арнасына  келіп  құйып,  сол 
арқылы мемлекеттің, қоғамның санасы-
на  сіңеді.  Кез-келген  тарихи  оқиға,  ұлы 
тұлғалардың  қайраткерлігі,  даналардың, 
тіпті  Абайдың  ұлы  ойлары  осы  Қазақ 
мемлекеттігінің  арнасына  келіп  құяды.
Абайдың  əр  сөзінің  өзінде  осы  тəуел-
сіздікке,  Қазақ  мемлекеттігіне  деген 
арман-мүдде,  толғаныс,  əр  өлеңінде  «қа-
зақ  ел  болса  екен»  деген  ұлы  аңсар  бар. 
Сон дықтан,  Қазақ  мемлекеттілігінің 
550  жылдық  мерекесі – ұлы  оқиға.  Тəу-
елсіз мемлекет еңсесін көтеріп, тізесін тік-
теп  алып,  өз  қуатын  өзі  дəлелдейтіндей 
деңгейге жеткен кезде бұл тойлануы ерек-
ше  құбылыс.  Оның  ұлы  өзегі – Қазақ 
халқының  бұрын-соңды  болып  көрмеген 
бірлесуі,  қайта  дəуірлеуі,  келешекке  деген 
қадамын  нық басуымен ерекшеленуі керек. 
Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау ел тарихындағы ең елеулі оқиға лардың 
бірі болғалы отыр. Себебі, тəуелсіз Қазақстан мемлекетінің өз тарихын тара зылап, 
ұлылығын ұлықтайтын күн туды. Сондықтан, биылғы тойдың өтуі  халқымыз үшін 
аса жауапты сəт болмақ. Əсіресе, қазақ элитасы мен тарихшы мамандарға түсер жүк 
же ңіл емес. Өйткені, Қазақ хандығы жəне жалпы Қазақ тарихы туралы тұ шымды, 
негізді ой айтып, қоғамдық пікірді қалыптастырудағы олардың ық палы күшті. Белгілі 
жазушы, филология ғылымдарының докторы Тұрсын Жұртбай да Қазақ хандығының 
атаулы мерекесі туралы ұтымды пікірі мен тойдың өтуіне байланысты өзіндік ұсы-
ныстарын айтты.
Қазақ елінің болашағы, даму жолы  биылғы 
осы  салтанатты  қандай  деңгейде,  қандай 
санамен,  жауапкершілікпен,  мақтанышпен 
тойлауымызға тікелей байланысты. Бұл Ке-
рей мен Жəнібектің ғана  құрған мемлекеті 
емес,  көне  замандардан  бері  көшпелілер 
əлемінің  тұйықталып  келіп,  өзінің  кеңіс-
тігін  белгілеген,  бір  арманға  ұмтылып,  бір 
мақсатты  жүзеге  асыруының  дəлелі.  Сон-
дықтан,  бұл  мерекені  қазақ  халқы    мысы 
мен  өресі  басым  болып,  жоғары  деңгейде 
өткізуі керек. 
–  Мұндай  мемлекеттік  шараларға 
өзге  елдер  бірнеше  жыл  бұрын  дайын-
далады.  Мəселен,  Түркия 2023 жылы 
өтетін  Республиканың 100 жылдығы 
мерейтойына  дайындық  жұмыстарын 
бү гіннен бастап кеткен. Біз дайындалып 
үлгереміз бе?
– Уақыт өте шұғыл. Бұл  мерекенің тұ-
жырымдамасы  əлі  жасалып,  жарияланған 
жоқ. Тіпті, өтетін жері де өкімет тарапынан 
нақтыланбады. Сондықтан, бұл мерекенің 
жан-жақты  өтуіне  келгенде  көңілде 
күдік бар. Мұндай шара əр қазақтың көңі-
лінен  шығып,  рухын  оятып,  тамырын 
бүлкілдететін деңгейде өтуі тиіс. 
Қазақ  хандығының 550 жылдығының  

№2    2015    А И АТ
6
еске алынып, халыққа жариялануы үлкен 
оқиға екені рас. Бірақ, біздің тарихшылар 
неге бұған дер кезінде дайындалмады? Зия-
лы  қауым,  нақтырақ  айтқанда  тарих-
шылар, Қазақ хандығын тікелей зерттеп 
жүрген  ғалымдар    неге    бұл  мəселені  ер-
терек көтермеді? Мемлекет неге осыған 
дейін  бұл  шараны  іске  асыруға  тиісті 
идеялық  бағыт-бағдар  беріп,  қаржылық 
қолдау  жасамады?Əлде  ол  үшін  Прези-
денттің  жарлығы  шығуы  қажет  пе? 
Біздің  аласапыранға  тап  келгенде  ғана 
қимылдайтын  əдетіміз  бар.  Біздің  кей-
де  оқиға  өтіп  кеткен  соң, «əттеген-ай» 
деп сан соғып жүретініміз бар. Бұл біздің 
ұлттық  қаперсіздігіміздің  бір  белгісі, 
көңіл-күйімізге, ұлттық ойлау жүйемізге 
дендеп  сіңіп,  мінезімізге  айналып  кет-
кен  сияқты.Кезінде  мұндай  оқиғаларға 
Қазақстан Жазушылар одағы мен ҚР Ұлт-
тық    Ғылым  академиясы  мұрындық  бо-
лып, мемлекетке ой салып, ұсыныстарын 
жариялап,  тұжырымдарын  анықтап, 
қаулы қабылдауына ықпал ететін. Мыса-
лы, Абайдың 150 жылдық тойының өтуіне 
7-8 жыл бұрын дайындалдық. Ал, бұл жолы 
біздің зиялы қауымды не қара басты? Осы 
оқиғамен  қоса,  келесі  жылы  Ұлт-азаттық 
көтерілістің  өткеніне 100 жыл  толады.  Ол 
туралы  ешкім  əлі  ауыз  ашпады.  Ал,  оқиға 
өтіп кеткеннен кейін жоқтау айтқандай, 
өкініш  мағынасындағы  сарын  көбейері 
анық.  Дəл  қазір  баспасөз  құралдары  осы 
мəселені  қолға  алып,  тұрақты  айдар 
ашып,  көзқарастар  бірлігін  жасап,  тұ-
жырымдамасын  жасауға  атсалысуы  ке-
рек. 
– БАҚ осы мерекені өткізуіне атсалы-
суы керек деп айтып қалдыңыз ғой. Ра-
сында, 550 жылдық  қарсаңында  үлкен 
жауапкершілік  БАҚ-қа  түсетін  секілді. 
БАҚ  өкілдері  Қазақ  хандығын  қалай, 
қай  қырынан  насихаттағаны  дұрыс? 
Қандай мəселелер көтерілуі керек?
–  Менің  ойымша,  бұл  мемлекеттік 
мерекенің  қандай  деңгейде  өтуіне  БАҚ-
тың тікелей ықпалы бар. Қай қоғамда бол-
масын, ұлтты оятатын, назарын аударатын, 
көкейіне  үміт  тамшысын  құятын  құрал 
–  баспасөз.  Баспасөз  бұл  тойдың  айбыны 
мен  мысының  биік  болуына  тікелей  жау-
апты.  Бұл  мейрам  қазақ  баспасөздерінің 
ұстанымын,  қазақ  мемлекеттілігіне  деген 
қоғамның көзқарасын,  Қазақ хандығының 
идеологиясының  пəрменділігін  анықтап 
береді. Бұл екі қайырлы айтатын сөз емес. 
Өйткені,  баспасөз – ұлттық  ойдың  та-
мыздығы.  Ол  бықсымай,  ашық  ұста-
ныммен,  нық  сеніммен  жұрттың 
на зарын  аударуы  керек.  Əр  баспасөз 
өз  ұстанымы  мен  бағытына  қарай, 
тақырыпты ойластырса жөн болар еді.  
Ал,  бұл  ретте  баспасөз  жанрының  қай 
түрін,  пішінін  қолдану  өз  еркінде.  Егер, 
жеделдете  көркем  шығармалар  жазы-
лып  жатса, – үлкен    жетістік  болар 
еді.  Жазушылардың  ойына  тамыздық  
беріп,  бір  сілкіндіретін  осындай  мей-
рамдар.  Көркем  шығармаларға,  оның 
ішінде    қара  сөзге,  ғылыми  мақалаларға, 
публицистикалық  жарияланымдарға,  мем-
ле кеттік  байқаулардың  өтуі  жақсы  нəтиже 
берер еді. Əдетте, біз жеңіл жолды таңдап 
аламыз. Үнемі поэзия байқауы өтеді. Əрине, 
поэзия  да  қасиетті, «Өлең – сөздің  патша-
сы».  Бірақ,  адамды  ойландыратын,  ішкі 
сезімін тəрбиелейтін,  үлкен рух беретін – 
проза. Егер, биыл əр жазушы бір тұлға, əр 
тарихи оқиға туралы шығарма жазса, біздің 
рухани ырыздығымыз артар еді деп ойлай-
мын. 
– Бұл тойдың тарихнамаға қалай əсер 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет