Л. В. Турсунова ОҚу және тіл дамыту


Оқулықты оқу үдерісінде пайдалану ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет2/46
Дата30.01.2023
өлшемі441,3 Kb.
#63750
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Оқулықты оқу үдерісінде пайдалану ерекшеліктері
4-сыныпқа арналған оқулықтағы оқу материалдары жеңіл 
ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған «Оқу және тіл 
дамыту» пәні бойынша Типтік оқу бағдарламасының мазмұнына 
сәйкес берілген. 
Оқу материалдары күнтізбелік жоспар бойынша дәйектілікпен 
берілген. «Оқу және тіл дамыту» пәнінің өтілуі жаңартылған маз-
мұндағы бағдарламаның негізінде сегіз ортақ тақырып бойынша 
топтастырылып берілген:
1. Өзім туралы
2. Менің мектебім
3. Менің отбасым және достарым
4. Бізді қоршаған әлем
5. Саяхат
6. Салт-дәстүр. Мерекелер
7. Тағам және сусын
8. Дені саудың – жаны сау
Әр тарауда білім алушылардың мүмкіншіліктерін ескере оты-
рып, мәтіндер мен шығармалар берілген. «Оқу және тіл дамыту» 
пәні бойынша 4-сыныпқа арналған оқу жүктемесінің көлемі: Ап-
тасына – 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.
Сонымен бірге оқулықтағы тапсырмалар күрделілік деңгейі 
бойынша бірдей емес. Тапсырмалар жеңіл ақыл-ой кемістігі бар 
білім алушылардың қабылдауының жеке-дара ерекшелігін, жа-
сын, әртүрлі деңгейдегі білімді меңгеру ерекшеліктерін ескере 
отырып құрылған. Тапсырмалар белгілі бір түспен, дөңгелектер 
арқылы көрсетілген. 
Жасыл дөңгелек – күрделіліктің бірінші (төменгі) деңгейі. Мұнда 
оқушыларға мұғалімнің оқып, түсіндіруі бойынша қайталап айтып 
беру, суреттер арқылы атап көрсету, сөздерді жеңілден күрделіге 
қарай оқуы талап етіледі. «Өзім туралы» тарауы бойынша беріл-
ген «Гүл шоғы» мәтінін мұғалім оқып беріп түсіндіреді. Игерген 
жаңа білімдері негізінде мынадай тапсырма береді:
1. Берілген сурет бойынша мәтіннен түсінгеніңді өз сөзіңмен 
айтып бер. 
2. Тапсырманы мұғалім өз бетінше балалардың мүмкіншілігін 
ескере отырып түрлендіріп беруіне болады. 


5
Сары дөңгелек – күрделіліктің екінші деңгейі. Мұнда оқыған 
мәтіннің мазмұнын түсіну, тірек сөздердің көмегі арқылы сөйлем 
құрау, мұғалімнің көмегі арқылы сұрақтарға жауап беруге дағ-
дыланады. Мысалы: «Менің мектебім»тарауы бойынша «Ұстаз 
болам» өлеңін өткен кезде мынадай тапсырма берілген:
1. Ұстаз сендерді неге үйретеді? 
2. Өлеңді дауыстап оқы, өз сөзіңмен айтып бер.
Қызыл дөңгелек – күрделіліктің үшінші деңгейі. Бұл жерде 
тапсырмалар мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, сұрақтың 
жауабын мәтіннен тауып оқу, оқығандары бойынша түсінгенде-
рін айта алу, рөлге бөліп оқу түрінде құрылған. Мысалы: «Менің 
отбасым және достарым» тарауы бойынша берілген «Атасы мен 
әжесінің қызы» мәтініндегі тапсырмада: 
1. Мәтін неліктен «Атасы мен әжесінің қызы» деп аталған?
2. Мәтінді әңгімелеп бер.
Оқушы тек сұрақтарға жауап беріп қоймайды, сонымен қатар 
мәтінді әңгімелеп береді.
Сабақ барысында күрделілік деңгейі бойынша берілген тап-
сырмалардың барлығын оқушы орындауға міндетті емес. Оқушы 
өзінің мүмкіншілігіне қарай күрделілігі 1-, 2-, 3-деңгейдегі тапсыр-
маның тек біреуін ғана орындауға құқығы бар. Күрделіліктің үшінші 
деңгейіндегі (қызыл дөңгелектегі) тапсырманы орындап, толық 
материалды игерген жағдайда ғана оқушыға келесі деңгейдің 
тапсырмасын беруге болады. 
Сонымен бірге әдістемелік құралда әрбір оқушының оқу жетіс-
тіктерін анықтау мақсатында жасалған жетістік картасы берілген. 
Мұғалім әр тоқсан сайын жетістік картасын толтырып, баланың 
білім деңгейінің алға қарай жылжу жетістігін бақылап отырады. 
Оқушының жетістік картасын толтыру арқылы білім алушының 
деңгейін жыл соңында қорытындылауға болады. 
Мұғалім сыныптағы оқушылардың оқу деңгейін ескере отырып, 
тоқсан сайын жасалған жұмыстарының нәтижесінде әр оқушыға 
жеке портфолио жасауына болады. Жеке портфолионы жинақтау 
барысында оқушының жетістік картасындағы тапсырмаларын 
есепке алуы керек. 
4-сыныпта «Оқу және тіл дамыту пәнінде» тарауды қайталау 
бойынша арнайы бір сағат берілген. Мұғалім оқулықтағы тап-


6
сырмалардың барлығын оқушыларға орындатуға міндетті емес. 
Балалардың білімді игеру деңгейін ескере отырып, тапсырма-
ларды іріктеп алуына болады. Арнайы бір сағат бөлінгендіктен, 
балаларға сабақты қандай түрде өткізуді және әдістерді қалай 
пайдалануға болатыны мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Ең 
бастысы, сабақта оқу мен бірге тіл дамыту жұмыстары болуы 
керек. Осындай жұмыстардың нәтижесінде жыл соңында мұға-
лім 4-сыныптың «Оқу және тіл дамыту» пәнінен игерілген білім 
деңгейін қорытындылайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет