Л. В. Турсунова ОҚу және тіл дамыту



Pdf көрінісі
бет6/46
Дата30.01.2023
өлшемі441,3 Kb.
#63750
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
4. Мысалдарды оқыту
Балаларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеуде көр-
кем шығарманың маңызы зор. Балалардың ой-санасын дамытуға, 
мінез-құлқын қалыптастыруға, дүние-танымын кеңейтуге көркем 
әдебиет шығармаларындағы кейіпкердің өмірі мен іс-әрекеттері 
үлкен әсер етеді.
Ана тілі сабағындағы мысалдарды оқи отырып, оқушылар мә-
нерлеп және түсініп оқуға дағдыланады. Дауыс ырғағына көңіл 
бөліп, шығарманың мазмұнын ұғына білуге үйренеді. Мысалды 
мәнерлеп оқу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мәнерлеп оқу 
оқушыларды қызықтырады, олар өз ұстазына еліктеп, мәнерлеп 
айтуға ұмтылады.
Әдебиеттің мысал түрінің арғы анасы – халық. Баяғы заманнан 
бері халық жасаған мысалдар оның керегіне жарап, күні бүгінге 
дейін тозбай сақталып келеді.
Бұрынғы халық мысалдарында да, онан соң туған жеке авторы 
бар, жазба мысалдарда көбінесе аңдар, хайуанаттар, құстар, 
құрт-құмырсқалар, ағаштар, тастар тағы-тағыларды адамша шен-
дестіру, адам дәстүрінше сөйлестіру, уәждастыру арқылы береді.
Мысалдарда еңбексүйгіштік, әділдік, адалдық, қарапайымды-
лық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап, уағыздайды, жағымсыз 
қылықтарды мысқыл түрінде күлкі ете отырып, одан сақтанды-
рады.
5. Мақал-мәтел, жұмбақтарды оқыту
Мақал – сөз анасы. Әдемі ұйқасты, үйлесімді ырғақты, қысқа 
да нұсқа айтылған нақыл сөздердің мәйегі. Көбінесе екі тармақтан 
құрылады. Бірінші тармағында ойдың түп нұсқасы пайымдалады, 
екіншісінде ой қорытындыланып түйінделеді. Мақал сөздер тура 
және ауыспалы мағынада қолданылады.
Мәтел мақалға ұқсас, бірақ мақалдай екі-үш тармақты емес, 
өлең сипатында құрылатын ықшамды, кестелі нақыл сөз. Ұмы-
тылмай ұрпақтан-ұрпаққа жат өнеге, үлгі, өсиет сөздердің киелі 
түзілімі. Мақал-мәтелдер тақырып сайын және әр бөлім сайын 
оқытылады.


16
Жұмбақ – халық шығармаларының ең көне түрінің бірі. Ерте 
заманда пайда болғанымен, жұмбақ бергі заманда да, тіпті, бүгінгі 
біздің дәуірімізде де маңызын жойған жоқ.
Жұмбақ қазақ халқымен қатар басқа халықтардың арасында 
да әлі күнге өмір сүріп, дамып келеді. Жұмбақты балалардың тілін 
ұстарту мақсатымен оқып, жаттайды.
Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүниесі, 
табиғат жайы, еңбек – кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдік-
тер, адам және оның өмірі, өнер-білім, техника т.б. жұмбақтардың 
басты тақырыбы болуымен қатар, мазмұнына айналды.
Жұмбақтар, мақал-мәтелдер – сөз мәйегі, әрі қысқа, әрі нұс-
қа, зерде бұзылысы бар оқушылардың жаттауына да жеңіл әрі 
балалардың тілін дамытып, ой-өрісін өсіре түсері сөзсіз. Тиісті 
жерде тыныс белгілерін қойғызып, оларды сөйлем мүшелеріне 
талдау оқушылардың қызығушылығын туғызып, сауаттылығын 
арттырады.
Балалардың тіл байлығын, сөздік қорын молайтады және де 
сауаттылығын нығайтады.
Қорыта келе, 4-сыныпта «Оқу және тіл дамыту» пәнінде мұға-
лім сабақты түсіндіріп, оқушыларға білімді игерту кезінде тек қана 
оқыту жұмыстарын жасамай, тіл дамыту жұмыстарына да ерекше 
көңіл бөлгені жөн. Тыңдалым мен айтылымға назар бөлу керек, 
яғни ауызша сөйлеу тілін және естуді дамыту. Ол үшін мынадай 
жұмыстар жасалады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет