Құлақ дәрілері- арнайы шипалы заттар. Құлақ ауруларының түріне қарай, мыс., бұлақ ауруын емдеу үшін сульфаниламидтер, стрепто-мицин, пенициллин, тетрациклин, сигмамицин (олететрин), аурсомицин си-яқты антибиотиктер қолданады. Құлаққа тамызу үшін күніне бірнеше рет этил спиртінің; ректификаттары пайдаланылады. Құлақ іріңдегенде де-зинфекциялық ерітінділер — 1: 500 мөлшерінде этакридин, 1:10000 күміс нитраты, 0,25% формальдегид, 1:1000 химотрижин ерітіндісі, 5% левомице-тин эмульсиясы, 3% бор қышқылы қолданылады.
Құлаққа арналған дәрілік түрлердің сапа көрсеткіштері
1)Сипаттау
2)Идентификация
3)Мөлдірлігі
4)Түсі*
5)рН
6) Тұрақтылық (суспензиялар)
7) Бөлшектердің мөлшері (суспензиялар)*
8) Ине арқылы өту (суспензиялар)
9) Механикалық қосындылар (қажет болған жағдайда көрінетін бөлшектер
көрінбейтін)
10) Салыстырмалы тығыздық*
11) Осмолярлық (осмолярлық) 12) Тұтқырлық 13) Байланысты қоспалар: анықталған қоспалар анықталмаған қоспалар қоспалардың қосындысы 14) Шығарылатын көлем 15) Бактериялық эндотоксиндер немесе пирогендер 16) Аномальды уыттылық 17) Гистаминге ұқсас заттардың құрамы 18)Стерильділігі 19) Құрамының біртектілігі (бір дозалы суспензиялар үшін контейнерлерде) 20)Антимикробтық консерванттар 21)Сапалық анықтау 22)Қаптау, орау, транспорттау 23) Жарамдылық мерзімі 24)Фармакалогиялық әсері 25) Сақтық шаралары
Тұтқырлық
Тұтқырлық (ішкі үйкеліс)- аққыш денелердің бір бөлігінің басқасымен салыстырғанда ауысуына кедергі жасау қасиеті. Тұтқырлық n жай сұйықтар мен ерітінділердің маңызды сипаттамасы болып табылады.
Тұтқырлығы тек қана концентрация мен температураға тәуелді болып келетін сұйықтықтарды ньютондық ,ал одан басқаларын -бейньютондық деп атайды
Ньютондық сұйықтар динамикалық,кинематикалық,салыстырмалы,меншікті,келтірілген және сипаттамалық тұтқырлық болып бөлінеді.Бейньютондық сұйықтарға құрылымдық тұтқырлық -берілген ығысу кернеудегі тұтқырлық тән
Лайықты капиллярлық вискозиметр арқылы
тұткырлықты анықтауды, егер жеке монографияда басқа нұсқаулар болмаса, 20 ± 0.1 °С температурада жүргізеді. Сұйықтықтың вискозиметрдің бір бөлігінен екіншісі бөлігіне дейін ағып өту уакытын секундтың бестен бір бөлігі дейінгі дәлдікті секундомермен өлшейді. Егер кезекті екі өлшемнің нәтижелері бір-бірінен 1 %-дан артық емес айырмашылықта болса, онда алынған нәтижелер дұрыс деп саналады.