Монографияда көрсетілген 0.5 мл иньекцияға арналған суда Р ерітілген зат мөлшерін немесе 9 г/л натрий хлоридінің стерильді ерітіндісін дене массасы 17 г-нан 24 г-та дейінгі, дені сау әрбір бес тышқанның күретамырына енгізеді. Жеке монографияда басқа нұсқаулар болмаса, ерітіндіні 15 с-тан 30 с-ка дейінгі уақыт аралығында енгізеді. Егер тышқандардың 24 сағат ішінде немесе жеке монографияда көрсетілген уақытта бірде-біреуі өлмесе, субстанция сынаудан өтеді. Егер бір жануардан артық өлсе, онда субстанция сынаудан өтпейді. Жануарлардын біреуі ғана өлсе, сынауды қайталайды. Егер екінші топтағы бірде-бір жануар көрсетілген уақыт аралығында өлмесе, субстанция сынаудан өтеді.
Гистамин
Сынауға дейін 24 сағат азықтандырылмаған,салмағы 250 г-нан 350 г-га дейінгі теңіз шошқасың сояды. Ұзындығы 2 см тік ішектін дистальді бөлігінен кесінді алады және щприцтін көмегімен төменде сипатталғандай В ерітіндісімен жуады. Кесіндінің әрбір ұшына жіңішке жіпті қосады және ішек фрагментінін ортасынан кішкене көлденен қиық кеседі. Оны тұрақты температурада (34 °С-ден 36 °С-ге дейін) сақталатын құрамында В ерітіндісі болатын сыйымдылығы 10-нан 20 мл-ге дейін, мүшелерге арналған астаушаға салады және ерітінді арқылы 95 көлем оттек және 5 көлем көміртек диоксидінен тұратын газ қоспасы аркылы өткізеді. Жіптердің біреуін мүшелерге арналган астаушанын түбіне бекітеді. Екіншісін изотондык миографка бекітеді және мүшенін жиырылуын кимограф арқылы немесе үздіксіз тіркейтін лайықты тәсілмен тіркейді. Егер рычаг пайдаланылатын болса, онын ұзындығы, мүшенің жиырылуын шамамен 20 есеге арттыратындай болуы тиіс.Ішекке тусетін бастапкы жүктеме шамамен 9.8 мН (1 г) болуы және мүше сезімталдығына сайкес реттелуі тиіс. Мүшелерге арналган астаушаны В ерітіндісімен жуады. 10 мин бойы ұстайды. В ерітіндісімен жууды 2 немесе 3 рет қайталайды. Құлаққа арналған тамшыларды стерильді алудың технологиялық схемасы
Шикізат