Лабораториялық жұмыс Физика кафедрасының 20 ж



бет6/40
Дата19.09.2023
өлшемі2,1 Mb.
#108705
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40

5. «Конденсатор» миниблогы (12-сурет) блокта көрсетілген С сыйымдылығы бар немесе Сх белгісіз сыйымдылығы бар конденсатордан тұрады.




12-сурет. «Конденсатор» миниболгы.

6. «Кедергі» миниблогы (13-сурет) R кедергіден турады (мәні блокта көрсетіледі).




13-сурет. «Кедергі» миниблогы.

7. «Катушка» миниблогы (14-сурет) блокта көрсетілген L индуктивтілігі бар немесе Lх белгісіз индуктивтілігі бар конденсатордан тұрады.




14-сурет. «Катушка» миниблогы.

8. «Кюри нүктесі» миниблогы (15-сурет) ферромагнетиктердің магниттік қасиеттерін оқып үйренуге арналған. Бірінші N1 (ВD-шығыстары ) және екінші N2 реттік орамдары бар (СD шығыстары ) ферриттен жасалған ториод пішіндегі өзекше электр пешіне орналастырылған. Электр пешінің екі қыздыру элементі А және D шығыстары арқылы «0...+15 В» реттегіші бар тұрақты кернеу көзіне қосылады (1-сурет, 12-шығыс). Пештің ішіне мультиметрдің арнайы кабельімен жалғасқан миниблоктың жоғары бөлігіндегі ажыратқыш клеммаларға сигнал беретін бір термопара енгізілген.


Блокты жинақтау өрісіндегі 2 орынға орналастыру қажет. (2 суретті қара).

15-сурет. «Кюри нүктесі» миниблогы:
1- мультиметрді қосуға арналған ажыратқышы бар термопара;
2- электр пешінің қыздыру элементі;
3 – ферромагнетик өзекше
9. «Магнетрон» миниблогы (16-сурет) электронның меншікті зарядын анықтауға арналған.
1 6-сурет. «Магнетрон» миниблогы:
1 - соленоид
2электрондық вакуумдық шам
3 – анод
4 – катод
5 – қыздырғыш.

2 вакуумдық шам магнетронның негізі болып табылады (мысалы,3Ц18П).


5 қыздырғышқа – UH шығысына «-15 В» тұрақты кернеу көзінен кернеу беріледі (1-сурет,18шығыс). Шамның 4катод қызғанда катодтың бетінен электрондар ұшып шығады. С (1-сурет ,16 шығыс) және В (1-сурет , 17 шығыс) шығысына қосылған «+15 В» тұрақты кернеу көзінен пайда болған электр өрісінің әсерінен электрондар 3 анодқа қарай бағытталады. 2 шамды А және В шығыстары арқылы «0.....+15 В» реттегіші бар тұрақты кернеу көзіне қосылатын 1 соленоид ішінде орналасқан (1-суреттегі 12,13 шығыс). Бұл кезде соленоидтағы ток шам ішінде электрондарды ауытқытатын магнит өрісін тудырады. Миниблокты жинақтау өрісіндегі 2 орынға орналастыру қажет (2-суретті қара).

10. «Өткізгіш кедергісі» миниблогы (17-сурет) өткізгіштің меншікті кедергісін анықтауға арналған (АВ шығыстары). Өткізгіштің ұзындығы мен диаметрі блокта көрсетілген.




17-сурет «Өткізгіш кедергісі» миниблогы


11. «Реостат» миниблогы (18-А сурет) 1 тұтқаның көмегімен АС және ВС кірістерінің арасындағы кедергіні өзгертуге арналған. Блоктағы маркерлеу АС шығысының арасындағы кедергіні көрсетеді АВ шығысының арасындағы кедергі тұрақты және 1,0кОм-ға тең.




18-А сурет. «Реостат» миниблогы:


1-АС кедергісін өзгерту тұтқасы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет