Сыйымдылықты өлшеу
«Крокодилдері» бар жалғағыштың ұшын 6 тармаққа жалғаңыз. Крокодилді өлшенетін сиымдылыққа жалғаңыз. Режимдерді айырып-қосқышты талап етілетін өлшеу диапазонын ескеруп Сх жағдайына қойыңыз
(III аймақ, 4 сурет)
Сыйымдылықты өлшеу диапазондары С=2; 20; 200 нФ; 2; 20 мкФ. Өлшеу қателігі- 5 %
Температураны өлшеу
Режимдерді айырып қосқышты С жағдайына қойыңыз (4 сур қара), бұл кезде дисплейде қоршаған ортаның температурасы көрінеді. Термопараның өткізгіш сымдарын 5 қосыңыз, жалғау кезінде полярлығын ескеру қажет (өткізгіштің «+» - нен прибордың «+» не)
Өлшеу қателігі -2%.
Тілшелі вольтметр (6 сурет ) «0..+-15 В» тұрақты кернеуді өлшеуге арналған және өлшенетін кернеуді беретін «+» және «-» кірістері бар.
6-сурет. Вольтметр:
1 - өлшеу шкаласы;
2 - өлшенетін кернеу кірісі
Электр өрісін модельдеу болгы
Өрістерді модельдеу блогы (7-сурет) әлсіз өткізгіш ортада электр токтары тудыратын электростатикалық өріс модельдерін зерттеуге арналған.
7-сурет. Өрістерді модельдеу блогы:
1 – электростатикалық өрісті имитациялайтын электродтары мен координаталық торлары бар әлсіз өткізгіш пластина;
2 – пластиналарды бекіткіш;
3 – зондты қосу кірісі;
4 – вольтметрді қосу кірісі
5 – реттегіші бар тұрақты кернеу көзіне арналған кіріс.
Миниблоктар жиынтығы
1. «Өткізгіш пен жартылай өткізгіштің кедергісінің температуралық тәуелділігін зерттеу» миниблогы 8 суретте көрсетілген. Өткізгіш 3 және жартылай өткізгіш 4 электр пешіне орналасқан. Блокты жинақтау өрісінің 2 орынға орналастырса, пеш қыздырғышының В шығысына 13 нөлдік шығысты қосу қажет (1 сур. қара). А шығысын «0...+15 В! Реттегіші бар тұрақты кернеу көзінің 12 шығысына қосу қажет (1 сер. қара).
Пештің ішіне мультиметрдің арнайы кабелімен жалғасқан миниблоктың жоғары бөлігіндегі ажыратқыш клеммаларға сигнал беретін 1 термопара енгізілген.
8 сурет. «Өткізгіш пен жартылай өткізгіштің кедергісінің температуралық тәуелділігін зерттеу» миниблогы:
1-мультиметрді қосуға арналған ажыратқышы бар термопара;
2-пеш қыздырғышы;
3-өткізгіш;
4-жартылай өткізгіш;
Rөтк-өткізгіш шығысы;
Rж.өтк-жартылай өткізгіш.
2. «Кілт» миниблогы (9сурет) электр тізбегін тұйықтау үшін және электр тізбектерінің элементтерін айырып- қосуға арналған. Айырып- қосуға кілт көмегімен іске асырады. А жағдайында С және D шығыстары қосылса, В жағдайында Е және D шығыстары жұмыс қосылады.
9-сурет. «Кілт» миниблогы.
3. «Ток интеграторы» (10 сурет) тізбектен өтетін зарядты өлшеуге (Ф,В кірістері токты түрлендіреді) арналған және оны мультметрмен (Uинт~Q) өлшеуге болатын сигналға түрлендіреді (С шығысы). Егер жиналған зарядтың шамасы жеткілікті мөлшерден асып кетсе, «Перезагрузка» 1 индикаторы жанады. Индикаторда жинадлатын зарядты қайта есептеу үшін 4 тумблерін «Сброс» жағдайына келтіреді. Ток интеграторын жинақтау өрісіндегі 3 орынға орналастырады ( 2 суретті қара). Интегратор тұрақтанған кернеу көзінен қоректенеді: ол үшін 2 кірісін «+15 В»-ке қосу қажет (1 сурет, 16 шығыс), 5 кірісін «-15 В»-ке қосу қажет (1 сурет, 18 шығыс), В кірісін жерге жалғау қажет (1 сурет, 17 шығыс).
1 0 сурет. «Ток интеграторы » миниблогы:
А-кіріс;
1-«Артық жұмыс істеу» индикаторы;
2-индикаторды қоректендіру көзі «+15 В»;
3- интегратор;
С- өлшеу приборына қойылатын шығыс (мультиметр);
В-кіріс;
4-демпфирлеуші кілт;
5-индикаторды қоректендіру көзі «-15 В»;
4. «Холл эффектісі» миниблогы (11 сурет) Холл эффектісін зерттеуге арналған. Миниблокты жинақтау өрісіндегі 2 орынға орналастыру қажет.
(2 суретті қара). 3 Холл датчигінің В кірісін жерге жалғау керек.(1-сурет, 17-шығыс), С кірісін «+15В» - ке қосу қажет (1-сурет, 16-шығыс), нәтижесінде датчикте 5 А жұмыс істейтін ток орнығады. А кірісін «0...+15 В» реттегіші бар тұрақты кернеу көзіне қосу қажет (1-сурет, 12-шығыс).Бұл кездк Холл датчигіндегі кернеуді DE шығыстары арқылы түсіреді. 2айырып-қосқышы магнит өрісінің бағытын ауыстырады.
11-сурет. «Холл эффектісі» миниболгы:
1 – электромагнит;
2-электромагнит орамындағы токтың бағытын айырып-қосқыш;
3-Холл датчигі.
Достарыңызбен бөлісу: |