Өрісті зерттеу әдісі.
Көптеген электрондық аспаптарды құрастыру кезінде электродтар арасындағы кеңістіктегі электростатикалық өрісті оқып үйрену қажет болады. Өрісті оқып зерттеу деген – оның әрбір нүктесінің мен потенциалдың φ мәндерін анықтау.
Ē мен φ-ді теориялық есептеу қарапайым пішіндегі электродтардың жасайтын өрістері жағдайда мүмкін болады. Күрделі электростатикалық өрістер тәжірибе жүзінде зерттеледі.
Өрістерді зерттеу үшін оларды модельдеудің эксперименттік әдістерін қолданады. Олардың бірі электродтары бар әлсіз өткізігіш пластиналарды қолдануға негізделген.
Электордтарға электростатикалық өрісті модельденетін өрістегі потенциалдарды беретін электр өрісінен алмастырады. Зарядталған бөлшектердің қозғалмайтынына қарамастан, электордтардағы зарядтардың тығыздығы бірдей, себебі әлсіз өткізгіштен шығатын зарядтардың орнына үздіксіз жаңа зарядтар келіп түседі. Сондықтан электродтардың зарядтары кеңістікте осындай тығыздықтағы қозғалмайтын зарядтардың жасайтын өрісіндей өріс тудырады, ал электордтар эквипотенциал беттер болып табылады. Пластиналарды қолдану электростатикалыққа қарағанда жұмыс істеуде қарапайым және сезімтал ток өлшеуіш приборларды қолдануда тиімді болады.
Өрісті зерттеуде өріс нүктелерінің потенциалдарын өлшеу үшін зонд әдісімен эквипотенциал беттердің орнын анықтаймыз. Электрлік зонд – потенциалы өлшенетін нүктеге қойылатын үшкір өткізгіш. Өткізгіш ортада зондтың потенциалы өрістің зерттелетін нүктесінің потенциалына тең.
Зерттеліп отырған өрістің эквипотенциал бетттерінің бейнесі пайда болғанннан кейін күш сызықтары (бетке ортогональ болады) жүргізі және қандайда бір нүктеде Ē кернеулік аекторының мәнін (5) формула бойынша Λn ұзындық бөлігіндегі орташа мәні ретінде анықтау қажет:
мұндағы және - көршілес эквипотенциалдық беттің потенциалдары. - олардың арасындағы ең қысқа ара-қашықтық. Бұл жұмыста электростатикалық өрісті оқып үйрену үшін әлсіз өткізгіш пластина әдісін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |