Тақырыбы: Химиялық элементтер туралы алғашқы химиялық түсініктер, заттар және химиялық рекациялар.
Зертханалық жұмыстарды орында
Негіздік мыс(ІІ) карбонатының ыдырауы.
Күкірт пен темірдің қосылу реакциясы.
Орын басу реакциясы.
Ерітінділер арасындағы реакциялар.
Судың электр тогымен ыдырауы.
Тәжірибе1: Негіздік мыс карбонатының ыдырауы.
а) Мыс карбонатын ыдрату үшін арнайы құрал жинайды Пробиркаға( СиSО4.5Н2О) салып, аузын жауып қыздырамыз. Құралды герметикалығына тексеріп болғаннан соң, тұзды қыздырады. Қыздырғаннан соң сынауық түбінде мыс оксидінің қара ұнтағы қалады, ал қабырғаларында су тамшылары пайда болады. Бөлінген газдарды ізбес суына өткізу арқылы, ыдырау өнімдерінде көміртегі (IV) оксиді болатынын дәлелдеуге болады. Көп тұз алып, ұзақ уақыт қыздыруға болмайды, өйткені ізбес суы әуелде лайланып, кейін кальций гидрокарбонатының түзілуі нәтижесінде еріп кетеді. Қыздыруды тоқтатпай тұрып, газөткізгіш түтікті стақаннан алып шығуды ұмытпандар, әйтпесе ыстық сынауыққа су кетіп, сынауық жарылады!
б) Мыс карбонаты бар сынауықты ізбес суы бар кішкентай колбаға саламыз Колбаны штативке бекітеміз. Сынауықты қыздырғанда көміртегі (IV) оксиді колбаға тигенде, ізбес суы лайланады. Тәжірибені осылай орындау кезінде сынауықтың ізбес суын сору мүмкіндігі жойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |