Лабораториялық жұмыстарды орындау техникасы Жұмыс тәртібі



бет6/6
Дата28.03.2022
өлшемі61,64 Kb.
#28987
түріОқулық
1   2   3   4   5   6
Тапсырма

Жасалатын

реакция

Әсер ету

Не байқалды

Қортынды

(реакция теңдеуі)




а) күкірт пен темірдің қосылуы

7:4қоспасын дайындау

Суға салу,

магнитке тарту,

қыздыру


?

?

?



?




б) Күкірт пен шаң тәрізді тотықсызданған темір арасындағы

?

?

?

?








































  • Тәжірибе3: Орынбасу реакциясы.

    Тәжірибе үшін мыс купоросына қарағанда мыс хлоридінің ерітіндісін алған дұрыс, себебі жасалатын тәжірибені түсіну оңайға тиеді бұл жағдайда

    Сынауыққа не стақанға сұйытылған мыс хлоридінің ерітіндісін (көк түсті) құямыз және бірнеше майсыздандырылған шегелерді немесе канцелярдық скрепкаларды саламыз. Көк түс ашық жасылға өзгерді (Fe2+ иондары). Темірдің артық мөлшерін алу керек, әйтпесе тек мыстың бөлінуін ғана байқауға болады, ал қалған мыс хлориді (көк түсті) ашық – жасыл түсті темір хлоридінің түзілуін бүркейді. Мысты анықтау үшін ерітіндініні төгеді.

    Тәжірибені көрсету барысында оқушылар екі бастапқы заттарды және екі түзілген заттарды да бақылай алатындай жасау керек және біреуі жай зат, ал екіншісі күрделі екеніне назар аударуы қажет.

    Бұлай тәжірибені көрсету орынбасу реакциясы күрделі зат пен жай зат арасында жүретінің сипаттайды және нәтижесінде жаңа жай және күрделі зат түзілетініне нақты қорытынды жасауға мүмкіндік береді.



    Тәжірибе4: Ерітінділер арасындағы реакциялар.

    Екі ерітіндіні бір – біріне қосқанда жақсы байқалатын реакция беретін (мыс купоросының ерітіндісі мен натрий гидроксиді, натрий гидроксиді мен фенолфталеин) сұйықтықтары бар екі стақанды таразыда теңестіреміз. Байқаулар нәтижесінде, реакцияға түскен заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең деген қорытындыға келеміз. Себебі, ерітінділерді бір – біріне құйғанда таразы теңдігі өзгерген жоқ, ал химиялық реакция белгісінің болуы, реакция жүргенін көрсетеді.



    Тәжірибе5: Судың электр тогымен ыдырауы.

    а) Суды электр тогымен ыдратуға арналған сатылатын арнайы құрал (Гофман құралы тәрізді) бөліктері мен крандары бар тар шыны түтікпен қосылған кеңейтілумен аяқталатын екі шыны түтіктен тұрады Шыны түтіктердің төменгі бөлігі электродтар өткізілген (қорғасын не никель) резеңке тығындармен жабылған. Құралды қышқылданған сумен толтыру үшін (10мас. б. суға 1 мас. б. концентрлі күкірт қышқылы), крандарды ашып ортаңғы түтік арқылы үстіден электролитті құяды. Ерітінді крандарға жеткенде, толтыруды тоқтатады да, крандарды жабады.

    Судың электролизі үшін бұл құралда 10- 12 В кернеудегі ток пайдаланылады. Келесі ток көздерін пайдалануға болады:  аккумуляторлар, қалта фонарьінің құрғақ батареялары (үш батареяны кезектеп жалғайды – плюс минуспен), электр жүйесіндегі ток.

    Электр тоғын қосқанда судың ыдырауы басталады. Бір түтікте газ екі есе көп жиналады (сутегі), ал екіншісінде оттегі жиналады. 10 – 15 минуттан соң шамамен 20 мл сутегі жиналғанда, алынған газдарды зерттеуге кірісуге болады. Ол үшін крандар үстіндегі түтіктерді қарап шығу керек. Егер ішінде сұйықтық болса, фильтір қағазынан жасалған жұқа оралған түтікшелер арқылы жоямыз. Әйтпесе, крандарды ашқанда газдардың қысымының әсерінен сұйық сыртқа шығып, жанып тұрған шырпыны не өшіп бара жатқан көмірді сөндіруі мүмкін.Сутегі жиналған түтіктің үстіңгі жағына жанған шырпыны әкеледі де, абайлап кранды ашады – сутегі лезде жанады. Басқа түтікке сөніп бара жатқан шырпынының ұшын жақындатады, кранды ашқан сәтте шырпы тұтанады.



    б) Электролизді қолдан жасалған құралдарда да көрсетуге болады Барлық бұл құралдарда электрод орнына темір сымды қолданады,электролит үшін 5-7 пайыздық натрий гидроксидінің ерітіндісін дайындайды. Шыны түтіктерді немесе сынауықтарды натрий гидроксидінің ерітіндісімен толтыру үшін келесілерді қолданады Ерітіндіге батырылған сынауыққа немесе түтікке сақтандырғыш ретінде хлоркальцилі түтікпен жалғанған резеңке түтікті орнатады. Ауаны өзіне тартқанда ерітінді тартылады. Соңғы сәтте ауамен бірге хлоркальцилі түтікте біраз ерітінді пайда болады, осылай тәжірибешінің сақталу шаралары қамтылады.
    Тәжірибе 3,4,5 орындау кесте толтыру



    Тапсырма

    Жасалатын

    реакция

    Әсер ету

    Не байқалды

    Қортынды

    (реакция теңдеуі)



    1

    Орынбасу реакциясы

    СиСІ2

    +Fe  (шеге)

    ?

    ?

    2

    Тәжірибе4: Ерітінділер арасындағы реакциялар.


    СиSО4

    +NаОН+ фенолфталеин

    ?

    ?

    3

    Судың электр тогымен ыдырауы.

    Гофман құралы тәрізді

    ?

    ?

    ?

    5

















    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет