Тәжірибе №1 орындау. Негіздік мыс карбонатының tыдырауы.тәжірибеге берілгенинұсқаудщы оқып, (жұмысжасап) кестенітолтыра отырып қортындылау.
№
|
Тапсырма
|
Жасалатын
реакция
|
Әсер ету
|
Не байқалды
|
Қортынды
(реакция теңдеуі)
|
1
|
а)Негіздік мыс карбонатының ыдырауы
|
СиОНСО3
СО2 +
|
tо Қыздыру
+Са(ОН)2
|
Газ,су тамшылары бөлінеді
лайланады
|
2СиОНСО3 tо Қыздыру
2СО2+Н2О+2Си
СО2 +Са(ОН)2=
СаСО3+Н2О
|
|
б)Мыс карбонаты бар сынауықты ізбессуы саламыз
|
СиСО3+
|
Са(ОН)2 tо Қыздыру ізбессуы
|
?
|
?
|
Тәжірибе2: Күкірт пен темірдің қосылу реакциясы.
а) Тәжірибе сынауықта жүргізіледі. Оқушылардың ең бірінші бұл реакция типімен танысуы үшін қолжетерлік күкірт пен темірдің қосылуы болып табылады.
Алдымен заттардың 7:4 қатынастағы қоспасын дайындайды (темір мен күкірттің атомдық масаларының қатынасы – 56:32), мысалы, 2 г күкірт пен 3,5 г темір алу жеткілікті. Алынған қоспада темір мен күкірттің бөлшектерін көзбен байқауға болады.
Егер қоспаның біраз мөлшерін алып, суы бар стақанға салса, онда күкірт қалқып шығады, темір батып кетеді.
Қоспаны магнитпен бөлуге болады. Ол үшін қағазбен жабылған шыны сағаттағы қоспаға магнитті әкелеміз, сол кезде темір магтитке тартылады, ал күкірт шыны сағатта қалады. Ары қарай қоспаны сынауыққа салып, біраз еңкейтіп штативке бекітіп қыздырамыз. Реакция бір орында басталуына (қызыл түске дейін қызу) қол жетсе, реакция өз бетімен ары қарай жүре береді (экзотермиялық процесс). Түзілген темір сульфидін алу үшін, сынауықты сындыруға тура келеді.
Алынған затта темір мен күкірттің бөлшектерін айырып көруге келмейді және де ұнтақталған темір сульфидін суға салу арқылы не магнитпен әсер ету арқылы бөлуге келмейді. Сонда, екі жеке заттан, бастапқы заттардан өзіндік қасиеттермен сипатталатын жаңа зат түзілді.
б) Күкірт пен шаң тәрізді тотықсызданған темір арасындағы тәжірибені сынауықсыз да жүргізуге болады. Ол үшін алдын – ала дайындалған қоспаны асбест сеткасына не қаңылтыр бөлшегіне себеміз. Шыны таяқшаның ұшын не түтіктің ұшын қатты қыздырып, қоспаға тигіземіз. Лезде реакция жүре бастайды. Егер реакция кезінде шыны таяқшаны қоспадан алмаса, онда алынған темір сульфиді суыған соң, таяқшада қалып жеңіл асбест сеткасынан сыдырылып алынады.
Бұл реакцияның артықшылығы, темір сульфидінің түзілуі жылу бөле жүретініне күмәні болмайтындығында.
Тәжірибенің кемшілігі реакция ашық ауада жүргізілетіндіктен, реакция қоспа мен ауа арасында жүрді деген күмән туу мүмкін.
Тәжірибе барысында сәтсіздіктер болуы мүмкін. Себеп келесілерде болуы мүмкін:
Тәжірибеде тек тотықсызданған темірді қолдану керек. Кәдімгі жоңқаларды қолданғанда рекакция жүрмейді, себебі әр түйіршік темір оксидінің жұқа қабығымен қапталған, ол темір мен күкірт беттерінің соқтығысуына бөгет жасайды.
Егер қоспа жақсы араласпаса және күкірт пен темір арасында жақсы әсерлесу болмаса реакция жөнді жүрмейді.
Темір түйіршіктері тым үлкен болса, демек күкіртпен әсерлесу беті кішкентай болса реакция жүрмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |