Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережесі: Зертхананың барлық қызметкерлері жұмысқа кіріспес бұрын жұмыс ережелерімен және қауіпсіздік техникасымен танысуға және оларды қатаң сақтауға міндетті:
1 Бөлмеде ақ халат киіп, міндетті түрде оның түймелері салынған болуы тиіс. Шаш жиналған немесе бас киім астына жиналуы керек;
2 Зертханаға бөгде заттарды, өнімдерді енгізуге тыйым салынады. Сөмкелерді арнайы бөлінген орынға салады;
3 Зертхана бөлмесінде тамақ ішуге тыйым салынады;
4 Жұмыс басталар алдында аспаптардың, ыдыстардың және т. б. жұмыс істеуінің болуын және жарамдылығын тексеру қажет.;
5 Жарылысты алдын алу үшін, бір спиртті екіншісіне жағуға болмайды, тек сіріңкелерді пайдалану керек;
6 Электр желісінің сымдары мен түйіспелі бөліктеріне металл және басқа да заттарды тигізуге болмайды. Оқытушының немесе қызмет көрсетуші персоналдың рұқсатынсыз электр құралдарын қосуға болмайды;
7 Жұмыста ұқыптылықты сақтау, жұмыс орнын және жабдықты таза ұстау;
8 Материалды ашу кезінде сақтықты сақтау қажет;
9 Зертханадан кетер алдында қолды мұқият жуу қажет;
10 Оқу сабақтарындағы қауіпсіздік техникасы мен жұмыс ережелерін орындауды кезекші студенттер бақылайды.
Микробиология және биотехнология кафедрасында жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасымен танысқаннан кейін студенттер журналға қол қояды.
Деңгейлік тапсырмалар: 1-деңгей.Эксплант дегеніміз не? Мысалдарды атаңыз.
2-деңгей.Каллус дегеніміз не? Каллус тінінің түрлерін сипаттаңыз.
3-деңгей.Каллус қалай қалыптасады?
ОБӨЖ тапсырмалары: Каллус өсіру факторларын атаңыз.
БӨЖ тапсырмалары: Каллус алу кезінде қолданылатын гормондарға сипаттама беріңіз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиеттер: 1. Биотехнология негіздері: жоғары және төмен сатыдағы өсімдіктер биотехнологиясы : Оқу құралы. . - Алматы: Қазақ университеті, 2016. Турашева, С.Қ., Ерназарова, Г.И.
2. Тағамдық өнімдерді санитарлы-микробиологиялық бақылау: оқу-əдістемелік құрал. Г.Ж. Абдиева, А.С. Кистаубаева, И.С. Савицкая. − Алматы, 2020
3. Тағамдық биотехнологиядан әдістемелік нұсқаулық /Р.Ж. Бержанова, Т.Д. Мукашева, Р.К. Сыдыкбекова [және т.б.]. – Aлмaты: Қaзaқ университеті, 2018.
4. Тағам биотехнологиясы: Х. Х. Мақажанова, Ж. Т.Лесова, С. А. Надирова. Оқулық. «Дəуір», 2012
5. Жалпы тамақ өндірісінің технологиясы пәніне арналған зертханалық оқу құралы. Усембаева Ж.К., Шаншарова Д.А., Альменова А.С. / – Алматы: Lem баспасы, 2015
6. Тағам жəне биотехнологиялық өндірістерінің микробиологиялық негіздері: Ж. Т. Лесова жəне т.б. Оқулық. / Алматы, 2013.
Қосымша әдебиеттер 1. Кабылбекова, Г.К.Тағам биотехнологиясы : Электрондық оқулық . . - Қарағанды: ҚарМТУ, 2015.
2. Тағамдық өнімдерді санитарлы-микробиологиялық бақылау: оқу-əдістемелік құрал. Г.Ж. Абдиева, А.С. Кистаубаева, И.С. Савицкая. − Алматы, 2014
WEB сайттар тізімі: 1. http://rmebrk.kz/
2. http// www.library.intra.ru-электрондық кітапханалық қор
3. http// www.NLRK.kz-IP-ұлттық кітапханасы.