1
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Тілдік даярлау орталығы
Испандиярова Айнур Тюлюгеновна
Мукашева Роза Айромбаевна
Қазақ тілі
(Жалғастырушы деңгей)
Оқу құралы
Қостанай, 2016
2
ӘОЖ 811.512.122 (075.8)
КБЖ 81.63.24.я73
И89
Пікір жазғандар:
Досова А.Т.- А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының доценті., ф.ғ.к.
Қайыпбаева А.К.- А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік
университеті Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының доценті., ф.ғ.к.
Канапина С.Г. - Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Қазақ тілі
мен әдебиеті кафедрасының доценті., ф.ғ.к.
Авторлары:
Испандиярова Айнур Тюлюгеновна, гуманитарлық ғылымдар магистрі,аға
оқытушы
Мукашева Роза Айромбаевна, гуманитарлық ғылымдар магистрі, оқытушы
Испандиярова А.Т.
И 89 Қазақ тілі (жалғастырушы деңгей) Оқу құралы./ А.Т.Испандиярова,
Р.А.Мукашева -Қостанай: 2016.
ISBN 978-601-7481-87-2
1-бөлім -130 б.
ISBN 978-601-7481-88-9
Бұл оқу құралында студенттердің қазақ тілі грамматикасынан
түсінгендерін, меңгергендерін сөйлем, сұхбат, мәтін құру кезінде дұрыс
пайдалануға үйрету мақсаты көзделген. Бұл оқу құралы жоғары оқу
орындары мен колледждердің оқу орыс бөлімдерінде қазақ тілін оқып,
үйренуге арналған.
ӘОЖ 811.512.122(075.8)
КБЖ 81.63.24.я73
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті оқу-
әдістемелік кеңесі 01.06.2016 жыл № 4 хаттама бойынша бекітіп баспадан
шығаруға ұсынды.
©А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті, 2016
3
Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................4
Менің Отаным-Қазақстан ..................................................................................5
Қазақстан Республикасының Ел басқару жүйесі. Президент.
Парламент. Үкіметі. .........................................................................................12
Қазақстанның экономикасы, сыртқы және ішкі саудасы .............................16
Іскер адам ..........................................................................................................20
Шағын және орта бизнес .................................................................................23
Жеке кәсіпкерлік...............................................................................................26
Адам және табиғат егіз.Экологиялық мәдениет. Қорықтар мен ұлттық
парктер ..............................................................................................................28
Білім. Оқу орындары. Университет-білім ордасы.........................................39
Мамандық. Менің болашақ мамандығым ......................................................41
Ғылым және инновациялық технология. Әлемдік білім беру
кеңістігі...............................................................................................................49
Қазақстандағы білім беру жүйесі ....................................................................52
Өнегелі ғұмыр. Тарихи тұлғалар. Қазақ халқының тұңғыш ғалымы-
Шоқан Уәлиханов..............................................................................................59
Ұлы кемеңгер, ойшыл, ақын- Абай .................................................................65
Тақырыпқа байланысты басым сөздер ...........................................................71
Аралық бақылау ...............................................................................................80
Тақырыптарға арналған тест жұмыстары.......................................................94
Фразеологиялық бірліктердің түсіндірме сөздігі.........................................118
Грамматикалық анықтағыш............................................................................120
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................130
4
Кіріспе
Бұл оқу құралы оқытушының жетекшілігі мен сабақта қолдануға
және студенттердің өздік жұмысына қызмет етеді. Грамматикалық
материалдарды
бекітуге
арналған
жаттығулардың
алғашқылары
студенттердің орта мектеп бағдарламасы көлемінде алған теориялық
білімдерін еске түсіріп, бекітуді көздесе, жаттығулардың екінші тобы жаңа
сабақтың материалдарын меңгертуге арналған. Бұл оқу құралы мектептен
қазақ тілінің курсын бітірген жоғарғы оқу орнында орыс бөлімінде оқып
жүрген қазақша біраз сөздік қоры бар студенттерге арналған. Қазақ тілінен
орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне аударылуға тиісті жаттығулардың бір
қатарын студенттер үйде орындайды. Жаттығулардың үшінші тобы ауызекі
сөйлеу тілінің дағдылары мен шеберліктерін жетілдіруге бағытталған. Әр
тақырыптан кейін қысқа-қайырым сұхбаттар мен сөйлеу тілінің үлгілерін
студенттер жаттап алып, екеуара әңгімелесу дағдыларын жетілдіруге негіз
ретінде пайдалануларына болады.
Жаттығу материалдары іріктелініп алынды, көбіне терме мәтіндер
түрінде беріледі. Әр мәтіннің соңына бірнеше тапсырмалар беріліп,
мәтіндердің, тапсырмалардың көлемі жаңа технологиямен оқытудың
талаптарына сай алынды.Тапсырма мәтіндерінің тәрбиелік жағына біршама
көңіл аударылады.
Ұсынылып отырған оқу құрал жоғары оқу орындары мен
колледждердің оқу орыс тілінде жүретін бөлімдерінде қазақ тілін оқып,
үйренуге арналған.
5
1-тақырып. Менің Отаным-Қазақстан. Мемлекеттің әлеуметтік-
географиялық орны, ерекшелігі. Ел басқару жүйесі. (Президент.Парламент.
Үкімет.)
Тыңдаймыз. Оқимыз.
1-тапсырма. Тірек сөздермен жұмыс
егеменді ел, биіктен көріну, дамыған ел, ұлтжандылық, байтақ дала,
білектің күші, жаңару, белестерге көтерілу, атажұрт,
табиғат, орман, тоғай,
аспан, топырақ, астық, мақта, күріш, бидай, сұлы, тары, пайдалы қазбалар,
жер қойнауы, темір, мыс, қалайы, қорғасын, алтын, күміс, көмір.
Ойтүрткі. Келесі сұрақтар бойынша ой бөлісіңіз.
1.
Тәуелсіз Қазақстанның ерекшелігі неде?
2.
Қазақстанда пайдалы қазбалардың қанша түрі бар?
3.
Еліміздің қай өңірі «астықты өлке» деп аталады?
4.
Қазақстанның қандай қалаларында өндіріс орындары дамыған?
2-тапсырма. Оқылым. Мәтінді оқыңыз
Оқылым №1
Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас
мемлекет. Конституцияға сәйкес, біздің ел өзін адам және оның өмірі,
құқықтары
мен
бостандығы
ең
қымбат
қазынасы
саналатын
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықты.
Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Ел астанасы
– Астана қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Орыс тілі ұлтаралық қарым-
қатынас тілі мәртебесіне ие. Ақша бірлігі – теңге. Қазақстан
Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, оның ішкі және
сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, сонымен қатар, ел
ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік
ететін мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы. Президент – халық пен
мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам
және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының нышаны және кепілі.
Қазіргі уақытта Мәжілісте үш партия – «Нұр Отан» халықтық-
демократиялық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық
партиясы және Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы өкілеттілік
етеді. Әкімшілік-аумақтық құрылымы бойынша ел 14 облыс және
республикалық маңызы бар 2 қалаға бөлінеді. Қазақстан тұрғындарының
саны 2012 жылдың 1 қаңтарында 16 млн. 675 мың адамды құрады.
Қазақстан Еуразия құрлығының ортасында орналасқан. Алып жатқан жер
6
көлемі 2 млн. 724,9 мың шаршы шақырым, еліміз әлем елдері арасында
аумағы бойынша тоғызыншы орында. Қазақстан – Әлемдік мұхитпен
тікелей жалғаспайтын әлемдегі ең ірі ел. Қазақстан Республикасы –
экономикалық өсімінің негізгі көзінің бірі пайдалы қазбалар өндіру болып
саналатын индустриялық ел. Елде жаппай әлеуметтік жаңғырту
жұмыстары жасалуда – жаңа мектептер, кәсіптік колледждер және
университеттер салынуда, заманауи медициналық емхана мен ауруханалар
ашылуда, халықты әлеуметтік қолдау жүйесі жетілдірілуде.Бүгінгі таңда
республикада 130 этнос өкілі өмір сүреді, ұлтаралық қарым-қатынастардың
үйлесімділігі жөніндегі консультативтік-кеңесшілік орган – Қазақстан
халқы Ассамблеясы табысты жұмыс жасауда. Астанада 2012 жылы
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі өтті, оның
жұмысына шамамен әлемнің 40 елінен 85 делегация қатысты. Астана мен
Алматыда 2011 жылдың басында Қысқы Азия ойындары табысты өтті.
Сонымен қатар, еліміз жаһандық антиядролық қозғалыста жалпыға
мойындалған көшбасшы болып саналады. Жалпы, Қазақстан бүгінде
халықаралық іргелі ұйымдар – ТМД, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ және өзге де
ұйымдар аясында түрлі әріптес мемлекеттермен өзара белсенді
ықпалдастық жүргізуде.
Бүгінгі Қазақстан – өз топырағының асыл дәстүрлерін ардақ тұтатын,
кемел болашаққа қадам басқан жасампаз ел.
Сөйлесеміз
Мәтін бойынша ой алмасу
Оқылым бойынша тапсырмалар:
1.Мәтінді 5 бөлікке бөліп оқып, әңгіменің негізгі идеясын айтыңыз.
2. Мәтінге 8 сұрақ құрастырыңыз.
3.Қазақстан – астыққа бай ел. Осы пікірмен келісесіз бе?
4. Мәтіннен сан есімдерді тауып, түрлеріне ажыратыңыз.
Жазылым.
Грамматика
3 – тапсырма.Мәтін мазмұнын пайдаланып,сөйлем құрастырыңыз.
1.
Отан -----------------------------------------------
2.
Қазақстандықтардың Отаны ------------------------------
3.
Қазақстанның көлемі -----------------------------
4.
Қазақ даласы -----------------------------
5.
Қазақтың атақтың адамдары ----------------------------
6.
Қазақ батырлары ---------------------------
7
4- тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді
толықтырыңыздар
Әр адам өзінің ... тамып, туып өскен мекенін бәрінен артық көруге хақылы.
Қазақтардың ...басқа отаны жоқ. Туған жерімнің ... ат басындай алтыннан
да қымбат. Біздің ... ата-бабаларымыз осынау кең даланы біз үшін қорғап
қалған. Біз... мемлекеттің азаматымыз.
5- тапсырма. Ырықсыз етіспен берілген етістіктерге –атын, етін
жұрнақтарын жалғап, сөйлем құраңыз.
Үлгі: өндіру-өндір-іл-етін
қазу-қазыл-..........
жинау-жинал-......
дамыту-дамытыл-.....
өсіру-өсіріл-.....
6-тапсырма. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз. Зат есімдерді
анықтаңыз.
Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас
мемлекетіміз осындай аз уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық,
саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан
жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Қазақстан
үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Қазіргі
таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің,
ынтымақтастық пен татулықтың күні.
7- тапсырма. Сөз тіркестерінен, зат есімдерді қатыстырып, сөйлемдер
құраңыз.
Қазақ елі
Көп ұлтты
өсіреді
Қазақстан
Кең-байтақ
Ел
Оңтүстікте
жері
Мемлекет
Қазақтар
мақта
Дамыған
Бүгінгі
Қазақстан
Бай
Оның
жер
Шыққан едік
Республика
көлемі
Қанша?
Саяхатқа
бұрын
Үлкен
8-тапсырма.
Қарамен
жазылған
сөздерді
мәндес
сөздермен
алмастырыңыз.
1. Қазақстандықтардың атамекені- Қазақ елі. 2. Қазақ халқының
атамекені көне замандардан қалыптасқан. Қазақстан жеріне бес Франция,
8
он екі Бельгия сыйғызуға болады. Қазақ халқы бостандық үшін, азаттық
үшін күресіп, өз алдына дербес тәуелсіз мемлекет болды. Ол ешқашан
ешкімге мойынсұнбады.
9-тапсырма. Сөйлемдерді қажетті сөздермен толтырыңыз .
1 .Отан адамның... 2. Қазақ елінде тұратындардың...- Қазақстан.3. Қазақ
халқы ... үшін күресті. 4. Дүние жүзі Қазақстанды ...деп таныды.
№2 Оқылым. Мәтінді тыңдаңыз, оқыңыз.
Жер байлығы
Тәуелсіз Қазақстан өзінің жер байлығымен, тамаша табиғатымен, аса
сұлу өңірлерімен ерекше.
Қазақстанның жер қойнауында 90-нан астам пайдалы қазбалардың түрі
бар. Оның ең басты байлығы- түсті және қара металдар. Бүгінде ол өзінің
аймағында өндірілетін алтын, мыс, мырыш, жез, темір, уран, қорғасын,
қалайы, никель, вольфрам сияқты қазба байлықтарымен дүние жүзіне
танылған. Сондай-ақ республикамызда тас көмір мен қоңыр көмір, мұнай
мен газ, фосфориттер, ас тұзы мен асбест көп.
Еліміздің батыс аймағын Каспий теңізі алып жатыр. Ол- мұнайға аса
бай өңір. Солтүстік Қазақстан аймағында ауыл шаруашылығы мен мал
шаруашылығы жақсы дамыған. Ол- астықты өлке. Орталық Қазақстанда
көмір, жез, мыс, ал Шығыс Қазақстанда түрлі-түсті металл өндіреді.
Еліміздің оңтүстігінде күріш, мақта, түрлі жеміс-жидектер өседі.
Атырау- ең көне қалалардың бірі. Каспий теңізі мен Жайық өзені- бекіре
мен қызыл балыққа бай. Қызылорда өзінің «Ақ маржан» күрішімен әлемге
әйгілі. Өскемен - ірі өнеркәсіп орталығы, онда қорғасын, мырыш, магний-
титан, су электр станциясы бар. Ал Павлодарда қалайы, Шымкентте
қорғасын зауыты жұмыс істеп жатыр.
Сөйлесеміз
Мәтін бойынша ой алмасу
Оқылым бойынша тапсырмалар:
1.
Мәтіннен жай және құрмалас сөйлемдерді ажыратып, көшіріп
жазыңыз.
2.
Каспий теңізінде бекіре балығы неге азайып бара жатыр?
3.
«Жері байдың-елі бай» деген мақалды қалай түсінесіз?
Жазылым.
1- тапсырма.Мәтіннен жалпы және жалқы есімдерді теріп жазып,
берілген кестені толтырыңыз.
9
Өңірлер,аймақтар
өнімдер
Атырау
Мұнай
2-тапсырма.Жіктеу және сілтеу есімдіктеріне жатыс септігінің
жалғауын жалғаңыз.
Жіктеу есімдігі сілтеу есімдігі
Мен- бұл-
Сен- мына-
Сіз- сол-
Ол- осы
3- тапсырма. Берілген үлгі бойынша құрмалас сөйлем құраңыз.
Үлгі: Ауыл шаруашылығы өнімдері көп өндіріледі, өйткені елді азық-
түлікпен қамтамасыз ету керек.
Өйткені, сол себепті, сондықтан.
4-тапсырма. «Жері байдың- елі бай» тақырыбына шағын әңгіме
құрып жазыңыз.
Тыңдаймыз.Сөйлейміз.
Сұхбатты тыңдаңыз.
Медет пен Андрей не туралы әңгіместі?
Медет: - Сәлем, Андрей. Сен кеше не істедің?
Андрей: Сәлем, Медет. Мен кешкі сағат 8-дн «Қазақстан» телеарнасынан
ауыл шаруашылығы министрінің баяндамасын тыңдадым.
Медет: - Мен де тыңдадым, бірақ «Хабар»арнасынан көрдім.
Андрей:- Биылғы жылы жалпы егістік көлемі 21,2 миллион гектарды
құрапты. Оның 16,3 миллион гектарын астық дақылдары, соның ішінде
14,1 миллион гектарын бидай егістіктері алып жатқандығын айтты.
Медет:- Иә, агроөнеркәсіп секторын қаржылық қамтамасыз етуде барлық
шаралар қабылданған екен.
Андрей: - Биыл 177 миллиард теңге қаржы бөлініпті. Оның ішінде 94
миллиард теңге көктемгі дала жұмыстарына және орақ науқанына
жұмсалған.
Медет: - Биыл еліміз көп астық жинайды. Ауа райы да қолайлы болып тұр.
Бидай көп болады. «Жері байдың-елі бай» деген осы ғой.
10
Сөйлесім.
1.
Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз.
2.
Сұхбатты монолог түрінде айтыңыз.
Жазылым.
5-тапсырма.Есімшенің жұрнақтарын анықтаңыз.
Сөз тіркестерін құрастырып жазыңыз.
Үлгі: жырт-атын жер
Өсіретін-------------------, өндіретін---------------------
Өңдейтін-------------------, дамитын---------------------
Жинайтын----------------, себетін-----------------------
Қамтамасыз ететін----, бағалайтын------------------
Тігетін-------------------, жөндейтін-------------------
Өсетін -------------------, аулайтын---------------------
6-тапсырма.
Бастауыштан кейін сызықша қойыңыз.
1.
Қостанай еліміздің ең астықты өлкесі.
2.
Қарағанды көмірге, жезге, мысқа, түрлі-түсті металға бай аймақ.
3.
Шымкент мақтаға бай жер.
4.
«Бір уыс мақта» өте қызықты әңгіме.
7-тапсырма.
Етістіктерді ауыспалы осы шаққа қойып, сөйлем құраңыз.
Жинау-
Себу-
Жер жырту-
Қамтамасыз ету-
Даму-
Өңдеу-
Бағалау-
Өндіру-
Тыңдаймыз. Сөйлейміз.
8-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма.
Сұхбатты жалғастырыңыз.
-
Ата, Астанаға қашан барамыз?
-
Сенің демалысың болсын! Сол кезде барармыз...
-
Ата, Астана қандай қала?
-
Астана - Қазақстанның бас қаласы. Сарыарқа төріне салынған бар
қазақтың мақтанышы! Елбасының ерлігі, балам,соны ұмытпа!
-
Ерлік дейсіз бе...
-
.....
11
Жазылым.
8-тапсырма. Жоспарды пайдалана отырып, «Қазақстан- бейбітшілік
Отаны» тақырыбына шығарма жазыңыз.
Жоспар:
І. Кіріспе. Қазақ елінің бастамалары.
ІІ. Негізгі бөлім. а) Менің елім-Қазақстан.
ә) Елбасы.
б) Әлемге әйгілі – Қазақстан
ІІІ.Қорытынды. Тұғырың берік болсын, асқақ елім.
9-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап жазыңыз.
Мемлекет
деген ұғымды
қалай
түсінесіз?
Тәуелсіздік
бізді неге
жеткізді?
Қазақстан
қандай
елдермен тығыз
байланыста?
Отанға
деген
сүйіспе
ншілік
неден
бастала
ды?
10-тапсырма. Мәтінді оқып, синоним қатарын құрайтын сөздерді
теріп жазыңыз.
Қазақстан әлемге танымал ел. Қазақстанның тұңғыш президенті -
Н.Ә.Назарбаев. Біздің президент атақты адам. Ол 1991 жылы Елбасы
болып сайланды. Қазақстан халқы Елбасымызды құрметтейді. Әр
Қазақстан азаматы өз жерін, халқын сыйлайды. Желтоқсанның бірі -
Президент күні болып жарияланды. Туған жеріміз жыл сайын көркейіп
келеді.
11-тапсырма.Сандар бойынша мемлекеттік мерекелерді еске түсіріңіз.
1 ... -
16 ... –
8 ... -
22 ... –
12
1 ... –
7 ... –
9 ... –
4 ... –
6 ... –
30 ... -
12-тапсырма. Мәндес сөздерді сәйкестендіріңіз.
аудармашы - білу
бұрынғы кез - атақты
әйгілі - ежелгі
көңіл қою - айналысу
меңгеру - нандыру
шұғылдану - тәржімашы
сендіру - көңіл бөлу
13-тапсырма. «Қазақстан – қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздіктің осынау
айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым
ұстап, тізгінін бекем қаға білді» (Н.Ә.Назарбаев) деген тақырыпқа шағын
эссе жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |