Ладживерт яинджылык Мәдениет Министрлігі Баспасы Сертификат №1206-34-00356 Батыс классикалық әдебиеті -21



бет8/17
Дата07.01.2022
өлшемі183,54 Kb.
#16891
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Халық қаһарманы - Снелман

І Александр патшаның тұсында, фин мәдениетін дамытуға бел сыбана кіріскен жаңашыл топты Снелман басқарды. Бұл адамның өмірі жайлы сіздерге аздаған мағлұмат бере кетейін:

Йохан Вильгельм Снелман 1806 жылдың 12 мамырында, Стокгольмда дүниеге келіп, 1881 жылы шілденің 4-і күні Данскарбиде бақилық болған. Ол өз заманының үлкен ілім адамы, философ әрі танымал саясатшы болған. Снелманның атағы фин халқының мәдениетін көтеру жолында қыруар үлес қосқан ұстаздығымен кеңінен танылды. Ол өзінің сенімді достарымен бірге, халықтың рухани ұстазы ретінде батпақдала саналған Финляндияны «Ақ лалагүлдер өлкесіне» айналдырды.

Снелман бүкіл саналы ғұмырында: « Елімізді – Финляндияны ресей мен шведтер кез келген сәтте жаулап алуы мүмкін. Мұндай қуатты көршілерге қарсы мықты болу үшін, ең алдымен, мәдениет саласында олардан оқ бойы озық тұруымыз қажет» деп, отандастарын барынша рухани сілкініске үндеді.

Снелманың бастамасымен жарыққа шыққан «Сайма» газетінде өз отандастарына ол: « Біздің кішкентай ғана халық өзінің үлкен көршілерінен жоғары мәдениетке ие болған күнде ғана өзіне төнген қауіптен аман болады» - деп жиі қайталаған.

Финдер ұзақ жылдар бойы өз мәдениеттерінің дамуы үшін еңбек етіп, бүгінгі таңда Еуропаның көптеген мемлекеттерінен озық шығып, жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Сол жетістіктерінің арқасында Ресей мен Швецияға, өзге де алпауыт мемлекеттерге бағынышты болмай, өз тәуелсіздіктерін қорғай білді.

Снелман тәй-тәй басып келе жатқан фин халқынан шыққан алғашқы зиялы қауымның тамаша үлгісі бола алды. Оның бірнеше мұғалім, поп, адвокат және өзге де қызметкерлермен біріге отырып, халық арасында тәрбие мен білім саласының өркендеуіне қосқан үлесі сол кездегі крест жорығымен пара-пар еді. Бұл зиялы қауым туған халқына мынадай үгіт-насихат жүргізді:

«Зиялы болу дегеніміз - ерекше сән үлгісімен тігілген киім кию емес. Халық сендердің сауаттарыңды ашқанда, ертеден кешке дейін кафелерде көңіл көтеріп, түрлі құмар ойындар мен домино ойнасын деген жоқ.

Бұл қылықтарды жасағандар шын мәнінде ұлттың зиялы адамы емес. Олар зиялы қауым өкілінің рухы семіп, азғындаған түрі.



Оқыған, көзі ашық адамдар ұлттық сана-сезімді, ұлттық ар-ожданды, ұлттық рухты күшейтуі қажет. Ауыл тұрғындарына, қарапайым жұмысшылар мен қара халыққа жақсы өмір сүрудің жолын көрсетіңдер!

Халыққа шын жүректен, жанашырлықпен өмірдің мән-мағынасын үйретіңдер! Өздерінің және балаларының денсаулықтарын қалай күту керек екендігін, бақытты отбасылық өмірге қалай қол жеткізуге болатынын, ер адамның әйелге, әйелдің ер азаматына деген сыйластығын, балаларды дұрыс тәрбиелеудің жолын көрсетіп, халықты кез келген істі өз уақытында,тәртіппен жұмыс жасауға үйретіңдер. Оларға өзінің және өзгенің ақысына құрметпен қарауды насихаттаңдар!

Осының бәрінде алдымен өздерің үлгі болыңдар! Өз араларыңда және халықпен қарым-қатынаста тәрбиеші болыңдар! Суомиді бір отбасы деп санап, мынаны естеріңде сақтаңдар: Бұл өлкенің ең төменгі от жағатын қызметшісінен бастап, жесір әйелдің өзі Фин халқының бір-бір өкілі және сендердің бауырларың екенін ұмытпаңдар! Халыққа тәрбие мен білім бере отырып, өткені тарих парағына енетін ұлттардың қатарына қосу – сендердің міндеттерің!

Естеріңде болсын, халқымыздың арасында мәдениетсіз, надан, маскүнем, ауру, қаңғыбастар болса, олар сендердің, яғни, зиялы қауым өкілінің кінәсі!»

Бар болғаны бес-он адамнан құрылған фин халқының мұғалімдері мен қызметкерлері, дәрігерлері ұлттың зиялы қауым өкілдеріне осылай үн қатып, жазбаша түрде үнпарақ таратты. Бұл топтың ішінде ерекше көзге түскен – Снелман болатын. Ол қыстыгүні «ski» деп аталатын шаңғымен, көктем мен жазда қайықпен, кейде жаяулатып, Финляндияны бір шетінен екінші шетіне дейін аралап, халықтың сауатын ашты. Өлкенің әр жерінде жас -кәрісіне қарамастан, зейінді адамдарды кездестірсе, олармен сұқбаттасып, кітаптар таратып, олардың мекен-жайын алып, хат алысып тұратын.

Снелман барған жерлерінде халыққа түрлі тақырыптарды талқылап, түсіндіріп, тыңдаушылардың көз алдына елестете отырып, шебер баяндайтын болған. Ол көбінесе ойын қарапайым мысалмен түсіндіретін:

«Еліміздің барлық елдімекендерін суару үшін бір – екі арық жеткіліксіз. Бір ғана үйдің бақшасын суаруға бұлақ көзі немесе іргесінде ағып жататын, құрғамайтын су бастауы қажет. Ал, рухани нәрден мақрұм қалған ұлтымыздың шөлін қандыру үшін бірнеше рухани бастауларға мұқтажбыз. Еліміздің барлық жерінде шөлдеген халықтың сусынын қандыратын жанды су көздері болу керек.» - дегенді жиі қайталайтын болған.

Снелман ақылды адамдарды кездестіре қалса, мұндай сәтті қалт жібермей, олардың рухын оятып, саналарын сілкіндіріп, олармен жиі хат алысатын болған. Хаттарында біріне насихат берсе, енді бірінің жасаған қателігін ескерте отырып, оларға жаңа міндеттемелер жүктейтін.

Снелман бір жерге барған кезде жанына білім беретін достарын алып, олармен пікірталас, басқосулар өткізетін. Ол достарына: « Білесіңдер ме, кендірден жіп иіреді, арқан өреді. Ол үшін алдымен кендірдің өте жіңішке талшығынан жіп жасап алады. Сонан соң, осы жіптерді қосып, қалың жіп иіреді. Бұл қалың жіптердің басын біріктіріп, кемелерді байлайтын арқан өреді. Біздің жасап жатқан қызметіміз де осы арқанға ұқсайды. Ұлтымыздың барлық зиялы қауым өкілдері « бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» , бірігеміз. Осылайша, екі миллион халқымыз үшін пайдалы болатын үлкен күш біріктіреміз» - дейтін.

Снелман жазғы демалыстарда жан-жақтағы мұғалімдердің басын қосып, екі-үш апталық семинарлар ұйымдастырған. Бұл семинарларға жүзден астам мұғалімдер қатысқан. Алғашқы кезде семинарға өз еріктерімен қатысатындар саны аз болған. Өлкенің шалғай жерлерінде қыс бойы жұмыс істеп, шаршаған мұғалімдер шынтуайтында өз мамандықтарына көңілдері тола қоймайтын. Тіпті, кейбірі « Бұл семинарлар тағы қайдан шықты? Мұғалімдерге семинар беру дегенді кім ойлап тапқан?» - деп күңкілдейтін.

Снелман бұның бәрін білетін, бірақ, оларға ашуланбайтын. Жазғы демалыс семинарында мұғалімдерге ол:

«Достарым, сендердің міндеттеріңнің ауыр екенін білемін. Алыс жерлерде қиыншылықтарға қарамастан, жанкештілікпен жасап жатқан еңбектерің халық тарапынан өз бағасын алмай жатыр. Материалдық жағдайларың да мәз емес. Бірақ, қолдан келер шара бар ма? Естеріңде болсын, біз халқымызды рухани ояту үшін жасалып жатқан істің әлі басында ғанамыз. Білім ордасының алғашқы қарлығаштарымыз. Ұлтымыздың сауатсыздығын жою жолында ауыр жүкті көтеруге тура келеді. Халқымыздың жарқын болашағы үшін жанкештілікпен еңбек етіп, тіпті, қажет болса, осы жолда құрбан боламыз. Себебі, біздің алға қойған мақсатымыз осындай жанкештілікті қажет етеді. Сізді де осыған шақырамын. Артық кетсем, кешіріңдер. Десек те, басқа мамандық түрлерінде кездескені сияқты сендердің араларыңда бұл мамандыққа ебі жоқтар кездеседі. Ондайлар өз мамандығының шебері болмақ түгілі, оны менсінбей, ұстаздықты тек күнкөріс көзіне айналдырады. Оларға айтар достық ақылым болсын. Мұғалімдікті тастап, өздеріне басқа жұмыс тапсын. Сауда-саттықпен немесе басқа іспен шұғылдансын. Ұстаздық сынды ұлағатты істі рухы мықты, көңілі ояу, ұлтын сүйетін нағыз шеберлер ғана істей алады. Осы орайда, еліміздің маңдайалды ілім адамдары сендерге бес-алты семинар беруге келісті. Сендер олардың айтқан ақылдарын тыңдап, білімдерінен пайдаланыңдар. Өз мектептеріңе барған кезде шәкірттерге семинарлардан үйренгендеріңді айтып, түсіндіріңдер. Осылайша олардың бойында білімге деген құштарлықты оятыңдар» - дейді.

Снелманның жалынды сөздерін естіген мұғалімдердің көбісі жігерленіп, халық арасында жайлаған сауатсыздық пен надандықты жою жолында оған көмек қолын созып, бірауыздан қолдау көрсетіп, ізінен ереді. Бұл ұстаздардың әрқайсысы біраз уақыт өткен соң, өздерінің тұрғылықты мекендерінде мықты мәдени-рухани күш орнатты. Көп ұзамай-ақ, Финляндияның әр –әр жерінен ұлтының жарқын болашағы үшін өз басын бәйгеге тігетін жігерлі, асқақ рухты жүздеген Снелмандар шықты.

Снелман мұнымен тоқтаған жоқ. Ол сүйікті өлкесі – Суомидің рухани тұрғыда оянуын тек қана мұғалімдерден күтіп, қол қусырып отырмады. Ол денсаулық, сауда, және өзге де саланың мамандары жиналыс жасап жатыр деп ести қалса, сонда барып, оларға:



« Халықты ұмытпаңдар! Сендер бәрің де халықтан шықтыңдар. Туған халқымыздың кем-кетігін, қателігін жөндеудің жолын қарастыруға бірге атсалысайық!

Халқымыздың рухын ояндырып, мәдениетімізді жоғарылату үшін қандай шара қолдануға болады, соны ойластырайық» - деп, оларды да туған өлкелерінің дамуына үлес қосуға шақыратын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет