ҚҰлажанов қ. С., Таусарова б. Р


Компоненттердің тепе-теңдік концентрациясын біле отырып СА, СВ, САВ



бет30/118
Дата07.03.2023
өлшемі0,92 Mb.
#72359
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   118
Байланысты:
??ëàæàíîâ ?. Ñ., Òàóñàðîâà á. Ð

60. Компоненттердің тепе-теңдік концентрациясын біле отырып СА, СВ, САВА+В=АВ реакциясы үшін есептеуге болады:
а) реакцияның тепе-теңдікконстантасын; б) Гиббсэнергия өзгерісін;
в) ішкі энергия өзгерісін;
г) реакция энтропиясы өзгерісін.
4- ТАРАУ. ФАЗАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
§ 4.1 Негізгі түсініктер мен анықтамалар
Қысым мен температураны өзгерткенде, зат бір агрегаттық күйден екіншісіне ауысуы мүмкін. Тұрақты температурада болатын бұл ауысуларды бірінші текті фазалық ауысулар деп атайды. Фазалық ауысу кезіндегі қоршаған ортадан алатын немесе қоршаған ортаға шығаратын жылу мөлшері фазалық аусудың жасырын жылуы болып табылады. Гетерогенді жүйеде химиялық өзара әрекеттесу жоқ, бірақ тек фазалық ауысу қарастырылса, онда тұрақты температура мен қысымдағы фазалық тепе-теңдік болады.
Фазалық тепе-теңдік бірнеше фазалар, компоненттер саныменжәне термодинамикалық еркін жүйенің дәреже санымен сипатталады.
Химиялық және физикалық қасиеттері, құрамы бірдей және бөлім беттерінің басқа бөлшектерінен шектелген жүйенің гомогенді бөлімі фаза деп аталады.
Жүйені фаза санына байланысты бір фазалы, екіфазалы, үшфазалы және көп фазалы деп атайды.
Компонент дегеніміз жүйенің құрам бөлшегі болып табылатын жеке химиялық зат; жүйеден бөлініп өздігінен бола алуға мүмкіндігі бар зат.


Компонент саны дегеніміз термодинамикалық жүйенің барлық фазалары түзілуіне және кез-келген фазаның құрамының математикалық бейнеленуіне қажетті жеке химиялық заттардың (компоненттердің) ең аз саны. Компоненттердің санына қарай бір компонентті, екі компонентті деп бөледі.
Жүйенің жағыдайы еркіндік дәрежесі (с) санымен сипатталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет