§ 4.4. Екі компонентті жүйелердің диаграмма күйі
Екі компонентті жүйелер үшін тұрақты қысымда Гиббс фазалар ережесі мына теңдеумен анықталады:
С = 2 – Ф+ 1 = 3 – Ф.
Мұнда тепе-теңдік фазаларының саны және еркіндік дәрежесі: Ф >3 (С= 0), С > 2 (Ф = 1).
Қатты фазасы бар екі компонентті жүйелердің диаграмма күйі балқу диаграммасы (термиялық анализ) деп аталады.Балқу диаграммасы жүйе күйінің қоспалардың балқу температурасынан тәуелділігін және олардың құрамын көрсетеді.Термиялық анализ температураның уақыттан өзгеру сипатына байланысты жүйені суытқандағы өзгерістер туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.Суытылу қисығына қарай екі компонентті жүйелер диагарммасын тұрғызады.
Диаграммалардың негізгі типтеріне: эвтетикасымен диаграмма, конгруэнтті және инконгруэнтті балқитын химиялық қосылыстары бар, қатты және сұйық фазаларда шектелген және шектелмеген ерігіштігі бар диаграммалар.
Сурет 4.2. Компоненттердің балқу диаграммасы. А және В ерімейтін қатты күйде.
ТА, ТВ – А және В таза компоненттерінің балқу температурасы
ТАЕ және ТВЕ ликвидус сызықтары деп аталады. Ликвидус сызығынан жоғары жүйе сұйық күйде болады ( 1 – фаза ).
С = 2 – 1 + 1 = 2 (жүйе бивариантты)
ТАЕ және ТВЕ екі фазалы жүйелерге сай келеді (А және В таза компоненттерінің кристалдары мен балқымалары.
С= 2 – 2 + 1 = 1 (жүйе моновариантты)
Е нүктесі эвтектика нүктесі деп аталады. Бірден екі компонент бір уақытта кристалданатын кез-келген құрамның балқымасы үшін бірдей ең аз тұрақты температурасы Те эвтектика температурасы деп аталады.
СД сызығы эвтектика түзуі немесе солидус сызығынан төмен балқыма болмайды. Е нүктесіне балқымадан тұратын және А және В екі қатты фазалар кристалдарынан тұратын (ф=3) жүйе құрамы сәйкес келеді.
С= 2 – 3 + 1 = 0 (жүйе инвариантты)
Достарыңызбен бөлісу: |