ҚҰлажанов қ. С., Таусарова б. Р


Өзіндік жұмыс тапсырмалары



бет35/118
Дата07.03.2023
өлшемі0,92 Mb.
#72359
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   118
Байланысты:
??ëàæàíîâ ?. Ñ., Òàóñàðîâà á. Ð

Өзіндік жұмыс тапсырмалары



  1. Фазалық тепе-теңдіктің жалпы термодинамикалық жағыдайларын айтыңыз.

  2. Фаза дегеніміз не? Мысалдар келтіріңіз.

  3. Компонент дегеніміз не? Мысалдар келтіріңіз.

  4. Термодинамикалық еркіндік дәрежесінің саны дегеніміз не?

  5. Жүйенің компонент саны қалай анықталады және еркіндік дәрежесінің саны не көрсетеді?

  6. Бір компонентті жүйе күйінің диаграммасында үштік нүкте дегеніміз не?

  7. Гиббс фазалар ережесін айтыңыз.

  8. Сыртқы факторлардан тек Р мен Т әсер ететін жүйелер үшін Гиббс фазалар ережесін жазыңыз.

  9. р=/(Т) координаталарында су күйінің диагараммасын бейнелеңіз және фазалардың қатар болу облысын көрсетіңіз.

  10. Клапейрон — Клаузиус теңдеуін жазыңыз және оған талдау жасаңыз.

  11. Термиялық талдау дегеніміз не? Балқу диагараммалары түрлері.

  12. Суытылу қисығы, кристалдану температурасы.

  13. Жай эвтектикамен диаграмма күйін сызыңыз және оны түсіндіріңіз.

  14. Үш компонентті жүйесінің құрамы Гиббс және Розебом әдісімен қалай бейнеленеді.

  15. Үш сұйық үшін бірі шекті және екеуі шексіз еритін сұйықтардың ерігіштік диаграммасы қалай болады.

  16. Үш сұйық пен екі сұйықтың ерігіштік диаграммасы қалай ажыратылады.

  17. Критикалық нүкте дегеніміз не. Жүйенің нүктесі қисықта, қисықтан тыс, критикалық нүктеде болғанда жүйенің еркіндік дәрежесі қандай болады.

  18. р=f/(Т) координаталарында су күйінің диагараммасын бейнелеңіз және фазалардың қатар болу облысын көрсетіңіз.

Есептерді шығару жолдары


Мысал 4-1. Мұздың 1o C балқу температурасының өзгерісіне қажетті қысым өзгерісін есептеу. 0o C-та мұздың балқу энтальпиясы - 333,5 Дж. г–1, сұйық су мен мұздың меншікті көлемдері Vс. = 1,0002 см3. г–1 және Vқ. = 1,0908 см3. г–1.


Шешуі: Мұздың балқуы кезіндегі көлем өзгерісі:
Vс. – Vқ. = 1,0002 – 1,0908 = –0,0906 см3. г–1 = –9,06 10–8 м3. г–1.
= –1,348 107 (Па. К–1) = –133 атм. К–1


Сонымен, қысым 133 атм жоғарылағанда мұздың балқу температурасы
1 градусқа төмендейді. "Минус" белгісі қысым жоғарылағанда балқу температурасы төмендейтінін көрсетеді.


Жауабы: Р = 133 атм.


Мысалы 4-2. 25o C сұйық бромның бу қысымын есептеу. Газ тәрізді бромның fGo - 3,110 кДж. моль–1.
Шешуі: Бромның Go - fGo [Br2 (г)] = 3110 Дж. моль–1.

Go = , бұдан P = 0,2852 атм.




Жауабы: P = 0,2852 атм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет